ЖОСПАРЫ: І.КІРІСПЕ. ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 2.1. Туберкулез.
2.2. Тарихи деректер.
2.3. Қоздырушысы, төзімділігі.
2.4. Індеттік ерекшеліктері.
2.5. Дерттенуі, өтуі мен симптомдары.
2.6. Патологоанатомиялық өзгерістер.
2.7. Балау, емі және иммунитет.
2.8. Дауалау және күресу шаралары.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ. ІV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
I.КІРІСПЕ. Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т.б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күресу шараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады.
Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология.
Індет деп кез келген аурудын ауқымдытүрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса,бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.
Кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы аурумалдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малданкелесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді.
Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе — алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса — трансмиссивтік деп атайды. Коздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды,оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бул уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі.
Жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкенжерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сырткы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен,ауыз, желін, тұяқашасы, т.б. жерлерінде күлдіреуіктерқұрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады.
Ауруды балау (анықтау) жолдары бірнеше сатылардан құралады.Ауырған неме се аурудан күдікті малды білу үшін көпшілік жағдайда қан сарысуын зертханада зеттейді. Егер мал қанында ауру қоздырушысына арнайы денелер болса, олар анықталынып,байқалады. Сонымен қатар аурудың сыртқы белгілеріне, өлген мал өлексесіндегі ауруға тән өзгерістерге қарай анықтау қолданылады. Кейбір жұқпалы ауруларды қазіргі кезде арнайы анықтағыш затты (туберкулин, бруцеллин, маллеин, т.б.) тері ішіне енгізу арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Ауруды анықтауға мүмкіндік болмағанда, өзгеріске ұшыраған мүшелерін зертханада арнайы тәсілдермен тағы да зерттейді.