Кіріспе бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі


Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді



бет12/19
Дата07.01.2022
өлшемі160,59 Kb.
#19599
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді.

Үшінші кезенде, ұғынғанын нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардыңайырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Мәселен, ”от жақса түтін шығады” дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды да шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланыстығын түсінеді. Бастауыш сынып оқушылары оқу материалдарының мәнісіне терендеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ, синтез процестерінің балада онша дамымағаны көрінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның меніне толық түсінбей қалады. Сондай-ақ, мұғалім синтездеу тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс байланыспай қалады да, берілген мағлұматтың практикалық мәні кеми түседі. Кейбір мұғалімдер баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес қабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып, әр нәрсені бір –бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал, материалды өз күйінше жаттап алу, оның мағынасын түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім ала алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет