Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Мұса:  «Раббымыз!  Расында,  сен  Перғауын  мен



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

«Мұса:  «Раббымыз!  Расында,  сен  Перғауын  мен 
шонжар-ларына дүние өмірінде әшекейлер мен мал 
бердің. Раббымыз! Сенің жолыңнан адасулары үшін 
бе? Раббымыз! Малдарын жоқ қыл, жүректерін қыс. 
Өйткені  олар  жан  күйзелтуші  азапты  көрмейінше, 
сенбейді...» - деді». 
(Юнус сүресі 88)
Өкінішке  орай,  кейбіреулер,  дұрыс  сауда  жа-
салса  табыстың  болмайтындығына  сенеді.  Бұлар 
ғапылдықтың  белгісі  ақиқатты  көрмеу  және  иләһи 
үлес  жоспарын  жоққа  шығару,  осы  қателікке  тап 
болғандардың ойынша малын қаншама рет Аллаһ пен 

224
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Расулы жолында жұмсап, бітірген және еш уақытта 
дұрыс саудадан айырылмаған Хазіреті Әбу Бәкірдің 
(радиаллаһу анһу) сахабалардың ең пақырлары ішін-
де  орын  алуы  керек  еді.  Бірақ,  тарихтан  да  белгілі, 
ол үнемі ең бай сахабалардың қатарынан орын алған. 
Қанша  рет  Аллаһ  пен  Расулы  үшін  барын  берсе  де, 
сонша иләһи берекеттерге ие болып, қайтадан байлық 
пен малға ие болған.
Сондықтан біз малды адал жолмен табуға міндет-
тіміз және адал жерлерге жұмсауға мәжбүрміз. Ариф 
саудагер,  дүние  саудасын  жалғастырған  кезде  одан 
да үлкен болған ақырет табысына нұқсан келтірмей, 
мәңгілік  бақыттылықты  ойлап  иләһи  қағидаларды 
орындаудан  айнымайды.  Төмендегі  аят  кәрима, 
осындай  адамдардың  рухани  өмірін  қандай  тамаша 
көрсетеді.
ِةَ� ���ا ِم�َ�ِا َو ِ�ا ِ�ْ�ِذ ْ�َ� ٌ�ْ�َ� َ� َو ٌةَر� َ�ِ� ْ�ِ��ِ�ْ�ُ� َ� ٌل� َ�ِر
ُر� َ�ْ�َ�ْا َو ُب�ُ�ُ�ْ�ا ِ��ِ� ُ���َ�َ�َ� ً�� ْ�َ� َن�ُ�� َ�َ� ِة�َ����ا ِء�َ��ِا َو
«(Сондай  шынайы  ерлер  бар)  олар  не  саудада,  не 
алыс-берісте  өздерін  Аллаһты  зікір  етуден,  намаз 
окудан және зекет беруден тоспаған адамдар. Олар, 
жүректер мен көздердің алаң-бұлаң болатын күннен 
қорқады». 
(Нұр сүресі 37)
Осылайша  саудагерлер  басқа  бір  аят  кәримәде 
айтылған  «тижәратән  лән  тәбур»  (ешқашан  зиянға 
ұшырамайтын  бір  табыс)  сырын  ұғынғандар,  яғни 
нағыз саудадан нәсіп алғандар. Сондай-ақ нағыз сау-
даны Аллаһ Тағала былай жеткізеді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
225
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһтың 
кітабын 
оқығандар, 
намазды 
оқығандар және өздеріне берген рыздықтарымыздан 
(Аллаһ  үшін)  жасырын  және  ашық  жұмсағандар 
ешқашан  зиянға  ұшырамайтын  табысты  үміт  ете 
алады. Өйткені, Аллаһ олардың сыйын толық өтейді 
және  сыйынан  оларға  артығымен  береді.  Шүбәсіз, 
Ол өте кешірімді шүкіршіліктің сыйын молынан бе-
руші». 
(Фатыр сүресі 29-30)
Аллаһ Тағала бізді осы аят кәримәлердің сырының 
ішінде  өмір  сүргізсін!  Көңіл  көзімен  иләһи  кітапты 
оқуды,  миғражға  жеткізетін  ынтамен  езіне  сәжде 
етуді,  халал  жолмен  табыс  тауып  ысырап  етпей 
жүмсауды және берген нығметтерді соның жолында 
жұмсауды нәсіп етсін!
Уа,  Рабби!  Саудагер  бауырларымызды  қолы-
нан,  тілінен  мүминдер  амандықга  болған  және 
пайдаланған,  отанымыз  бен  халқымыз  үшін 
қайырлы адамдар ет! Екі дүниеде де рахмет пен бе-
рекетке себеп болатын салих амалдар жасауды нәсіп 
ет!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бізге  аманат  ретінде  берілген  бұл 
тән, жан және мал қолымызда мәңгілік 
тұрмайды.  Әлбетте,  бір  күні  бәрімен 
қоштасамыз,  барлық  нәрсе  нағыз 
мүлік  иесі  болған  Аллаһқа  қалады, 
яғни,  соған  қайтады.  Сондықтан  бір 
рет  берілген  ғұмырымызда  осы  ама-
наттарды  Аллаһ  жолында  өз  орны-
мен  тапсыруымыз  керек,  сонда  ғана 
мәңгілік сыйға қол жеткіземіз.
Àëëརà áåð³ëãåí ³çã³ ¢àðûç

228
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Àëëརà áåð³ëãåí ³çã³ ¢àðûç
Бұл  әлем  құдірет  қолымен  құрылған,  мыңдаған 
нақыштармен  безенген  ортақ,  фәни  бір  мекен. 
Сынақ  әлемі  болған  осы  дүниеде  өткізетін  күндер 
шынайылық, нәзік бір рух, терең бір түсінікпен ойла-
уды талап етеді. Өйткені, біздер үшін негізгі шынайы 
нығметтер бақи мекенге, яғни соңы жоқ өмірге алып 
баратын ізгіліктер. Құлдарының осындай мәңгілік із-
гіліктермен қүзырына келуін қалаған Аллаһ Тағала, 
өзінің  қасындағы  үлы  сыйды  жәнө  ризашылығы 
жолында  жасалған  салих  амалдарға  берген  бағасын 
Құран Кәримде жиі-жиі баяндайды.
Аллаһ  Тағала  әсіресе  сый  мен  қайырымдылық, 
жомарттық пен қайыр сияқты жоғары қасиеттердің 
көрінісі болып табылатын садақа мен қайыр хақында 
үнемі кеңес береді. Осы орайда жағдайы мен уақыты 
орнында болған ауқатты адамдарға зекет, ұшыр мен 
құрбан сияқты малмен жасалатын ғибадаттарды кесім-
ді түрде әмір етеді. Бұл мәжбүрлік көмектесулермен 
қатар,  адамгершілік  пен  иман  тебіренісімен  байла-
нысты ізгі істер де бар, осылардың бірі ізгі қарыз.
Аллаһ  Тағала  ризашылығы  үшін  берілетін  әрбір 
садақа мен жасалатын әрбір қайырды өзіне берілген 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
229
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ізгі  қарыз  ретінде  қабылдап,  мұның  ақысын  еселеп 
өтейтіндігін уәде етеді. Аятта былай делінеді:
ٌ��ِ�َ� ٌ� ْ�َا ُ�َ� َو ُ�َ� ُ�َ�ِ�� َ�ُ�َ� �ً� َ� َ� � ً�ْ�َ� َ�ا  ُضِ�ْ�ُ� يِ���ا اَذ  ْ�َ�
«Кім Аллаһқа жақсы борыш береді? Аллаһ, мұны 
ол  үшін  еселеп  арттырады.  Оған  ең  жоғары  және 
абыройлы сауап бар»
(Хадид сүресі 11)
Сондықтан  садақаларымыздың,  мұқтаж  адамды 
қуанту сияқты бір күні бірден алдымыздан шығатын 
өлімге қарсы бір ақтық дем кепілі болатындығын ой-
лап, бұл мәселеде одан да жақсы қажыр танытуымыз 
керек.
Бұл  дүниеде  қиыншылық  пен  рахат  Аллаһтың 
тағдырымен  байланысты  екендігін  білуіміз  керек. 
Шынайы мүминдер Аллаһ оларға нығмет берген сайын 
тәкәппарланып, көкірек керетін және Аллаһтың бер-
ген нығметін оның ризашылығы үшін жұмсамайтын 
ғапыл болмайды. Олар ізгі қарызды екі мағынасымен 
де түсініп, өмірінде қолданады. Яғни:
1. Әрі мұқтаж құлдарға борыш береді.
2. Әрі қайыр жасау арқылы Аллаһқа қарыз береді.
Иә,  ізгі  қарыздың  мағынасы  да  Құран  Кәримде 
айтылғанындай, Аллаһқа борыш беру деген сөз. Бұл 
мұқтаждарға  қайыр  беру  және  Аллаһ  жолындағы 
қажыр мен қызметтерге қолдау көрсету түрінде бола-
ды, Аллаһ Тағала бұл амалды; өсіру, мадақтау және 
сыйын баяндау бабында, «өзіне берілген бір борыш» 
түрінде баяндайды. Яғни қайырды Аллаһ Тағаланың 
өзі борыш ретінде құлдарынан сүрауда. Аят кәримада 
былай делінеді:

230
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«...Намазды  оқыңдар,  зекет  беріңдер,  Аллаһқа 
көңіл ризашылығымен борыш (ізгі қарыз) беріңдер. 
Өздерің үшін алдын ала (дүниеде жүргенде) қандай із-
гілік өзірлесеңдер, Аллаһ алдынан онан да қайырлы, 
онан  да  зор  сыйлық  түрінде  табасыңдар.  Аллаһтан 
кешірім  сұрандар,  шүбәсіз,  Аллаһ  тым  кешірімді, 
ерек мейірімді». 
(Мүзәммил сүресі 20)
Аллаһ Тағала үлы ризашылығы жолында құлдың 
қайырын ізгі қарыз ретінде қабылдап, адам баласы-
на ерекше бір сый беруде. Әрине, таза ниетпен және 
бұл  дүниеде  ешқандай  жеке  пайда  күтпей,  рия  мен 
атақ ниетінсіз берілу шартымен. Сол үшін берілген-
нен кейін рахмет күтпеу керек және тек қана Аллаһ 
ризашылығы  үшін  жүмсалуы  керек.  Хазіреті  Әли 
мен  Хазіреті  Фатиманың  (радиаллаһу  анһумә)  бір 
қайырына байланысты Құран Кәримде айтылған:
«Өздері мұқтаж бола тұра, тамақтарын пақырға, 
жетімге не тұтқынға береді және оларға: «Мұны сен-
дерге Аллаһ ризашылығы үшін береміз, сендерден ақы 
мен  рахмет  күтпейміз.  Біз  Раббымыздың  қаһарлы, 
бәлелі бір күнінен қорқамыз.»-дейді. Аллаһ та олар-
ды  сол  күннің  жамандығынан  қорғайды.  Жүздерін 
жарық  қылып,  көңілдеріне  қуаныш  ұялатады» 
(Ин-
сан сүресі 8-11)
 деген аят кәримәдегі қағидаға бағыну ке-
рек.
Бұл  аят  кәримәлерде  қайырға  байланысты  мына-
дай мәселелерге тоқталады:
Мүмин бауырын өзінен де лайық көру - исар.
1.  Фәни мен дүниеуи мақсаттар үшін емес Аллаһ 
ризашылығы үшін қайыр беру.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
231
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
2.  Қияметтің  қорқынышынан  қайыр  арқылы 
қорғану.
3.  Ықыласпен  жасалған  қайырдың  Хақ  Тағала 
алдында  қабыл  болатындығы  және  иесінің  жүзін 
жарқын ететіндігі.
4.  Мүминдердің  осы  сияқты  салих  амалдарды 
істеуін қалауы.
Міне,  Аллаһқа  осылайша  берілген  борышқа 
Аллаһ  Тағала  оны  еселеп,  ақысын  береді.  Және  бір 
аят  кәримада  Хақ  Тағала  осылайша  берілген  ізгі 
қарыздың абзалдығын былайша баяндайды:
«...Егер  намазды  дұп-дұрыс  оқып,  зекет  беріп, 
пайғамбар-ларыма  сеніп,  оларды  қуаттасаңдар 
және Аллаһқа жақсы борыш берсеңдер, ант етемін, 
сендердің  күнәларыңды  жауып,  сендерді  астынан 
езендер ақдан жәннәтқа кіргіземін...». 
(Мәйдә сүресі 12)
Ибн  Мәсғудтың  (радиаллаһу  анһу)  риуаяты  бой-
ынша  Әбу  Дәһда  әл-Әнсари  Аллаһқа  жақсы  бо-
рыш  беру  хақындағы  аят  кәрималар  түскен  кезде 
Расулуллаһтан:
«Уа, Расулуллаһ! Аллаһ бізден борыш сұрай ма?» 
-  деп  сұрады.  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм): «Иә, Уа, Әбу Дәһда, Аллаһ борыш сұрайды!» 
-  деп  жауап  берді.  Сонда  Әбу  Дәһда  (радиаллаһу 
анһу), Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) қолын созуын сұрап, оның қолын алып:
«Мен  бағымды  Аллаһқа  (ізгі  қарыз)  борыш  етіп 
бердім!» - деді.
Ибн  Мәсғуд  (радиаллаһу  анһу)  Әбу  Дәһданың 
бақшасында  600  құрма  ағашы  болғандығын  және 

232
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
оның  бақшасының  ішіндегі  үйінде  отбасымен  бір-
ге  отыратындығын  айтады.  Осы  қайырдан,  яғни 
Аллаһқа  борыш  беру  сөзінен  кейін  Әбу  Дәһда  үйіне 
келіп, әйеліне:
«Ей, Дәһданың анасы! Бұл бақша мен үйді босата-
мыз. Өйткені, мен бұл бақты Аллаһқа борышқа бер-
дім...» - дейді.
Әйелі оған:
«Әй,  Әбә  Дәһда!  Өте  пайдалы  бір  сауда  жасаған 
екенсің!»-деп жауап береді.
Содан  кейін  заттары  мен  балаларын  алып, 
бақшадағы  үйді  босатады. 
(Табери,  Тәфсир,  II,  803;  Хаким, 
Мүстәдрәк, II, 24)
Міне,  осы  ой  мен  парасаттылық  дәуірлеп  түрған 
әр  дәуірде  мүминдер  қоғамы  үнемі  шаттық  пен 
бақыттылық  ішінде  емір  сүрген  әрі  дүниелері 
мен  ақыреттерін  қорғаған.  Мына  бір  оқиға  да  осы 
ақиқаттың көз шағылыстыратын бір көрінісі:
Елие  Кедоурие  жазған,  Османлының  соңғы  ке-
зінде  Англияның  Таяу  Шығыс  саясатына  байланы-
сты  кітабының  бір  қосымшасында  айтылғанына 
қарағанда,  XIX  ғасырдың  аяқ  шенінде  Шығыс 
Анатолияда  қатты  құрғақшылық  пайда  болған 
еді.  Ағылшындар  құрғақшылықты  пайдаланып, 
сол  жерде  Османлыға  қарсы  наразылық  тудыруды 
көздеп,  сол  жерге  бір  жансыз  жібереді.  Жансыздың 
жасаған  зерттеуінің  нәтижесінде  байқаған  шындық 
өте ғибратты еді. Есепте (рапорт) былай делінеді;
«Бұл жерде қүрғақшылық бар, бірақ аштық жоқ! 
Барлық адам бір-біріне қамқор болып, көмектесуде. 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
233
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сол  себепті  қүрғақшылық  аштыққа  айналмайды. 
Сондықтан осындай күшті қоғамдық қүрылыс ішін-
де  құрғақшылықты  пайдаланып,  наразылық  туды-
ру мүмкін емес».
Шүбәсіз,  бұл  жоғары  денгей,  мүқтаждық  пен 
пақырлықтың  шегіне  жеткен  сәттерінде  және  қиын 
кездерде  қайырдың  мәніне  назар  аударған  аят 
кәримәлердін  мағынасын  түсініп,  өмір  сүре  білудің 
дүниеуи  сыйы  мен  берекесі.  Аллаһ  Тағала  бұл  тура-
сында босаңдық пен ғапылдық көрсетілмеуі үшін біз 
құлдарына былай ескерту жасайды:
«Сендерге  не  болған,  Аллаһ  жолында  қайыр 
(садақа) жасамайсыңдар? Алайда, көктер мен жердің 
мирасы Аллаһтікі. Іштеріңнен, жеңістен бүрын қайыр 
бергендер жөне соғысқандар (басқаларымен) бір емес. 
Міне, олар дәрежесі жағынан кейіннен қайыр берген-
дер  мен  соғысқандардан  да  жоғары.  Сонымен  бірге 
Аллаһ  әр  біреуіне  ең  жақсысын  уөде  еткен.  Аллаһ 
істегендеріңнен хабардар». 
(Хадид сүресі 10)
Яғни 
Аллаһ 
Тағала, 
әсіресе, 
Ислам 
мен 
мұсылмандардың  ауыр  кездерінде  құлдарынан 
жанқиярлық  істер  талап  етеді.  Құлдардың  бұл 
жанқиярлықтарын Құранның сөзімен айтқанда «ізгі 
қарыз» деп атаған.
Бізге  аманат  ретінде  берілген  мына  тән,  жан 
мен  мал  қолымызда  мәңгілік  түрмайтындығын 
үмытпауымыз керек. Әлбетте, бір күні бәрімен бірден 
қоштасамыз және барлық нәрсе, мүліктің нағыз иесі 
-  Аллаһқа  қалады,  яғни  соған  қайтады.  Сондықтан 
қазірден  бастап,  яғни  тірі  кезімізде  осы  аманат-
тарды  Аллаһ  жолында  орындарына  тапсыруымыз 

234
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
керек,  сонда  ғана  мәңгілік  сыйға  қол  жеткізе  ала-
мыз. Біз тапсырмасақ та, олардың нағыз иесі Аллаһ 
Тағала,  дүниемен  қоштасқан  сәтімізде  бізден  онсыз 
да барлық нәрсені қайтарып алады. Бірақ, арасында 
үлкен  айырмашылық  болады.  Бірінші  түрде,  яғни 
қайырға  жұмсаған  жағдайда  Аллаһ  Тағала  жер  мен 
көктің қазынасы - ұлы затынатән болса да, мұны өзіне 
берілген бір борыш түрінде қабылдап, ақысын еселеп 
қайтарады. Екінші түрде, яғни қайырға жұмсамаған 
жағдайда,  қолымызға  ештеңе  түспейді,  бірақ  сол 
малдың жауапкершілігін көтерген боламыз. Хазіре-
ті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өмірін 
қайырдан аулақ өткізгендерге былай ескертеді:
«Адам баласы «Малым, малым» - дейді. Ей, Адам ба-
ласы! Жеп тауыскан, киіп ескірткен және садақа ре-
тінде беріп, сауап алу үшін алдын ала жібергеніңнен 
баскд малың бар ма еді?!» 
(Муслим, Зүһд, 3-4; Тирмизи, Зүһд, 
34)
Хазіреті  Мәуләнә  да  Мәснәуиінде  қандай  жақсы 
айтады:
«Өлім періштесі ғапыл бір байдың құлағын созып, 
(яғни  жанын  апып),  оны  өмір  түсінен  оятқанда 
шындығында иесі болмаған бір мал үшін байдың тірі 
жүргенде жоғалтып алу қорқынышын тартқанына 
өзінің де күлкісі келеді». 
Хазіреті  Айшадан  (радиаллаһу  анһә)  риуаят  етіл-
гені бойынша Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) отбасы бір қой сойған еді. Көптеген адамдарға 
қайыр  берген  соң  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  қой  етінен  қанша  қалғанын 
сүрайды: Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә):

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
235
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Тек  қана  бір  жауырыны  қалды,»  -  деп  жауап 
бергенде,  Хазіреті  Пайғамбар  (саплаллаһу  алейһи 
уәсәлләм):
«Жауырын сүйегінен баскдсының бәрі біздікі бол-
ды десеңші!» - деді. 
(Тирмизи, Сифатул-Қияма, 35)
Расында,  адамның  негізгі  жемісі  -  қайыр  жасау 
арқылы мәңгілік өмір үшін жинағандары.
Дүние  -  малынан  бір  пәлекет  түрінде  шығып, 
көңілдің 
тепе-теңдігін 
бүзатын 
фәни 
және 
нәпсіқұмарлық  байланыстардан  алыста  болу,  тек 
қана  жомарттық  пен  қайырымдылықтың  фәйізімен 
мүмкін болады.
Аллаһ Тағала адам баласының дүниемен қоштасу 
сәтінде  қасіретке  қалатын  ғибадаттардың  арасын-
да  садақаны  арнайы  атап,  оны  орындамағандардың 
өлім  өткелінде  қандай  халде  болатындығын  былай 
баяндайды:
ُ ُل�ُ�َ�َ� ُتْ�َ�ْ�ا ُ�ُ�َ� َ�َا َ�ِ�ْ�َ� ْنَا ِ�ْ�َ� ْ�ِ� ْ�ُ��َ�ْ�َزَر �َ� ْ�ِ� ا�ُ�ِ�ْ�َا َو
َ�� ِ�ِ�� ���ا َ�ِ� ْ�ُ�َا َو َق�� ��َ�َ� ٍ��ِ�َ� ٍ� َ�َا �َ�ِا �ِ�َ�ْ� ��َا َ�ْ�َ� ِّبَر
«Қайсы  біріңе  өлім  келіп:  Раббым!  «Ажалымды 
аз болса да кешеуілдетсең, садақа беріп, жақсы адам 
болсам!» - деп, айтуларыңнан бұрын, өздеріңе беріл-
ген  рызықтарымыздан  садақа  беріңдер». 
(Мунәфиқун 
сүресі 10)
Сондықтан 
сараңдық 
пен 
дүниеге 
деген 
сүйіспеншілік себепті қайырдан аулақ қалып, бір күні 
барлық  байлығымызды  артымыздағыларға  тастаған 
кезде  солардың  ауыр  есебі  мен  азабын  арқалаған 
ақыреттің бишаралары жағдайына түсіп жүрмейік.

236
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өйткені,  малдың  қай  жерден  табылып,  қайда 
жүмсалғандығы  мәселесі  ақыреттегі  үлкен  есептің 
алғашқы  сұрағының  бірі.  Сондай-ақ,  Аллаһ  Расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Ешбір  құл  куіямет  күнінде  өмірін  қай  жерде 
өткізгендігінен,  білімімен  қандай  іс  істегендігінен, 
малын қайдан тауып, қайда жумсағандығынан және 
денесін қай жерде қрлданғандығынан сұралмайынша, 
тұрған жерінен қозғала алмайды». 
(Тирмизи, Қиямет, 1)
Осы  ақиқаттардың  барлығын  ең  тамаша  түрде 
түсінген  аталарымыздың  қайыр  беру  туралы 
көрсеткен жоғары қажыры мен іс-әрекеттері тарихқа 
абыройлы  «қор  мәдениетін»  сыйлаған.  Олар  бей-
не бір қайыр жарысына түсіп, бұл жарыста әр түрлі 
жаратылысқа және әр түрлі қажеттілікке жауап бере 
алатын мекемелер, қорлар қүрған. Осымен бірге ары 
мен ұяты себепті ешкімнен ештеңе сүрамайтындардың 
көңілдерін қалдырмау әрі оларды сұрауға мәжбүр ет-
пеу үшін Ыстамбулдың кейбір аудандарында қойған 
садақа тастары жақсы танылған.
Осы  садақа  тастарынан  Үскідар  ауданы  Доган-
жылар  көшесінің  бойындағы  жол  қиылысында 
неке  сарайының  алдындағы  жол  жиегіндегі  ша-
мамен  бір  метр  биіктігінде  және  отыз  сантиметр 
қалыңдығындағы  тарихи  ескерткіштен  басқалары 
қазір орнында жоқ.
Негізінде,  олар  бір  кездері  қандай  үлкен  бір 
қызметке  және  қайыр  жарысына  куә  болды.  Ша-
масы  мен  уақыты  болғандар;  «оң  қолдың  бергенін 
сол қол көрмейтіндей түрде» қайыр жасау үшін түн 
қараңғылығында  садақаларын  осы  тастың  үстіндегі 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
237
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
шұңқырға  салатын.  Сосын  сол  аумақтың  адал 
пақырлары қажетінше сол жерден алатын, артығына 
тиіспейтін. Әсіресе мұқтаж болса да қайыр сұраудан 
именгендер түн ортасында тастың қасына ақша алуға 
келетін, қажетінше алатын. XVII ғасыр Ыстамбулын 
түсіндірген бір француз кезбесі үстінде ақшасы бар бір 
тасты тура бір апта бақылағандығын, бірақ сол жер-
ден ақша алуға келген ешкімді көрмегендігін жазады. 
Риуаятқа қарағанда, Ыстамбулда төрт жерде садақа 
тасы бар болған. Үскідарда Гүлфәм Хатун мешітінің 
ауласында, және Үскідарда Доғанжыларда, Каража-
ахметте және Кожамұстафа пашада.
Атақты  аталардың  мұндай  қызметті  не  үшін 
жасағандығы  мәлім...  Бірақ,  әрбір  қоғамда  және 
әрбір дәуірде кедейлер мен пақырлар үнемі орын ала-
ды. Сондықтан аят кәримәде айтылған:
«Байдың малында пақырдың хақы бар» 
(Зарият сүресі 
19;  Мәариж  сүресі  24-25)
  қағидасын  көңіліміздің  дәстүрі 
етіп, «садақа тастарынан қорларға» созылған қайыр 
жарысын жалғастырсақ, арлы мұқтаждардың намы-
сын  қорғаймыз.  Кешегі  кейде  беру,  кейде  алу  үшін 
садақа тастарына созылған қолдардағы шынайылық 
пен  ықыласты  сақтауымыз  керек...  Көңіліміз  бір 
садақа  тасына  айналуы  керек.  Мүқтаж  адам  бізге 
бір  ана  құшағының  жылылығын  сезініп  жақындай 
алуы  керек.  Біз  де  қолымыз  ашық  және  жомарт  бо-
лып, «Рәззақ» болған Раббымыздың бір құлы ретін-
де шүкіршілік сәждесіне баруымыз керек. Дүниелік 
және ақыреттік қағидамыз:
«Адамдардың ең қайырлысы - адамдарға ең пайда-
лысы» 
(Суюти, әл-Жамиус-Сағир, II, 8)
 баянымен:

238
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Айт:  Раббым,  қалаған  құлдарының  рыздығын 
молықтырады,  (қалаған  құлдарының  рызығын) 
тапшы 
қылады. 
(Аллаһ 
жолында) 
берген 
напақаларыңның  есесін  Аллаһ  толтырады.  Ол 
рызық  берушілердің  ең  жақсысы» 
(Сәбә  сүресі  39)
  аят 
кәримасы.
Қысқасы, қайыр түрінде болсын, ізгі қарыз түрінде 
болсын, жасалған ізгі ғибадаттар мен іс-қимылдар нё-
гізінде Аллаһ Тағаланың бізге сыйлаған нығметтерінің 
арқасында жасалады. Яғни Аллаһ Тағала бізге берген 
нығметтері арқылы жасаған қайыр мен жақсылықты 
бізден өзіне борыш ретінде қабылдауда. Бір қарағанда 
бұл көрініс Аллаһ Тағаланың бізге берген нығметтері, 
оның үстіне нығметтермен толықтыруы.
Шындығында, сансыз нығметтерді берген - Аллаһ, 
оларды алып, пайдаланатын - құлдар. Бұл бойынша 
негізгі қарыздар болған тарап - адам, алашақ болған 
- Аллаһ Тағала.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Көк  пен  жердегілер  барлық  нәрсені  Содан  сұрай-
ды. Өйткені барлық жаратылыс Оған қарыздар».
Осы  орайда  әсіресе  адам  баласы  өзіне  берілген 
жаратылыстың  ең  абыройлысы  болу  сипаты,  одан 
кейін  Ислам  мен  иман  нығметіне  ие  болу  Хазіреті 
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбет бо-
луы сыйына қол жеткізу және сансыз жақсылықтар 
мен сый -сияпат үшін Аллаһ Тағалаға борышты. Со-
нымен  қатар  әрбір  көңіл  жаратылыстың  себебі  мен 
мәңгіліктің жолында бірден-бір һидайят бағдаршысы 
болған  Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
239
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
уә  сәлләм)  борышты.  Оның  адамзатқа  сыйлаған 
сыртқы  және  ішкі  ғибадаты,  қарым-қатынас,  кәміл 
іс-қимыл мен ізгіліктерін жұлдыз сияқты көңілдерге 
жеткізген  сахабаларға  және  барлық  ислам  улыла-
рына  қарыздар.  Әке-шешеге  қарыздар,  отбасына 
қарыздар.
Бұл  қарыздар  Аллаһтың  (жәллә  жәләлүһү)  және 
Хазіреті Пайғамбардың (саллаплаһу алейһи уәсәлләм) 
ахлағын бойына сіңіру арқылы жанды Құран түрінде 
өмір сүру және Сүннет аясында ашылган бір гүл ре-
тінде қауышу әлеміне қадам басумен өтеледі. Соны-
мен қатар, Аплаһқа шүкіршілік ету де әрбір құлдың 
мойнындағы борышы.
Аллаһ Тағаланың осыншама шексіз нығмет, сый-
сияпатына қарсы көңіл, егер Оның ризашылығынан 
тыс,  яғни  нәпсілік  пен  фәни  түзақтарда  быт-шыт 
болса,  адам  абыройы  мен  намысынан  айыры-
ла  бастайтындығын  білген  жөн.  Осылайша  иләһи 
қағидалардан тыс өмір сүріп, өткінші сұлулықтарды 
көз 
алдында 
үлкейткендер, 
үнемі 
төменге, 
пақырлыққа  тап  болады.  Бір  қарағанда  бойындағы 
«ахсәни  тақуим»  (ең  тамаша  жаратылыс)  сырын 
ұмытып,  ездерінен  көп  төменде,  одан  да  пақыр, 
одан  да  мұқтаж  әрі  әлсіз  жаратылыстардан  қарыз 
сұрайтын  бишара  кейіпке  түседі.  Нәтижесінде, 
парқына бара алмаған негізгі қүндылықтарын жойып 
алады. Мұндай адамдардың халіне қатты таңданған 
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Бұл  қандай  таң  қаларлық  жайт?  Күн,  бір 
зәррәдан қарыз сұрар ма? Шолпан жұлдызы кішкен-
тай бір кеседен шарап сұрай ма?»

240
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сен  не  екені  белгісіз,  бір  рухсың,  қасиеттері 
толық  мағынада  білінбейтін  бір  жансың.  Шек-
ті  болған  құндылықтар  мен  сипаттар  әлеміне 
қамалғансың.  Сен  бір  күнсің,  бір  түйінге  байланып 
қалыпсың; саған нендей екініш!»
Бұл жолдарда Хазіреті Мәуләнә адамды бір руха-
ни  күнге  ұқсатады.  Әлем  де  сол  күннің  сәулесімен 
жарқыраған, 
шағылысқан 
зәррәлар 
сияқты. 
Сондықтан  адамның  Аллаһтан  фәйіз  алуды  ойла-
май, дүниеде фәни құмарлықтардың соңында жүруі, 
қуаныш іздеуі, бір қарағанда күннің зәррәдан қарыз 
сұрағанын елестетеді. Күн қалайша зәррәға мұқтаж 
болады?
Адам  рухы  да,  Аллаһ  Тағаланың  Құран  тілімен 
айтқанда «Құдіретімнен бір сыр үрледім» 
(Сад сүресі 72; 
Хижр сүресі 29)
 деген Раб тарапынан үрленген нүр. Бірақ, 
адамдардың  көпшілігі  рухтың  ұлылығын,  мәнін 
түсінбей,  оның  ақиқатынан  бейхабар  өмір  сүреді. 
Олар өздеріне берілген ғазиз және қасиетті нығметті, 
сол  иләһи  аманатты  материалдық  және  фәни 
құмарлықтарға пида етіп, тек қана тән құмарлығымен 
өмір сүруге ынтық. Ызаның, қүмарлықтың, атақтың, 
тәни  құмарлықтардың  иіріміне  түскен.  Нәпсісі 
қоректің, ермектің құмары болған. Бейне бір рухани-
ят күні, иләһи заңға бас иіп, «ұқде-и зәнб»-пен (күнә 
жібіне) байланған, сәуле шаша алмайтын халге кел-
гендей. Бұл жағдайда әрбір құл:
Өз  дәрежесін  білуі  керек!  Аллаһтың  берген  шек-
сіз  нығметтерінен,  әсіресе  «ахсәни  тақуим»  сыры-
нан  хабардар  болуы  керек!  Өткінші  және  ешқашан 
қанағат таппайтын қүмарлықтарға тұтқын болмауы 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
241
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
керек!  Қуанышты  нәпсінің  қүмарлықтарынан  фәни 
сүйіспеншілік-терден іздемеу керек! Барлык, нәрсені 
өзінен, өз көңілінен іздеуі керек!
Қысқасы,  дүниеден  күшпен  шығарылмай  түрып, 
Раббымыздың  көмегімен  иман  қауіпсіздігі  және 
қабілетімізді ақырет сапарына шығуға дайындалуы-
мыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет