Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



бет1/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85


Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы ____ _______________
№ __________ бұйрығымен бекітілген


2021 - 2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған
конкурстық құжаттама


1. Жалпы ережелер

1. 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) агроөнеркәсіп кешен саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді дайындау мақсатында «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес әзірледі.


2. Конкурс «Қазақстан-2050» стратегиясы: табысты мемлекет үшін жаңа саяси бағыт», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын, «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыруға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары бойынша өткізіледі.
3. Конкурстың мақсаты - 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде агроөнеркәсіп кешенді дамыту саласындағы стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу.
4. «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ұлттық ғылыми кеңесінің (бұдан әрі – ҰҒК) 2020 жылғы 10-13 сәуірдегі № 1 және 2020 жылғы 22 мамырдағы № 2 және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ЖҒТК) 2020 жылғы 25 мамырдағы хаттамаларымен ұсынылған 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жалпы сомасы 50 496 000,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2021 жылға – 16 248 000,0 мың теңге (осы конкурсқа - 7 698 000,0 мың теңге);
2022 жылға - 16 848 000,0 мың теңге (осы конкурсқа - 7 698 000,0 мың теңге);
2023 жылға – 17 400 000,0 мың теңге (осы конкурсқа - 7 698 000,0 мың теңге).
5. Зерттеулер түрі: қолданбалы зерттеулер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет