К. Д. Бузаубакова


Үздіксіз  бақылап-зерттеу



Pdf көрінісі
бет293/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   446
Үздіксіз  бақылап-зерттеу  оқыту  процесін,  екі-үш  оқушыны  сабақтағы, 
ойындағы,  сабақтан  тыс,  мектептен  тыс  оқу-тәрбие  процесіндегі  қолайлы 
уақытта мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады.  
Дискретті  (үзік-үзік)  бақылап-зерттеу  объектіні  ұзақ  уақыт 
бақылайтын  кезде  қолданылады.  Бақылап-зерттеу  ұзақ  уақытқа  созылуы 
мүмкін  –  жарты  жыл  немесе  бір  жыл.  Бақылап-зерттеу  белгілі  бір  уақытта 
үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады.  
Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау 
кезінде қолданылады. 
Бір  бағытты  бақылап-зерттеу  жалпы  тұтастықтан  бақылап-зерттеу 
мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады. 
Бақылап-зерттеу  және  іздеу  көп  деректер  арасынан  зерттеуші  өзіне 
керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. 
Әңгімелеу  әдісі.    Әңгіме    әдісі  алдын-ала  белгіленген  жоспар  бойынша, 
зерттеу  мақсатына  сай  еркін  түрде  жүргізіледі.  Әңгіменің  барысы,  оның 
мазмұны,  қойылатын  сұрақтар  толық  баяндалады,  хаттамаландырылады, 
қорытындысы шығарылады. 
Интервью  әдісі.  Интервью  педагогикаға  социологиялық  зерттеулерден 
ауысқан.  Әңгіме  әдісінен  айырмашылығы  интервью  алушы,  зерттеуші,  алдын-
ала  берілген,  әзірленген  сұрақтарды  белгілі  бір  тәртіппен  бірізді  дәйектілікте 
бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып алынады. 
Б-қосымшада бақылау әдістері берілді. 
   Тест  әдісі.  Тест  –  адамның  ақыл-ойының,  қабілетінің,  ерік  күш-жігері 
мен  өзге  жеке-дара  қажеттерінің  даму  деңгейін  айқындау  мақсатында 
қолданылатын стандарттық тапсырма . 
Тест  –  жеке-дара  не  топтық  ерекшеліктерін  айқындауға  арналған, 
орындау  уақыты  шектеулі,  қиындық  дәрежесі  біркелкі  емес  тапсырмалар 
жиынтығы.Тест  –  қысқа  бір  мәнді  жауап  немесе  ұсынылған  бірнеше  түрлі 
варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.  
Тест  әдісінің  артықшылығы:  тексерудің,  бақылаудың  объектілігі;  тест 
арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта. 
Басқаруды    ұйымдастыру  формалары  әрқилы  құрылым  және  бағыттарда 
болуы  мүмкін:  нұсқау-әдістемелік,  теориялық  семинар,  оқушылар  ұжымының 
отырыстары,  педагогикалық кеңестер,  әдістемелік  бірлестіктер,  педагогикалық 
конференциялар,  педагогикалық  оқулар,  ата-аналарды  педагогикалық  жаппай 
сауаттандыру және т.б. (24-кесте). 


235 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет