Коммуникация ұғымы. Коммуникация семиотикасы



бет1/5
Дата11.02.2023
өлшемі26,75 Kb.
#67033
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4-апта


Коммуникация ұғымы. Коммуникация семиотикасы.
Мәдениетаралық коммуникация – әр түрлі ұлт өкілдерінің әрқайсысының жеке тұлға ретіндегі тілдік және мәдени айырмашылықтарының толық және жан-жақты көрінетін тұсы. Мұндай әр түрлі ұлт өкілдері қатысқан мәдениеттер тоғы­сында әр адам жеке тұлға, сол қоғамның белді мүшесі немесе белгілі бір ұлттық мәдениет өкілі әрі осы әрекеттің бір субъектісі ретінде сахнаға шығады.
Жеке тұлғаның бойында осы аталған аспектілердің барлығының жинақталаты­нына қарамастан мәдениетаралық ком­муникация деңгейіндегі әрекеттің де өз ерекшеліктері болады. Ол мәдениет­аралық деңгейдегі сұхбаттасушыдан тек қана сол сәттегі қатысым құралына айналып отырған тілді білуді ғана емес, сонымен бірге сол елдің мәдени дерек­терінен де хабардар болуды талап етеді. Ондай деректер сол халықтың адамгер­шілік туралы, дін туралы көзқарастары мен ділінен, мәдени құндылықтарынан мәлімет береді. Екі жақты немесе көп жақты мәдениеттер сұхбаттастығын үйлестіру – тек қана бір-бірінің мәде­ниетіне түсініс­тікпен және құрметпен қарағанда ғана мүмкін болатыны дәлелденген құбылыс.
Міне, біздің талдау нысанына айнал­дырып отырған оқулығымыз осындай мәселелерді, атап айтқанда, әр түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің өзара ымыра­ластық пен ынтымақтастық жағдайындағы түсінісуіне не керек, осы орайда не маңызды деген мәселелерді терең талдап көрсетіп береді.
Аталған оқу құралының орыс тіліндегі нұсқасының алғысөзінде Мәскеу мемле­кеттік университетінің ректоры В.А.Са­дов­­ничий былай дейді: «Мәскеу универси­тетінің «Классикалық университет оқулығы» сериясымен шыққан «Тіл және мәденитаралық коммуникация» атты оқу құралын мазмұны терең, ұсынылған оқу материалдарының тиімділігімен ерекше­ленетін, оқыту әдісі мен әдістемесінің баға жетпес тәжірибесі жинақталған қазіргі заман үшін аса қажет оқу құралы деп тануға болады. Сондықтан бұл оқу құралы – тек Мәскеу университетінің ғана емес, Ресейдің өзге өңірлеріндегі универ­ситеттер, тіпті бүкіл дүние жүзі универ­ситеттері пайдалануға болатын оқу құралы».
Осы пікірге ден қоя отырып, С.Г.Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» атты жоғары оқу орын­дарының студенттері мен аспиранттарына арналған оқу құралының қазіргі әлем халықтары тығыз араласып, «шекарасыз әлем» жағдайында өмір сүруге ұмтылыс жасап жатқан кезеңінде Қазақстан сту­денттері үшін де аударылып, ұсынылуын дер кезінде жасалған игі іс деп түсінеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет