Жоспары:
І. Кіріспе.
1.1.Руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш- лимон туралы.
ІІ.Зерттеу бөлімі.
1.2. Лимонның емдік қасиеттері.
1.3. Лимон сусындарын дайындаудың қарапайым жолдары.
2.1. Лимон ағашын өсірудің жолдары.
2.2. Лимон шырынын аспаздық, кондитерлік салада пайдалану.
Кентау қаласы №10 ЖОМ 2 «В» сынып оқушысы Сенбек Айзере Болатқызының «Лимон ағашының емдік қасиеті» атты ғылыми жоба жұмысына
Пікір
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екені белгілі. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда.
«Емші» емдік ағаштар мен жемістер адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі болды.Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай,адам осылардың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Сол медицинаның қарқынды дамуына титтей де болса өз үлесін қосқан Айзере деп есептеймін.
Айзере осы жұмыспен тоқтап қалмай, әрі қарай лимон ағашының басқа да дәрілік қасиеттерін іздестіре отырып, келешекте көптеген жаңалықтар ашатынына сенімдімін.
Жұмыс жоспарына сәйкес барлық сұрақтарының мазмұны толық ашылған, және ғылыми жоба талапқа сай, өз деңгейінде орындалған.
Айзереден келешекте жақсы ғалым шығады деп үміттенуге болады.
Ғылыми жетекшісі:
І.Кіріспе.
Ыстық өлке тұрағы,
Көп витамин - құрамы.
Шайға қосып ішкенде
Тұмауыңды қуады.
Дәмі қышқыл ептеген,
Ауруға ем көптеген.
Иісін айт аңқыған,
Лимонға жеміс жетпеген
Лимон
Лимон (Цітрұс лімон)— руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Шыққан жері — Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3—7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6—8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200—400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8—10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5—7,2% лимон қышқылы, 1,9—3% қант, 50—90 мг С витамині, темірге бай, эфир майы, кальций, калий, т.б. болады. 3—4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15—30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады; қара Цитрусті өсімдіктер [1].
«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» 1
ІІ. Зерттеу бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |