Жұмыс бағдарламасы (Силлабус) «6В10103-»



бет1/9
Дата12.01.2023
өлшемі492,15 Kb.
#61088
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




«Терапиялық және балалар стоматология» кафедрасы
Пәндік жұмыс бағдарламасы (Силлабус)
«6В10103-» Стоматология» білім беру бағдарламасы

1.

Пән туралы жалпы мағлұмат

1.1

Пән коды: BZhSP 4302

1.6

Оқу жылы: 2020-2021

1.2

Пән атауы: Балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы

1.7

Курс: 4

1.3

Реквизитке дейінгі:
Стоматологиялық ауруларды алдын алу.

1.8

Семестр: 7

1.4

Реквизиттен кейінгі:
Балалар терапиялық және хирургиялық стоматология.

1.9

Кредиттер саны (ECTS): 5 (150)

1.5

Цикл: КП

1.10

Компонент: ТК

2.

Пәннің сипаттамасы

Периодонтиттер мен пародонттың жіктелуі Түбірлік арналарды өңдеуге арналған құралдар Түбірлік арналарды ирригациялау. Тістің жұмыс ұзындығын анықтау. Тіс тамыр қуысын препараттау Тамырлы арналарды сүрту үшін қолданылатын құралдар мен материалдар. Тістің тамыр каналын сүрту әдістемесі. Балалардың эндодонтикалық техникасының ерекшеліктері Тістерді диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын физикалық әдістер. Пародонт тіндерінің үдемелі лизисі

3.

Суммативті бағалау:

3.1

Тестілеу+

3.5

Курстық жұмыс

3.2

Жазбаша

3.6

Эссе

3.3

Ауызша

3.7

Жоба

3.4

ОСПЭ/ОКТЕ және практикалық дағдыларды меңгеру +

3.8

Басқасы

4.

Пәннің мақсаты:

Балалар жасындағы стоматологиялық аурулардың этиологиясында, патогенезінде, клиникасында, диагностикасында, дәлелді медицина қағидаттарына және емдеу-диагностикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес ауыз қуысы ағзалары аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге білікті стоматологиялық көмек көрсетуде білім мен дағдыларды қалыптастыру.

5.

Оқытудың соңғы нәтижелері (пәннің ОН)

ОН1

Балалардағы жақ-бет аймағы мен ауыз қуысының құрылымдық ерекшеліктерін, тіс - жақ жүйесінің қалыптасу және қалыптасу мерзімдерін, балалардағы тістердің қатты тіндерінің кариозды және кариозды емес ауруларының этиологиясы мен патогенезін біледі. Тіс жегінің жіктелуі, оның асқынулары және балалардағы тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес зақымдануы.

ОН2

Тіс жегінің түрлі формаларын және оның асқынуларын, әртүрлі жастағы балалардың уақытша және тұрақты тістерінің тіс жегі емес зақымдануларын диагностикалау және дифференциалды диагностикалау дағдыларын көрсетеді.

ОН3

Балалардағы уақытша және тұрақты тістердің тіс жегісін және оның асқынуын әртүрлі әдістермен (реминерализациялайтын терапия, эмаль мен дентинді терең фторлау, АРТ-әдістеме, түрлі пломбалық материалдармен егеу және пломбалау) емдеу, балалардағы тіс жегінің жалпы емін тағайындау дағдыларын қолданады.

ОН4

Тістің қатты тіндерінің тіс жегі және тіс жегі емес ауруларының және олардың әртүрлі жастағы балалардағы асқынуларының алдын алу бойынша білім мен дағдыларды қолданады.

ОН5

Балалар қабылдауында әріптестерімен, медбикелермен және кіші қызметкерлермен, пациенттермен және олардың туыстарымен тиімді қарым-қатынас жасайды.

ОН6

Әр түрлі жастағы балаларға стоматологиялық көмекті диагностикалау, емдеу және ұйымдастыруда сандық технологияларды қолданады.

5.1

Пәннің ОН

Пәннің ОН-мен байланысты БББ оқыту нәтижелері

ОН1,ОН2,ОН3

ОН1 Ересектер мен балалардағы негізгі стоматологиялық аурулар бойынша негізгі және клиникалық білімдерін көрсетеді.

ОН4

ОН4 Негізгі стоматологиялық ауруы бар науқасты емдеу және аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін мақсатында қолданылатын диагностикалу жұмыстарын жүргізе алды.

ОН5

ОН5 Медициналық этика және деонтология қағидаттарын сақтайды, әріптестермен, мейірбикелермен және кіші қызметкерлермен, пациенттермен және олардың туыстарымен үш тілде қарым-қатынаста дәрігерлік қызметтің этикалық-деонтологиялық аспектілерін және әртүрлі жастағы топтағы пациенттер үшін психологиялық-педагогикалық сендіру әдістерінің нысандарын іске асыруға дайын.

ОН6

ОН6 Диагностикада, емдеуде және стоматологиялық қызметті ұйымдастыруда сандық технологияларды қолданады.

6.

Пән туралы толық ақпарат

6.1

Өтетін орны (ғимарат, аудитория):Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, "Хирургиялық және ортопедиялық стоматологиясы "кафедрасы. Әл-Фараби алаңы, № 2 корпус, I-қабат.
Электронды почта: ter.stom2022@list.ru






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет