Жыныстық қатынастың алдын алу (тәрбие сағаты)



Дата03.12.2022
өлшемі323,19 Kb.
#54635

№7 мектеп-лицей

Жыныстық қатынастың алдын алу


(тәрбие сағаты)

Жетекшісі: Сәдуова Жанар


2022-2023 жыл
Тақырыбы:<Жыныстық қатынастың алдын алу>
Тренинг жоспары:
Мақсаты: Қыздардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өз- өздерін бағалау, ойлау
және қиялдау процестерін дамыту;
Ұл бала мен қыз баланың арасындағы қарым- қатынасты ажырата білу;
Қызға тән міндеттер мен өмірлік ережелерді сақтау;
Құрал- жабдықтар: қағаз, қалам, плакат, түрлі- түсті бояулар, стикерлер,
ноутбук;
Уақыты: 50 мин
I.«Есесіне мен…» жаттығуы
Мақсаты: Жылдамдыққа ұшқыр ойға мүмкіндік беру. Сонымен бірге өз - өздерін
бағалау деңгейлерін арттыру.
Нұсқау: Қыздар қанекей мінсіз адам болмайды демекші, өзіміздің қолымыздан
келмейтін істі не болмаса бір мінімізді айтып, бірақ есесіне мен… деп сөйлемді
жалғастырамыз.
Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»
Менің бойым аласа, бірақ та…

Қыз балалардың өз - өздерін бағалау деңгейін анықтау арналған сауалнама (10
минут)
II. Қыздарға арналған пікірталас видеоролигі ұсынылады.(10 минут)
Мақсаты: қыздарға сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға бар зейінімен, ойларын
ортаға салу;

III. Ойын «Бағалау орындығы»
Жүргізілуі: бір қыз бала орындыққа терісінен қарап отырады, айналадағы
қатысушылар ол қыз баласын қаншалықты танитындарын және оның теріс немесе
оң қасиеттерін айтады.
Мақсаты: қыз баланың бойында өзі білмейтін қасиеттерді сыртқа шығару. Өз-
өздерінің бағалау деңгейін көтеру;(10 минут)
IV.«Адамгершілік-ағашы» жаттығуы
Жүргізілу барысы: Қатысушыларға ағаштың суреті көрсетіледі. Әр қатысушы
өздерінің «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай
қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», - деген сұраққа жауап жазады.
Жылы, мейірімді сөздерді айтады, қыз баласына тән қасиеттерді айтып,солып
қалған ағашты жандандырады.(10 минут)
VI. «Белгісіз сөз» ойын жаттығуы (10 минут)
Өткізілуі: қағазға жасырылған сөздер ұсынылады, сол сөздерді қатысушы бір
қызға беріп, жұмбақтап мипаттау арқылы сол сөзді табу.
Мақсаты: оқушылардың сөзге тапқыр, жүйріктілігін анықтау;
Қыздарға кеңес бөлімі:
Әрбір бойжеткен немесе бозбалаға жыныстық өмірді тек жыныстық қатынастардың қауіпсіз және қатерлі тұстарын айырып, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті сезінгенде ғана бастауға болады. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс - бұл, бірінші кезекте, жыныстық қарым-қатынастан бас тарту, бір ғана кісіге адалдық сақтау және мүшеқапты қолдану. Ал қауіпті жүріс-тұрыс – бұл мүшеқапты қолданусыз жасалған жыныстық қарым-қатынас, жыныстық серіктердің көп болуы және жыныстық қатынас барысында есірткі және алкогольді қолдану. Соңғы уақыттарда жыныстық қатынасқа түсудің жас мөлшері айтарлықтай «жасарды». Урбанизацияның күшеюі, жастардың жыныстық қатынасқа қатысты көзқарастарының өзгеруі, материалдық қиындықтар сияқты жағдайлар отбасын құрмай тұрып, жыныстық қатынастарға түсуге әкеп соқтырады. Негізінде бұл мәселе жыныстық өмірді бастайтын екі адамнан да тең жауапкершілікті қажет етеді. Бірак, бұл жердегі ең осал тарап кыз жақтан болатынын ұмытпау керек. Сәйкесінше, әйел затында «Жүктілікті қай уақытқа жоспарлаған дұрыс?», «Бала тууға дайынмын ба?» деген сұрақтарға жауабы алдын -ала дайын тұруы керек. Жыныстық өмірге ерте ұрыну,контрацепция құралдары мен әдістері жайлы хабарсыз болу сияқты жайттар күтілмеген жүктілік, жасанды түсіктер, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырып алу сынды қайшылықтарға алып келеді.Жыныстық өмірді қай уақытта бастауды шешу - әр адамның жеке басының шаруасы. Егер екі адам жыныстық қатынасқа түсуді жоспарласа, алдын ала қорғаныс шаралары туралы ақылдасып алғаны абзал. ЖЖБИ мен күтілмеген жүктілікті болдырмаудың жолы - жыныстық қатынастардан бас тарту. Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады дауыс жуандайды терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкітер бездері дамиды қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды . Енді осы жыныстық қарым-қатынас дегеніміз не? Сол жайында тоқтала кетсек.
Ең бірінші - Үлгілі семья құру, өнегелі ұрпақ өсіру үшін халқымыз ерте кездентәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген.Соның ішінде жастарды отау тігуге даярлау,жыныс тәрбиесіне байланысты көп әнгімелер айтылады. Бала негізі семьяда жыныстық тәрбиенің әліппесін үйренуге тиіс. Егер ата-ана жыныстық тәрбиеге көңіл бөлмесе, ол өзінің баласы алдында парызын толық өтеді деп есептеуге болмайды.
Мектепте жыныстық тәрбиені дұрыс алмаған баланың келешекте көретін қиыншылығы көп болмақ.
«Рефлексия» кері байланыс орнату.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет