К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет272/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   446
I  деңгей  –  мектеп  директоры,  мектеп  кеңесі,  оқушылар  комитеті, 
қоғамдық ұйымдар жетекшілері.  Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық 
бағытын анықтайды.  
II  деңгей  –  мектеп  директорының  орынбасары,  мектеп  психологы, 
әлеуметтік  педагог,  қоғамдық  пайдалы  еңбекті  ұйымдастырушы,  аға 
жетекшілер,  мектеп  директорының  шаруашылық  жөніндегі  көмекшісі,  өзін-өзі 
басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.  
III деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. 
IV  деңгей  –  оқушылар,  сынып  және  жалпы  мектеп  оқушыларының  өзін-
өзі  басқару  органы.  Бұл  деңгейдің  бөлінуі  мұғалімдер  мен  оқушылардың 
арасындағы  қатынастың  субъект-субъектілік  сипатын  көрсетеді.  Оқушы  өзара 
әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.  
Басқарылатын  жүйеде  негізгі  орын  оқушылар  ұжымына  беріледі.  Мұнда 
басқарудың  екі  деңгейін  анықтауға  болады:  тігінен  –  жалпы  мектеп  ұжымы 
және  сыныптар  ұжымы.  Көлденеңінен  –  қоғамдық  ұйымдар,  спорттық 
секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.  
Ал,  педагогикалық  жүйенің  функционалдық  компоненттері  жеке-дара 
өмір  сүрмейді,  мұғалім  іс-әрекетімен  бірлесе  жүреді.  Функционалдық 
компоненттер:  педагогикалық  талдау,  мақсат  қою  және  жоспарлау, 
ұйымдастыру,  бақылау,  реттеу  мен  түзету  –  бұлар  педагогикалық  процесті 
қозғалыста, өзгерісте сипаттайды (дамыту мен жетілдіру). 
 Басқаруға  тән    басты   ерекшілік  –  бұл жұмысқа  барлығының:  әкімшілік, 
мұғалімдер, оқушылардың бірдей араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің 
мазмұны  мен  нәтижесіне  үлкен  әсерін  тигізеді,  себебі  бұл  істің  қалаған 
сатысында  қай  деңгейде  болмасын,  басқарушы  адам  өз  әрекетінің  кез-келген 
сәті  мен  жүйенің  қалпы  тек  оның шешіміне  тәуелді  болмайтынын  мойындауы 
тиіс.  
Білім  жүйесінде  қалаған  деңгейдегі  басқару  қатынастары  тәрбиелік 
қызметті  де  атқарады.  Тәрбиеленушілерді  басқарушы  болып  есептелетін 
педагог-тәрбиешілер  оларға  жетекшілік  етеді,  ал  тәрбиеленушілер  осы 
жетекшілік  қатынастарды  пайдалы  ұғымдар  ретінде  игереді,  яғни  тәрбиелік 


219 
 
қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің 
моральдық,  әдептілік  кейпіне  жоғары  талаптар  қойылады.  Кәсіби  іс-әрекетті 
әрқилы  деңгейде  бірдей  тең  басқару  –  бұл  да  педагогикалық  жүйелерді 
басқарудың  өз  алдына  ерекшелігі.  Өз  тұлғасын  қалыптастыру  барысындағы 
оқушы  іс-әрекетін  тәрбиешінің  бір  өзі  басқармайды,  бұған  бірнеше  пән 
мұғалімдері,  сынып  жетекшісі  және  басқа  да  күнделікті  ықпал  жасаушы 
мектептің  барша  қызметкерлері  араласады.  Сондай-ақ,  мұғалімдердің,  сынып 
жетекшілерінің  қызметтеріне  мектеп  директоры  мен  директордың  оқу,  тәрбие 
және  сыныптан  тыс  жұмыстар  бойынша  орынбасарлары  әкімшілік  басқару 
жүргізеді.  Мұғалімдер  бір  уақытта  бірнеше  қызмет  атқарады.  Ол  –  сынып 
жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. 
Мектеп  көп  тарапты  байланысқа  ие.  Оның  жұмысы  ата-аналармен, 
қоғамдық  ұйымдармен,  мемлекеттік  мекемелермен  қатынастар  негізінде 
атқарылып  отырылады. 
Мектеп  –  мемлекеттік  (немесе  онымен  тығыз  байланысқан)  құрылым. 
Отбасы,  қоғам,  мемлекет  араларындағы  бірлікті  іс-әрекеттердің  ұштаса 
орындалуынан  тәрбиенің  жалпы  мақсаттары  іске  асып    отырылады.  Бұл  да 
педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі.  
Білім  берудегі  мектеп  жағдайы  «мұғалім-оқушы»  қарым-қатынасына 
тәуелді:  әртүрлі  жас  деңгейіндегі  балалар  бірлестіктеріне  басшылық  жасауда 
материалдық  ынтадан  гөрі  моральдық  ынтаның  басым  болуы;  басқарушының 
өз қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын 
тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы шарт.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет