Жоба кәсіби стандарт:



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата24.03.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4

 

 

ЖОБА 



 

Кәсіби стандарт: «Педагог» 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.1      Кәсіби  стандарттың  концептуальды  негізіне  қазіргі  педагогтың 



жобасы алынған. 

1.2      Қолданыстағы  кәсіби  стандартта  төмендегі  терминдер  мен 

анықтамалар қолданылады: 

1.2.1     Тәрбие  –  әлеуметтік  нормативтік  жобаларға  сәйкес  қоғамдық 

және  мәдени  өмірге  қатысуға  дайындау  мақсатында  тұлғаның  мақсатты 

қалыптасуы. 

1.2.2     Біліктілікті  деңгей/біліктілік  деңгейі  –  қызметкердің  еңбек 

әрекеттерінің  күрделілігі,  стандартты  еместігі,  жауапкершілігі  мен  дербестігі 

өлшемдері  бойынша  сараланатын  қызметкердің  даярлығы  мен  құзыреті 

деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы. 

1.2.3     Біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  функцияларын  сапалы 

орындауға дайын болу дәрежесі. 

1.2.4     Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын 

біліктілікті деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.  

1.2.5     Ұлттық  біліктілік  жүйесі  –  еңбек  нарығынан  мамандар  даярлау 

сұраныс  пен  ұсынысты  реттеу  үшін  құқықтық  және  институционалды 

тетіктерінің жиынтығы. 

1.2.6     Біліктіліктердің  салалық  шегі  (БСШ)  –  салада  танылатын 

біліктілікті деңгейлерін құрылымдық сипаттау. 

1.2.7     Сала/негізгі  топ  –  өндірілетін  өнім,  өндіріс  технологиялары, 

негізгі  қорлар  мен  жұмысшылардың  кәсіби  дағдылары  ортақтастығы  тән 

кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы. 

1.2.8     Кәсіби  топ  –  жалпы  интеграциялық  негізі  (ұқсас  немесе  жақын 

тағайындау мақсаты, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) 

бар және оларды орындау үшін құзыреттерді талап ететін кәсіби шағын топтар 

жиынтығы. 

1.2.9     Кәсіби  шағын  топтар  –  еңбек  функцияларының  тұтас  жиыны 

және  оларды  орындау  үшін  қажет  құзыреттер  ретінде  қалыптасқан  кәсіптер 

жиынтығы. 

1.2.10  Кәсіби  стандарт  (КС)  –  кәсіби  қызметінің  нақты  саласында 

біліктілік  деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және 

жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт. 

1.2.11  Кәсіп  –  арнайы  дайындық  нәтижесінде  игерілетін  және  білім 

туралы  тиісті  құжаттармен  расталатын  белгілі  бір  білімді  және  практикалық 

дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі сабақтардың негізгі түрі.  

1.2.12  Еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше 

міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты ісқимылдар жиынтығы. 


 

 

1.3      Осы кәсіби стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылады: 



1.3.1     ҚР – Қазақстан Республикасы. 

1.3.4     НҚА – нормативтік құқықтық актілер. 

1.3.5     ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері. 

1.3.6     СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 

1.4        Кәсіби стандарттың сипаттамасы 

1.4.1   Кәсіби  стандарттың  ұлттық  біліктілік  жүйесі  төрт  негізгі 

элементтерінің  бірі  болып  табылады.  Білім  саласындағы  ұлттық  біліктілік 

шеңбері  (ҰБШ)  және  салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  деңгейлерін  есепке 

алады,  педагогикалық  кәсіптердің  білім  бағдарламалары  мен  модульдерін 

жасау  үшін, педагогтарды  сертификаттау  және олардың  біліктілік өлшемдерін 

сәйкестік  деңгейлері  бойынша  қалыптастыру  барысында  бағалау  материалын 

дайындау үшін негіз болып табылады. 

1.4.2   Кәсіби стандарт білім бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның 

ішінде  білім  ұйымдары  персоналын  оқыту  үшін,  білім  беру  ұйымдары 

қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау үшін арналған.  

1.4.3   Кәсіби  стандарт  педагогтың  біліктілігін  арттыруға  және  оның 

карьералық өсуін жоспарлауға арналған. Әр келесі деңгей оған дейінгі барлық 

деңгей көрсеткіштері жиынтығын асырады. Дескрипторлардың жинақтау және 

дәйекті  сипаты  оқыту  нәтижелерінің  деңгейден  деңгейге  сабақтастығын 

қамтамасыз  етеді.  Кәсіби  стандарт  формалды,  сондай-ақ  формалды  емес  және 

информалды  оқыту  нәтижелерін  тану  үшін  негіздеме  болып  табылады, 

бағалауға қолжетімділігі үшін және біліктіліктерді академиялық ортамен және 

қызметкерлермен тану үшін жағдай жасайды.  

1.4.4   Кәсіби  стандарт  педагог  біліктіліктері  білім  саласындағы  СБШ 12 

деңгейшелері  бойынша  және  ҰБШ  (5-тен  8  қоса  есептегендегі  деңгейлер)  4 

деңгейіне сәйкес үш жалпыланған көрсеткіші бойынша  сипатталатын кәсіптер 

төлқұжаты  мен  карточкаларынан  тұрады:  «білім»,  «іскерлік  пен  дағдылар», 

«тұлғалық  және  кәсіптік  құзыреттер».  12  деңгейшелердің  дескрипторлары 

педагогтың  орындалатын  еңбек  қызметтерінің  дербестік,  жауапкершілік  және 

күрделілік дәрежесін есепке алады: 

1)

 

дербестік дәрежесі «іскерлік пен дағдылар» жалпыланған көрсеткіште 



көрініс табады; 

2)

 



жауапкершілік  дәрежесі  «тұлғалық  және  кәсіби  құзыреттер» 

жалпыланған көрсеткішінде көрініс табады; 

3)

 

күрделілік  дәрежесі  «білімдер»  жалпыланған  көрсеткішінде  көрініс 



табады.  

1.4.5   Педагогтың 

кәсіби  стандартында  бес  еңбек  функциясы 

анықталады: 

1)

 

оқыту; 



2)

 

тәрбиелеу; 



3)

 

әдістемелік; 



4)

 

зерттеу; 



5)

 

әлеуметтік-коммуникативтік. 



1.4.6   5.1  және  5.2  деңгейшелері  үшін  алғашқы  үш  қызметтер  міндетті. 

 

 

Қалған деігейшелер үшін – барлық 5 қызметтер де. 



1.4.7  Кәсіби  стандартта  екінші  еңбек  функциясы  дескрипторлары 

деңгейлер  бойынша  ранжирленбеген.  Бұл  қызмет  барлық  деңгейлер  бойынша 

«бірдей» болып табылады және педагогикалық кәсіптің құндылығын көрсетеді  

1.4.8  В  концептуальную  основу  профессионального  стандарта  положена 

модель современного педагога. 

1.4.9  Кәсіби  стандарт  педагогикалық  біліктіліктердің  дамуына  қарай 

аталған стандартқа қосымша реттеуінде кәсіптің жеке карточкаларында көрініс 

табатын дескрипторларымен толықтырылуы мүмкін. 



 

2. Педагогикалық кәсіптің құндылығы 

 

Педагогтың  еңбек  күрделілігі  оның  «адам-адам»  кәсібі  түріне 



жатқызылуына  байланысты.  Педагогтік  іс-әрекет  –  бұл  бір  адамның  басқа 

адамға  тікелей  әрекет  жасауы  емес,  олардың  өзара  ықпалдастығы.  Сондықтан 

педагогтың әрекет объектісі педагогикалық үдеріс болып табылады, ал оқушы 

әрекет  жасау  объектісінен  әрекет  субъектісіне  ауысады.  Осының  негізінде 

педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалады: 

 



білімалушы тұл ғасын, оның құқықтары мен бостандығын құрметтеу; 

 



басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына 

толеранттылық білдіру; 

 

мәдени алуан түрлілігіне ашықтылығы; 



 

икемділігі, бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті; 



 

тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну; 



 

өз бетімен білім алу, аналитикалық және сың ойлау дағдылары; 



 

коммуникативтік және тілдік дағдылары; 



 

ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті. 



 

3. Кәсіби стандарт төлқұжаты  

 

3.1 Кәсіби стандарттың атауы: педагог. 



3.2  Кәсіби  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  педагогқа  қажет  іскерлік  пен 

дағдылар, білімдер мен құзыреттерді сипаттау. 

3.3  Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  стандарт  педагогикалық 

әрекетке қойылатын талаптарды қамтиды. 

3.4  Кәсіби  топ:  педагогикалық  қызметкерлер  (ҰБШ  және  СБШ  5-8 

деңгейлері). 

3.5  Кәсіби  шағын  топтар:педагогтар  (ҰБШ  және  СБШ  5-8  деңгейлері), 

білім саласындағы менеджерлер (ҰБШ және СБШ 7-8 деңгейлері). 

 

4. Кәсіптердің карточкалары  

 

4.1    Кәсіптер карточкаларының тізімі: 



 

 

4.1.1 «Педагог»  кәсіптің  карточкасы  –  СБШ  бойынша  5-8  біліктіліктер 



деңгейлері; 

4.1.2   «Білім саласындағы менеджер» кәсіптің карточкасы – СБШ 7 және 

8 деңгейлері. 

4.2  Кәсіптің  негізгі  карточкары  қолданыстағы  қәсіби  стандарттағы  1-

қосымшада келтірілген. 

4.3  Қосымша  кәсіптер  карточкалары  осы  кәсіби  стандартына  (еңбек 

нарығында  педагогикалық  біліктіліктің  дамуына  қарай  3,  4  және  т.с.с)  2-

қосымшада келтіріледі. 

 

 


 

 

«Педагог» 



кәсіптік стандартына  

қосымша 1 



 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Педагог» 

 

Кәсіп коды  



2310 

Кәсіп атауы  

педагог  

СБШ бойынша 

біліктілік деңгейі  

4 (деңгейшелері 4.1; 4.2). 

БЖ КС бойынша 

білітілік деңгейі  

Кәсіби білім деңгейі  



Орта білімнен кейінгі, (қолданбалы бакалавриат), практикалық тәжірибе;  

бакалавриатта кемінде екі жыл оқу немесе арнайы жоғары білім бағдарламаларын үш жыл игеру, 

практикалық тәжірибе* 

Еңбек функциялары: 

1) оқыту 

2) тәрбиелеу 

3) әдістемелік 

4) зерттеу 

5) әлеуметтік-коммуникативтік 

1-еңбек функциясы  

Оқыту 

 

Білім: 



Іскерлік пен дағдылар: 

4.1 


 

оқу пәні мазмұнын және оқыту 



бағдарламасы  

 



пәнді оқыту және оқу жетістіктерін 

бағалаудың теориялық негіздері 

 

жастық физиология, жас ерекшелік 



және жалпы психологияның 

теориялық негіздері  

тәлімгер жетекшілігімен 

 



мақсаттары мен міндеттері, күтілетін 

нәтижелеріне сәйкес сабақ жүргізеді  

 

білімалушылардың қажеттіліктері мен жас 



ерекшеліктерін есепке алу арқылы оқытудың 

әдістері мен тәсілдерін айқындайды  

 

өмір қауіпсіздігі негіздерін есепке алу арқылы 



 

 



өмір қауіпсіздігі негіздері  

 



 басқа және шетел тілдерін ерте 

оқыту әдістемесі 

оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын 

қалыптастырады  

 

 мақсатты тілді «В2- ортадан төмен емес деңгейде 



білу» (бастауыш мектептің тілдік пәндер мұғалімі 

үшін) 


 

тілдік пән бойынша өз бетімен сабақ жүргізеді 



4.2 

 



оқу бағдарламасын кеңейтетін 

қосымша ресурстар  

 

пәнді оқыту және оқу жетістіктерін 



бағалау әдістемесі 

 



жастық физиология, жастық 

психология, білімалушылардың жеке 

ерекшеліктерін есепке алу арқылы оқу 

әрекетін ұйымдастырудың қағидалары 

мен әдістері  

 



 басқа (екінші) тілді оқыту 

әдістемесі;  

 

шетел (үшінші) тілді оқыту 



әдістемесі;  

 



 көптілді білімнің 

билингвизм/көптілділік негіздері, 

әріптестермен өзара ықпалдастықта  

 



оқу бағдарламасын кеңейтетін қосымша 

ресурстарын қолдану арқылы сабақ өткізеді 

 

білімалушылардың өзіндік реттеу дамуын 



қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен тәсілдерін, 

оқу жетістіктерін өз бетімен бағалау және өзара 

бағалау әдістерін қолданады  

 



білімалушылардың жеке ерекшеліктерін есепке 

алу арқылы оқытуда жеке көзқарасты іске асырады 

 

 



кіші мектеп жасындағы балалардың меңгерілетін 

(басқа, шетел) тілдегі коммуникацияға бейімделуі 

үшін тәлімгермен қоса жағдай жасайды

  

2-еңбек функциясы  



Тәрбиелеу 

Білім: 

Іскерлік пен дағдылар: 

4.1 


 

балаларды оқыту мен дамытудағы 



тәрбиелеудің басым рөлі түсіну; 

 



балаларды тәрбиелеудегі 

үлкендердің жеке үлгі болудың басты 

рөлін түсіну; 

 



педагогикалық тактты, педагогикалық этика 

ережелерін сақтайды; 

 

білімалушылар тұлғасына сыластықпен қарайды; 



 

білімалушылармен өзара қарым-қатынаста 



демократиялық стильді сақтайды; 

4.2 


 

 

 



«оқытып тәрбиелеу» жалпы 

дидактикалық принциптерін іске 

асыру әдістері мен тәсілдері; 

 



мектепке дейінгі педагогика және 

бастауыш мектеп педагогика 

ерекшеліктері; 

 



гуманистік педагогиканың қазіргі 

тұжырымдамалары; 

 

мектепке дейінгі және/немесе кіші 



мектеп жасындағы балаларды 

тәрбиелеудегі қазіргі денсаулықты 

сақтау технологиялары; 

тәрбиелеудің үзіліссіздік және 

синкреттілік принциптері 

 



білімалушылардың өзің-өзі оң 

бағалауды, тілдерді меңгеру 

мотивациясын, азаматтық 

сәйкестендірілуін және 

лингвистикалық толеранттылығын 

қалыптастыру тәсілдері; 

 

көпмәдени және көптілді ортада 



әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясы 

мен практикасы 

 

жоғары әлеуметтік құндылықтарын, гуманистік 



педагогика идеяларын қолдауын көрсетеді

 



жалпы адами және ұлттық құндылықтарының 

біріккен жүйесіне қатысын көрсетеді; 

 

Қазақстанның ұлттық басымдықтарын есепке алу 



арқылы тәрбие үдерісін қалыптастырады; 

 



дискриминация, экстремизмнің кез келген 

түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді 

 

 білім қажеттіліктері ерекше тұлғаларға (оралман 



балаларына, Қазақстанның резиденттері емес 

тұлғаларға, ұлттық шағын топтар балаларына) 

педагогикалық қолдау көрсетеді; 

 



оқыту мен тәрбиелеуде көпмәдени көзқарасты 

іске асырады; 

 

басқа мәдениетке, басқа өмір салтына толерантты 



көзқарасты қалыптастырады 

3-еңбек функциясы    



Білім: 

Іскерлік пен дағдылар: 

 

Әдістемелік  

 

4.1 


 

отандық және шетел білім жүйелерін 



дамытудың қазіргі үрдістері; 

 



білім саласындағы ұлттық 

заңнаманы (Бала құқығы туралы 

конвенция, ҚР «Білім туралы», «ҚР 

бала құқықтары туралы», «Неке және 

отбасы туралы», «Мүмкіндіктері 

шектеулі балаларды әлеуметтік және 

медициналық-педагогикалық 

коррекциялық қолдау туралы», 

«Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету 

туралы», «ҚР тілдер туралы» 

заңдарын, ҚР еңбек кодексін  

 



білім ұйымдары әрекеті мәселелері 

бойынша басқа нормативтік құқықтық 

актілерді); 

 



МЖМБС, типтік оқу жоспарлары 

мен типтік оқу бағдарламалары  

 

Оқу материалдардың 



құрастырылуына қойылатын талаптар 

(қысқа мерзімді жоспарлар) 

академиялық ортада қолданылатын 

тілдер 


 

оқытылатын тіл пәні бойынша 



типтік оқу бағдарламалары; 

 



оқытылатын тіл пәні бойынша 

сабаққа арналған оқу материалын 

таңдау  

 тәлімгер жеткшілігімен  

 

заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге 



сәйкес педагогикалық әрекетті ұйымдастырады  

 



оқу бағдарлама талаптарына сәйкес оқу 

сабақтарын жоспарлайды  

 

өз кәсіби даму траекториясын анықтайды  



 

есеп құжаттарын рәсімдейді  



 

АКТ-құзыреттілігінің жалпы тұтыну деңгейін 



игерген: 

Мәтіндерді теруді және шығаруды іске асырады, 

интернет көздерінен ақпаратты таңдайды; 

Оқушыларды оқыту үшін компьютерлік танстыру 

рәсімдері мен ресурстарын дайындайды  

 



Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пәнге 

бағдарланған ақпараттың жалпы мәңін түсінеді  

4.2 

әріптестермен өзара ықпалдастықта  



 

Оқу сабақтарын, оқу бағдарламасы, нормативтік 



актілер талаптарына сәйкес және 

білімалушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу 

арқылы жоспарлайды  

 



Кәсіби даму траекториясына сәйкес өз кәсіби 

деңгейін артады  

 

Есеп құжаттарын рәсімдейді және талдайды  



 

АКТ-құзыреттіліктің жалпы педагогикалық 



деңгейін игерген: 

Дайын оқытатын және ойын бағдарламаларын, веб-

ресурстарды, дағдыларды қалыптастыру үшін 


 

 

арналған тренажерларды таңдайды және 



қолданады; 

Жұмысты, компьютерлік сынып жағдайында 

немесе АКТ құралдарын қолдану арқылы 

ұйымдастырады; 

АКТ білім нәтижелеріне жету үшін, бағалау іс-

шараларын іске асыру үшін, тақырыптық 

жоспарлар мен бар (дәстүрлі) оқыту әдістерін 

орындау үшін қолдана алады  

 

Пәнге бағдарланған ақпаратты қазақ, орыс және 



ағылшын тілдеріндегі ақпаратты кәсіби әрекетте 

қолданады  

4-еңбек функциясы  

Зерттеу 


 

Білім: 

Іскерлік пен дағдылар: 

4.1 


 

Зерттеудің жалпыланған нәтижелері   



 

Тәлімгер жетекшілігімен  

 

өз практикасында зерттеудің жалпыланған 



нәтижелерін бағдарлайды  

4.2 


 

зерттеудің мақсаттары мен 



құралдары  

 



CEFR(«CommonEuropeanFramework

ofReference:Learning, Teaching, 

Assessment» мәңі – шетел тілін 

меңгерудің «Жалпы еуропалық 

құзыреттері: игеру, оқыту, бағалау») 

әріптестермен өзара ықпалдастықта  

 

алғашқы диагностика әдістерін қолданады  



 

 тәлімгер жетекшілігімен кіші жастағы мектеп 



оқушыларының сөйлеу әрекетінің төрт түрі 

бойынша тілдік құзыреттерін бағалау өлшемдерін 

қалыптастырады;  

 



кіші жастағы мектеп оқушыларының сөйлеу 

әрекетінің төрт түрі бойынша тілдік құзыреттерін 

бағалау үшін өлшемдерін өз бетімен қолданады 

5-еңбек функциясы  

Әлеуметтік-

 

Білім: 



Іскерлік пен дағдылар: 

4.1 


 

педагогикалық этика ережелері; 



 

тәлімгер жетекшілігімен  



 

коммуникативтік 

 

білімалушылармен педагогикалық 



өзара ықпалдасудың принциптері мен 

әдістері; 

 

қызметшілер ұжымында жұмыс 



жасау принциптері мен әдістері; 

білімалушылар атааналарымен жұмыс 

жасау принциптері мен әдістері  

 



көпмәдени ортадағы қарым-қатынас 

педагогикасы мен психологиясы 

 



 



педагогикалық этика ережелерін жетекшілікке 

алады 


 

кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас негіздерін 



білу қабілетіне негізделіп, өз іс-әрекетін 

қалыптастырады  

 

 сынып және әдістемелік бірлестік аясында кәсіби 



диалогтарға қатысады  

4.2 


әріптестермен өзара ықпалдастықта  

 



оқушылар, педагогикалық ұжымда, атааналармен 

ізгі ниетті өзара қарымқатынастарды 

педагогикалық өзара ықпалдастық принциптері 

менө әдістері негізінде қалыптастырады  

 

кіші мектеп жасындағы балаларды басқа және 



шетел тілдерін қосымша оқыту жүйесіне 

(кружоктар, балалар қоғамдастықтары) өз бетімен 

тартады 

Жеке құзыреттерге 

қойылатын талаптар  

 



оқушы тұлғасына сыйластықпен қарайды және оқушылардың білім жетістіктеріне оңтайлы үлес 

қосады. 


 

оқыту барысында әріптестермен ізгі ниетті өзара қарым-қатынас маңыздылығын түсінеді  



 

мектептің педагогикалық қоғамдастығы жағдайында жұмыс жасай алады. 



 

өзінің жеке практикасын рефлексиялай алады, өзгерістер еңгізе алады. 



 

құрылымдық сың мен ұсыныстарға барабар көзқараспен қарайды. 



 

Жеке қәсіби даму туралы көзқарасы қалыптасқан және өз білімдерін жетілдіруге үнемі 



ұмтылады. 

 



Инновациялық мектеп практикасын зерттейді және бағалайды, сондай-ақ зерттеу нәтижелері 

мен басқа сыртқы көздерін өз практикасы мен әріптестер практикасын жетілдіру мақсатында 

қолданады. 


 

 



Педагогикалық зерттеулер әдіснамасын біледі. 

 



Өзінің жеке практикасын талдай алады және ол туралы пікір қалыптастыра алады. 

 



Тиімді мектеп практикасына жету мақсатында жоспарлау үдерісін жетекшілік ету үшін 

жауапкершілікті қабылдайды 

 

 кәсіби тұрғыда өсу мақсатында әріптестермен ынтымақтастық ету дайындығы; команда болып 



жұмыс жасау қабілеті, әлеуметтік, мәдени және жеке айырмашылықтарды толерантты түрде 

қабылдау; 

 

мемлекеттік және басқа тілдердегі табысты және оңтайлы іскерлік коммуникацияға қабілеті; 



 

коммуникабельділігі, толеранттылығы; 



СБШ шегіндегі басқа 

мамандықтармен 

байланыс  

Білім саласындағы менеджер 

Кәсіп коды  

2310 


 

Каталог: doc
doc -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
doc -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
doc -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
doc -> №3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет