Жоғары мектепте оқыту технологиялары



бет1/16
Дата10.03.2022
өлшемі103,47 Kb.
#27504
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жоғары мектепте оқыту технологиялары Оқыту технологиясы жоғары мектепте оқу үрдiсiне қажеттi әдiс, тәсiл, амал, дидактикалық талап секiлдi психологиялық iс-әрекеттердiң жүйелi кешенi ретiнде пайдаланылады. Ол студенттердің тәртiбiне, оқуға ынтасына, оқу iс-әрекетiне игi әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, оқытушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қызметi болып табылатын педагогикалық iс-тәжiрибенiң нәтижелiгiне, жинақтылығына ұтымды әсер ететiндей оқу-тәрбие үрдісiнiң басты күре тамырының ролiн атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісiнiң шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесiмдiлiгi оқыту мен тәрбиенiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жанды құрамдас бөлiгi (компонентi). Бiр технологияның өзi әртүрлi атқарушылардың шеберлiгiне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкiн. Білім берудегі кез-келген инновациялық технология қалыптасқан ресми қалыптардан шығып және балама ретінде бағаланды, ал жаңашыл-ұстаздар 80-жылдардың аяғына дейін қудаланды. Нәтижесінде жаңаның бәрі балама ретінде ұсынылды. Оның негігі міндеті – дәстүрлі тұрғымен күресу және жеңу. Ол сында, бұзуда күшті және таратуда сенімсіз, сондықтан да «жүйеге қарсылық» қалаудан босады. Сондықтан да балама білім беру көпнұсқалы білім берудің дамуында жетілу кезеңінде болды. Қазiргi кезде әдебиеттерден қазiргi заманғы бiлiм берудiң даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендiгi мәлiм

2. Жүйелiлiгi. Педагогикалық жүйенiң барлық бөлiктерiнiң логикалық байланыста болуы шарт.

3. Басқаруға ыңғайлығы. Диагностикалы байқау жасауға, жоспарлауға, нәтиженi өңдеу, өзгерiс енгiзу мақсатында әдiс-тәсілдердi кезектеп пайдалану мүмкiншілігі болуы керек.

4. Тиiмдiлiгi. Білiм беру стандартын қанағаттандыруы тиiс.

5. Қайталата жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкiндiктiң болуы.

Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады: педагогикалық қарым-қатынасын демократиялық және iзгiлiк негiзiнде құру педагогикалық технологиясы: ынтымақтастық педагогикасы; iзгiлiктi-тұлғалы оқыту технологиясы; адамгершiлiктi қалыптастыруға негiзделген әдебиеттi оқыту жүйесi (Е.Н. Ильин).

Инновациялық технологияны қолдану төмендегiдей кезеңдер арқылы iске асады: оқып үйрену; меңгеру; өмiрге ендiру; дамыту. Инновациялық технологиямен жұмыс iстеу үшiн төмендегiдей алғы шарттар қажет: оқу үрдiсiнде интерактивтендіруді жаппай қолға алу; сабақ үрдісінің ғылыми-әдiстемелiк, оқыту әдiстемелiк, ұйымдастырушылық себептерiне үнемi талдау жасап, назарда ұстау; білім мазмұнын зерттеп бiлу, пәндiк білiм стандартымен жете танысу, бiлiмдi деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы студенттерге бiлімдi мемлекеттiк стандарт деңгейiнде игертуге қол жеткiзу; оқыту үрдiсiн iзгiлендiру мен демократияландыруды үнемi басшылыққа алу Өйткенi оқыту тәрбиенiң негiзi. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екi түрлi мағынада қарауға болады. Бiрiншiсi жоғары мектепте арнайы пәндердi оқыту. Екiншiсi - өмiрде оқыту, өмiрге үйрету. Сондықтан жоғары оқу орнының оқытушыларынан бұл мәселенi жан-жақты үрдiс ретiнде қабылдауын және инновациялы технологияны пайдалануға ықпал ететiн көптеген шартты жағдайларды танып бiлуi талап етiледi. Зерттеуiмiздiң ғылыми болжамына сәйкес ЖОО студенттерін кәсіби даярлауға оқытудың инновциялық технологияларының қолайлы әсерін өзара әрекеттің түрлерін дамыту негізінде қамтамасыз ету ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар кешенін орындағанда жоғары эффективтілік деңгейін қамтамасыз етеді. ЖОО студенттерін кәсіби даярлау үрдісіндегі маңызды реформалау бағыты көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша инновациялық білім беру технологияларын енгізу және кең түрде қолдану. Білім беру технологиясының мәселелері өзекті және В.П.Беспалько, О.В.Долженко, В.В.Гузеев, Д.Ш.Матрос, Л.С.Падымов, В.А.Сластенин, Г.К.Селевко, В.Е.Шукшунов және басқалар зерттеулерінде көрініс табуда.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың негізіне жататындар:

- әpбip студенттің жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологиялар:

- ынтымақтастық педагогикасы;

- білім берудің ізгілендіру технологиясы;

- проблемалы оқыту технологиясы;

- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;

- түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы;

- деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

- міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту технологиясы;

- жобалап оқыту технологиясы.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, студентке iзгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері: оқытушы – студент, - оқытушы, – студент, яғни студент те, оқытушы да субъект;

- студенттің жеке басына деген iзгіліктік қарым-қатынас;

- студент пен оқытушы арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас /115, 116/.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты – студенті азамат етіп тәрбиелеу, студенттің танымдық құндылығын қалыптастыру және дамыту, студенттің жаны мен жүрегіне жылулық ұялату

Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – студентті өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- студенттің белсенділіктерін арттыру;

- оқу материалында студентті қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

- студент материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов болып табылады. Tipeк белгілері арқылы оқыту технологиясы темендегідей мақсатты көздейді:

- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

- барлық студентті оқыту;

- оқытуды жеделдету.

Tipeк бeлгiлepi арқылы оқыту технологиясының epeкшeлiктepi:

- үнемі қайталау, мiндeтті кезіндегі бақылау, жоғары


дeңгeйдeгi қиыншылық, блокпен оқыту, тірегін қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- iзгілік, еркімен оқыту;

- әр студенттің жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бipлiгi

Tүciндіpе басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы – жаңашыл мұғaлiмдepдiң бipi, ресейлік мұғaлiм С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық студентті табысты оқыту /128/. Tүciндipe басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

- оқу материалдарының бipiздiлiгi, жүйелілігі;

- саралау, әр студентке беретін тапсырманың қолайлығы;

- бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, киын такырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

- - бірте-бірте толық дербестікке жету;

- топта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

- студенттің қателігін ескерту, бipaқ еш жазғырмау;

- үй тапсырмасы тек әр студенттің мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;

- білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;

- түсіндіруді қабылдауМіндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік-саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

- білімнің базалық деңгейінің барлық студенттер үшін міндеттілігі;

- студенттерге берілген тапсырманың саралануы: тапсырма студенттің күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;

- білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде студенттің бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;

- студентке оқу деңгейін таңдауға өріс беру;

- студент өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға epiкті.

Модульдік технология дамыта окыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудін жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі:

- акпараттардың аяқталған блогынан;

- бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан;

- студент ic-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан турады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет