Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет88/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   134
Күшті, ұстамды тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен- қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.
Күшті, үстамды, козғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың жылдамдығы, қозгалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.
Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын коздырғыш тип.
И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама бере «Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамас болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамас әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне белгі қалдырады».


Темперамент сипаттамалары, тұлға түрлері

Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысы психологиялық сипаттама беретін болсақ:


Сангвиник темпераментінің өкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвиниктер негізінен көңілді тип.Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тезберіледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп - пісіп қалады. Ашуы тез басылады,кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынастаболады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.
Сангвиник типіндегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Ондай балаларәртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуіді оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.
Холерик темпераментінің өкілдері тез пайда болатын күш және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердіңсезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анықбайқалады. Холериктер куйіп-пісу, тез қозғалады, әруақытта даіс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез,жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі. Бұл типтегі балалар өте белсенді. Холерикалы типтегі қозу тежелуден басым келеді. Олар жігерлі, қызу қанды,кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледы. ¥жымда эмоциялық ұстамсыздық аңғартады және осыныңнегізінде ұжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары - белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары – ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет