Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары «Қазақстан-2050»



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі20,08 Kb.
#17820
  1   2

Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары
«Қазақстан-2050» стратегиясы, жалпы реформалау мақсатында білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады, «Қазақстан-2030» заманауи білім берудің ең маңызды ұзақ мерзімді стратегияларының бірі деп танылды. Осы әдістемелік құралдың өзектілігі білім беру жүйесіне негізделген жаңғыртудың алдында тұрған, жаңа мақсаттары мен міндеттерін қарастырады. Бұған белгілі бір әрекет аясында, кешенді міндеттерді шешу ұсынылатын мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстанның Әлеуметтік жаңғыртылуы: жиырма қадам жалпыға бірдей еңбек қоғамы" тұжырымдамасында жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясын, «Рухани жаңғыру» және мәдени-білім беру жобасын "Поколение +" іске асыру үшін белгіленген білім беруді дамытудың қажеттілігін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие-балалардың, жасөспірімдер мен жастар үшін жағдай жасау, тәрбиедегі табысты тұлғаны дамыту, функционалдық сауаттылық курстарын ендіру, өлкетануды дамыту, студенттік және балалар мен жасөспірімдер спорт және туризмі, тәрбие компонентін күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие берудегі таптырмас құрал. Туризм – бұл табиғат орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу.

Туризмнің бағыттары алуан түрлі:

- ізденушілік-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқу-тақырыптық экскурсиялар;

- спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер;

- туристік жорықтар;

Оқушылардың туристік-өлкетану қызметі (ТӨҚ) – жеке тұлғаны қалыптастырудағы кешенді әсер етудің бірегей үлгісі. Онда педагогикалық ұйымдастыру жұмысының негізі дұрыс құрылған жағдайда, жеке тұлға тәрбиесінің барлық негізгі жақтары интеграцияланады: тәрбие, патриоттық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экологиялық және т.б..

Білім беру ұйымдарындағы туристік – өлкетану бағытындағы шаралар - оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады. Сонымен қатар, баланың сана–сезімін, ойлау қабілетін, зеректілігін дамытып қоймай, достыққа, жолдастыққа үйретеді.

Мектептегі туризм – ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторлардың бірі. Ғылыми әдебиеттердің арнайы теоретикалық–әдістемелік талдау, оқушылардың ой– пікір мониторингі, ата–анасының және туған турыстарының, дене шынықтыру, спорт және туризм саласында мамандармен тәжрибе алмасу мектептегі туризм перспективалары үлкен екенін көрсетеді.

Мектептегі туризмнің дамуы бір жағынан туризмге және дене шынықтыру сабақтарына халықтың үлкен контингентін тартады.

Оқушылардың өздеріне пайдалы жаңа сабақ қызықтырады. Олардың бос уақыттарын оптималды түрде жаңа тәрбиелеуді тану және сауықтырумен үйлесімді етіп ұйымдыстыру керек.

Оқушыларға жорықтар, саяхаттар, жарыстар, экспедициялар жақсы әсер етеді, ой-өрісін кеңейтіп, біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени жетістіктерін өз көздерімен көруге мүмкіндік береді, өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілігін мақтан тұтып, оқушылардың дағдылары мен іскерліктерін күнделікті өмірде және табиғатта дамытуға, барлық қатысушылардың бір ұжымда бірігіп жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Бір тәуліктік немесе бірнеше күн ішінде орындалатын жаяу жүру, велосипедпен серуендеу, жүзу құралдарымен саяхат жасау сияқты физикалық жаттығулардың формасы ретінде өскелең ұрпақты сауықтыратын басты құралдың бірі болып табылады. Егер бала бір немесе бірнеше күнге сапарға шықса, ол қаланың қапырық ауасынан, ерсілі-қарсылы көліктері сапырылысқан қарбалас тірлігінен құтылып, бой сергітеді.

Оқушы тұрғылықты үйінен, ата-анасынан жырақта жүріп жақындары мен төңірегіндегі адамдардың қадірін түсінеді. Түрлі жағдайларда өзі шешім қабылдап, жауапкершілікті ұғынады. Әртүрлі адамдармен сапарлас бола жүріп, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Ой өрісін дамытып, өзін солармен салыстыра бастайды.

Сапар барысында экстремалды табиғи жағдайлардан шығудың жолдарын үйренеді. Сіріңкесіз от жағу, жұлдыздар мен күнге, ағаш діңгектеріне қарап жол бағытын анықтау тәсілдерін меңгереді. Мектеп туризмінің басты ерекшеліктерінің бірі, оқушылар саяхат жасау барысында география, тарих, дүниетану, экология, биология, химия, физика, геометрия пәндері бойынша алған білімдерін пысықтап, қосымша білім алады.

«Туризм негіздері» үйірмесінің мүшесі үшін жаяу серуен мен туристік экскурсияның маңызы түсіндіріледі. Оқушы серуендеуге жаяу шықса, туған өлкесін, тұрған қаласының тарихын жетік біледі. Таза ауаның пайдасын түсінеді. Денсаулығына кең даланың әсерін, таулы жердің ауасының ерекше құдіретін, орманды жердің өзгешеліктерін салыстыра алады. Жаяу жүргенде жүрегі, өкпесі, қан айналымы жалпы барлық он екі мүшесіне пайдалылығын ата-бабамыз ертеден-ақ зерттеп кеткенін, бүгінгі күні адамдар аз қимылдағаннан кейін түрлі ауруларға ұшырап жатқанын оқып, танысып білетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет