Қазақ халқының қалыптасуы.
“Қазақ” этнонимі. Қазақ жүздері.
Жоспар:
1.Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары.
2.Қазақ халқының этникалық аумақтың және біртұтас тілдің қалыптасуы.
3.Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы.”Өзбек” және “Қазақ” ұғымдарының арақатынасы.
1.Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары.
Проблемалық жағдайға талдау
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер «қазақ» терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді казахия түсіндіреді және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс. Қасиетті жылнамада” (13 ғ.) айтылған бұл қоссөзді ұғым арбаны білдіреді. Кезінде А.А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш дәлелі жоқ. Себебі, синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да, “хасаг-терген” термині Қазақстанда мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Сұрақ: Қазақ сөзінің мағынасы?
Жауап:
Сұрақ:Қазақ сөзі қай ғасырдан бастап қолданылды?
Жауап:
Проблемалық жағдайға талдау
Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас. Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны құсырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген.. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды.Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.
Сұрақ:Қазақ халқының қалай қалыптасты?
Жауап:
Сұрақ:Қазақ халқы қай ғасырда шыға бастады?
Жауап:
Проблемалық жағдайға талдау
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.
Сұрақ:Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қай топқа жатады?
Жауап:
Сұрақ:Қай ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптасты?
Жауап:
Тарихи жағдайға талдау
Петр Рычков қазақтарды "қырғыз-қайсақ" ұғынып, "қырғыз" және "қайсақ" сөздерінің мәнін түсіндірген. Ол қырғыз – далада жүретін, үйсіз адам, ал казак – бөлінген, келіп қалған деген мағынаны береді деп жазады. Ал қазақ халқының шығуына қатысты "олардың Алатау қырғыздарынан шыққанына еш дау жоқ" дейді.Василий Татищев "қазақ" сөзін "қашқындар" деп түсіндіреді. Тарихшы Иоганн Фишер қазақтарды қырғыздармен түбі бір халық деп есептеп, қырғыздарды – бурут қырғыздары, ал қазақтарды – қырғыз козактары деп атайды, козак – халықтың атауы емес, татар тілінде отбасы жоқ немесе тұрақты баспанасы жоқ адамды білдірген деген тұжырымға келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ халқының қалыптасқан уақытын 15 ғасыр деп көрсетеді. Ал "қазақ" атауының мағынасын Құдайбердіұлы "өз еркімен жүретін" деп түсіндіреді де, одан әрі ол әр рудан құралған деп жазады. Шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да өз еңбектерінде "қазақ" атауына тоқталған. Көпейұлының дерегінше, "қазақ" деген кеше мен бүгін қойылған ат емес, заман-заманнан айтылып келе жатқан ат. Араб тілінде "ұғызақ" деп жазылған, шағатай түркісінде "хазағ" деп жазылған, өзіміздің жуан тілде "қазақ" деп жазылған. Мұхамеджан Тынышбаев "қазақ" сөзі мен қазақ халқының шығуы, пайда болған кезеңі туралы өзіне дейінгі кейбір авторды сынап, енді кейбірін қолдап мынандай түйін жасаған: 15 ғасырда "қазақ" атауы Сібір мен Түркістан көшпенділері арасында тараған; "қазақ" сөзінің мағынасына қатысты айтылатын "қарақшы", "кезбе", "еркін" және басқа да пікірлердің қисыны жоқ дей келе, "қазақ" сөзінің мағынасын іздеу ешқандай нәтиже бермейді. Өйткені "орыс", "араб", "француз", "ағылшын" сөздерінің мағынасы да ешқандай нәтиже бермеген.
Сұрақ:Не себепті әр ғалым ақын шежіреші қазақ атауын әр түрлі болжамдады?
Жауап:
Сұрақ:Қазақ сөзінің ең алғашқыдағы мағынасы қалай?
Жауап:
Тарихи жағдайға талдау
"Қазақ" терминін ерте заманға апарып тірегін әйгілі ғалым А.Ната.Бернштам 1910-1956, болды. "қазақ" сөзінің шығу төркіні мен қазіргі мағынасын екі дәуірге бөле қарайды. Яғни, "қазақ" деген сөздің түп-төркіні ежелгі замандағы каспи және сақ тайпасының бірігуінен пайда болған десе, ал "қазақ" сөзінің қазіргі мағынасы ("еркін адам", т.б. дегендер) кейін шыққан ұғым деп тұжырымдайды. Семёнов, Александр Александрович -Арба немесе күймені ғұндар мен қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздірінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді . С.Мұқан “Қазақ”- деген сөз “Қас” және “сақ” деген сөзден құралған.(занғар жазушы Қазақ сөзін Сақ тайпасының заңды мұрагері деп атауыда сол тайпадан шыққан деп меңзепті) Абай Құнанбай Араптар 8-ғасырда Қазақ даласында Араптар Ислам дінін жайуға келгенде Қазақтарды “Хибани””Хұзағи” (көшпенділер)-деп атапты. Араптың бір ханы Қазақтардың шұбап келе жатқан түйелі көшін көріп, қаз қатар тігілген кигіз ұйлерін көріп “Бұлар қаз-ақ екен деп. Қаз құсқа теңепті содан кеиін бұл қазақтар Қазақ атанып кетіпті деген аңызды қара сөзінде жазып қалдырған екен. Н. Мыңжанұлы Атақты «Алтын тас» кітаптарында «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандук», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы, қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну», «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді
Тапсырма: Қазақ сөзі мен оны қай ақын ғалым айтқанын табу
Казахия
Хұзағи
Қашақ
Қазғану
Ерлік істеу
Еркін адам
Хазағ
Талпыну
Қаз
Сақ
Кезбе
2.Қазақ халқының этникалық аумақтың және біртұтас тілдің қалыптасуы.
Проблемалық жағдайға талдау
Моңғолдан кейiнгi кезең (14 — 15 ғ-лар) Шығ. Дештi-Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстанның кең аумағындағы көшпелi және жартылай көшпелi, отырықшы-егiншi халықтың бас қосып бiрiгуiмен сипатталады. Бiрыңғай халық пен оның мемлекеттiгiн құру жолындағы тарихи қам-харакеттiң дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау iсiнiң аса қиын жағдайында өтедi. Моңғол империясы ыдырағаннан кейiнгi кезеңiнен соң осы аймақ халқының саяси өмiрiнiң дамуы жергiлiктi этн. негiзде пайда болған бiрнеше мемл. құрылымның оңашалануы арқылы өтедi: олар Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлхайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы. 14 ғ. мен 15 ғ-дың бас кезiнде Қазақстан халқының мемл. бытыраңқылығының сақталып қалуы — жаңадан ғана құрыла бастаған қазақ халқының этн. даму жолының, үш жүздiң түзiлуi сияқты, ерекшелiгiнiң тууына себепшi болды. Тарихи дамудың сол кезеңiнде iлгерiде айтылған мемлекеттер шеңберiндегi этн.-саяси эволюциялық өзгерiстер жаңадан ұйымдасып жатқан көршi түркi халықтары — өзбек, қырғыз, татар, ноғай, т.б. үшiн де белгiлi дәрежеде ортақ болды Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады..
Тапсырма сәйкестендір
Ұлы жүз
|
Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр.
|
Орта жүз
|
Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.
|
Кіші жүз
|
Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады.
|
Проблемалық жағдайға талдау
15 ғ-дың ортасында Әбiлхайыр хан қайтыс болғаннан кейiн, оның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi ыдырап, «Қазақ», «Өзбек» хандығы болып екiге бөлiндi. Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесiн (Ақ Орда) тегiс мирас етiп, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлы жүз қазақтары қосылды. Қ. мемлекеттiгiнiң белгiлi жерi болуымен бiрге, оның барлық халқы ортақ бiр тiлде сөйледi, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды. 15 ғ-дан 16 ғ-дың бас кезiне дейiн бұлар бiрде өзбек, бiрде қазақ атанып жүргенiмен, «қазақ» деген этн. атау түпкiлiктi орныға бастады.15 — 16 ғ-ларда Қазақстан жерiнде болған iрi-iрi саяси оқиғалар нәтижесiнде Ноғай, Сiбiр және Моғолстан хандықтарының ыдырауына байланысты, көптеген тайпалар мен этн. топтар қазақ хандығының құрамына ендi. 16 ғ-да Қ. қауымының үш жүзге бөлiну процесi аяқталды. Ұлы жүзге — сарыүйсiн, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, шапырашты, шанышқылы, ошақты, ысты, сiргелi тайпалары; Орта жүзге — арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары; Кiшi жүзге (Алшын одағының тобына) жетiру, әлiмұлы және байұлы сияқты рулар бiрлестiктерi кiрдi. Бұлардың көпшiлiгi — Алтын Орда дәуiрiндегi ноғайлылар едi. Сондай-ақ, олармен аталас рулар Едiлдiң төм. сағасында, Солт. Кавказда, Қырымда ұшырасады (жағалбайлы, берiш, шеркеш, малқар, т.б.).
Сұрақ:Қазақ халқының этникалық дамуы қалай?
Жауап:
Сұрақ:Қазақ халқының қалыптасқан дәуірлерді айта кет ?
Жауап:
Тарихи жағдайға талдау
XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.
Тапсырма сәйкестендір қалаларды
Сығанақ
|
мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуереннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына орналасқан қала. Сайрам XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алды.
|
Отырар
|
XVI ғасырдағы мұнаралы, биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандығының арасында І ғасырға созылған шайқас болды. XVI ғасырда Қазақ хандығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсында – берік қамал, ірі сауда орталығы.
|
Сауран
|
Шығыс Дешті-Қыпшақ үшін «сауда аймағы», Қасым хандығының ордасы. XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының астанасы, діни орталық. Сырдария бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала.
|
Сайрам
|
ірі бекініс, сауда және өнеркәсіп орталығы. Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы.
|
Созақ
|
Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. XVI ғасырда Түркістандағы Шайбан әулетінің мекені. VIII ғасырдың басынан Тарбанд атымен белгілі қала. Деректерде: Тұрарбанд, Тұрар, Фараб. V-XV ғғ. Арал бойындағы көшпелілермен сауда жүргізетін орталық болған. Ерзен хан қалада мешіт-медреселер салдырған.
|
3.Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы.”Өзбек” және “Қазақ” ұғымдарының арақатынасы.
Проблемалық жағдайға талдау
Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |