Жұмыс бағдарламасы пән атауы «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» Мамандығы 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет1/11
Дата28.02.2022
өлшемі36,18 Kb.
#26648
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ




«Бекітемін»

Директордың ОӘЖ

жөніндегі орынбасары

__________Ф.Б.Тұртаева

«___»________2021ж



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән атауы «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика»
Мамандығы 0105000 «Бастауыш білім беру»

0105023 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»


Курс III
Семестр V, VI
Теориялық 26 сағат
Тәжірибелік 18 сағат
Барлығы 44 сағат

Ақтөбе 2021ж.

Жұмыс бағдарламасы ҚР БҒМ 2016 жылғы «22» қантардағы №72 бұйрығына негізделіп, «Бастауыш білім беру» мамандығының біліктілігі бойынша жасалды.

Арнайы пәндер пәндік- циклдік комиссиясының отырысында қаралды
Хаттама № ___ «___» _________20___ ж.
Төрайымы ___________ Ешмуратова З. Х.

(қолы)


Құрастырушы _____________ Хайрлиева Гаухар Муташевна




Түсінік хат
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика - 0105023 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша оқыту жоспарының ең негізгі пәндерінің бірі.

Жұмыс оқу бағдарламасы элементар математика және математикалық анализ бастамалары, геометрия, т.б. пәндерінен оқушылардың игерген білім, іскерлік, дағдыларына негізделеді.

Пәнді игеру нәтижесінде оқушы міндетті:

түсінігі болуы тиіс: аталған пәннің қолдану аясы туралы.

Білуі керек: - ықтималдылық теориясы мен комбинаторика негіздерін;

- кездейсоқ шамалар теориясы негіздерін;

- статистикалық тексеру мен тандаулы берілгендер бойынша үлестірім параметрлерінің статистикалық бағаларын;

- кездейсоқ шамаларды модельдеу әдісін, статистикалық сынақ тәсілін, ақпаратты өлшеуге лайықты ықтималдылық негіздерін.



Меңгеруі қажет:

- оқиға ықтималдылығын есепке алуды;

- кездейсоқ шама сипаттамаларын табуды және үлестірімді жазып отыруды;

- таңдалған берілгендер бойынша үлестірім параметрлерінің статистикалық бағаларын; - есептер шешімінің статистикалық сынағы әдісін тексеру,ақпаратты өлшеуді ықтимал әдістемесін.

Пәннің мақсаты:

- ықтималдықтар теориясы мен математикалық статтиканың негізі ұғымдары мен заңдылықтарын және олардың түрлі салаларда қолдануын зерттеу;



- математикалық талдаудың моделдеуі және ғылыми негізін кездейсоқ оқиғалар мен процесстерде олардың сипаттамалық қасиеттерін қолдану.

Пәннің міндеті: жоғары математиканы оқытудың міндеті математикалық түсініктерімен әдістерді келтіру арқылы студенттерге диалектикалық заңдардың қолданылуын, ғылыми жолдың мәнін, математиканың ерекшелігін және оның ғылыми-техникалық прогрестің жүзеге асуындағы ролін көрсету математикалық тұрғыда құрылған тапсырмаларды зерттеу және шешу амалдарына үйрету, алынған нәтижелерді талдау іскерлігін қалыптастыру, оларға әдебиеттерді дербес оқу дағдыларын беру қажет.

Курсты толығымен игерген оқушы білуі керек:

- негізгі комбинаторлық объектілер (таңдамалы) түрлерін;

- тандамалылар (таңдамалылардың әрбір жеке түріне) саны есебінің ережесі мен формуласын;

- оқиға себебінің операцияларын және алгебрадағы оқиғаның басқа да негізгі түсініктерді;

- ықтимал оқиғаларының жалпы түсінігін;

-шартты ықтималдылықтарды аксиоматикалық анықтауды; - ықтималдылықтың классикалық анықтауларын; Бернулли формуласын;

-оқиға қосындысы ықтималды оқиғаны есептеудің формулаларын;

-толық ықтималдылық формуласын және Байестің локальды, интегралды формуласын, Бернулли схемасындағы Муавра-Лаплас формуласын.

-статистикалық сынақ әдісінің маңызын; -статистикалық сынақ әдісі көмегімен жазық фигура аумағышамамен (бағалау) әдісін; -жазық фигура аумағын шамамен табудың (бағалау) сынақ статистикалық сынақ әдісімен санын алынған, нәтиже дәлдігі тәуелсіздігін.

- ықтималдылық пен жиілік түсініктері арасындағы арақатынасын;

-Бернулли формасындағы үлкен заңдар заңын;

- жиіліктегі ықтималдылықтың статистикалық бағасын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет