Кіріспе Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі



бет1/12
Дата13.04.2023
өлшемі148,5 Kb.
#82575
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Н.С.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
Курстық жұмыс

«Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру»


Тексерген: Издибаева Дариға


Орындағын: Сұлтанов Мағжан

Арқалық қаласы, 2014 жыл


Кіріспе


Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Біздің курстық жұмыста гимнастика жаттығуларының ерекшелігі мен маңызы сөз болады. Гимнастика – қимыл қозғалыс жаттығуы. Бұл – жас жеткіншектердің қимылдық қозғалысқа түсуі мен дене бітімін дұрыс қалыптастыруда, ептілікке маңызы мен пайдасы зор. Сондықтан аталмыш жұмыстың мектеп оқушыларын спорттық жұмыстарға тартуда алар орны ерекше екеніжұмыста толыққанды баяндалады.


Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Гимнастика саласына арналған және қозғалыс ойындарының 7-8 сынып оқушыларының жас ерекшелігіне арналған әдістемелік көрсеткіштің жасалуы.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Біздің осы жұмысымыздың зерттеу мақсаты мен нысаны – метеп оқушыларын гимнастикалық жаттығу жұмыстарына тарту, жеңіл атлетика мен қозғалыс ойындарымен шұғылдануға, спорт саласына қызығушылығын арттыруға шақыру.
1.Мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығу туралы түсінік беру;
2.Мектеп оқушыларын гимнастикалық жаттығу жұмыстарына тарту;
3.Гимнастикалық жаттығулардың маңызы пен пайдасы;
4.Гимнастикалық жаттығулардың үйлесімділігі;
5. Қозғалыс ойындарына арнап әдістемелік көрсеткіш даярлау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Жұмысты жазу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған мектеп бағдарламасындағы «дене тәрбиесі» оқулығы мен республикалық оқу-әдістемелік педагогикалық журналдарға жарияланған ғылыми мақалалар мен әдістемелік нұсқаулықтар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Бұл курстық жұмысты мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру сабағы мен факультативтік үйірмелерде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет