Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер


 Мембранды көпіршіктерде (везикулаларда) K



Pdf көрінісі
бет22/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
1.12. Мембранды көпіршіктерде (везикулаларда) K
+
 жəне Na
+
 
иондарының пассивті тасымалдануын зерттеу
Құрамында натрий ионы (300 ммоль/л) жəне əлеует тəуелді 
флуоресцентті зондтары бар dis-C3-(5) (1мкмоль/л) инкубациялық 
ортаға 300 ммоль/л калий иондары толтырылған 1-5 мкл мембранды 
көпіршіктерді қосады. Бұл кезде флуоресцентті бояудың сөнуі, яғни су 
мен липидті фаза арасында орналасқан байланыстырда бақыланады. 
Авлиномицин ионофорын қосу везикуладан сыртқы ортаға калий 
иондарының шығуын тудырады. Ол өз кезегінде везикулалардың 
ішінде теріс зарядтардың ұлғаюына жəне калийлі-диффузиялық 
əлеуеттін пайда болуына əкеледі. Нəтижесінде, бояғыштың оң 
зарядталған иондары мембраналардың липидті фазаларына кіреді
агрегацияланады, ал ол, өз кезегінде, флуоресцентті бояудың одан да 
жоғары сөнуіне əкеледі. Бұл жағдайларда везикулалардың суспензия-
сына арна формаларды қосу кезінде, яғни оларды натрийлі (моненсин) 
немесе жалпы (аламетицин) өткізгіштікті қамтамасыз ету арқылы 
қосу көпіршіктердың ішіне натрий иондарының концентрациялық 
жəне электрлік градиенті бойынша кіруі жүреді. Ал бұл электрлік 


56
градиенттің жоғалуымен жəне өз кезегінде флуоресцентті зондтардың 
қарқындылығының жоғарылауымен жүргізіледі. Пайда болу жəне 
калийлі-диффузиялық əлеуетті шешу мүмкіндігі зерттелетін иондарға 
плазмалеммалардың əлсіз пассивті өткізгіштігін көрсетеді. 
Калийлі-диффузиялық əлеуетті төмендету немесе шешу инку-
бациялық ортада калий иондарының концентрациясын ұлғайту арқылы 
да болады. Мембранада генерацияланатын калийлі-диффузиялық
Нернст əлеует теңдеуі бойынша анықталады. Көпіршіктерде электро-
литтермен титрлеу кезінде, яғни құрамында калий ионы бар электро-
литтермен инкубациялық ортада логарифмдік калий иондарының кон-
центрациясы арасында валиномицин болған жағдайда флуоресцентті 
өзгеру сызықты тəуелділікпен бақыланылады. Ол, өз кезегінде, мем-
бранды əлеуеттің флуоресцентті зондтың dis-C3-(5) қарқындылығын, 
тəуелділігін (Нернст теңдеуін қолдана отырып) есептей алады. Əлеует 
сезгіш зондтарды қолдана отырып, олардың белгілі зарядтарын, ең 
үлкен қоздырғыштарын жəне флуоресценцияларын ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет