Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер. Барысы Кіріспе сөз Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Жаным толған жақсылық»



бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі23,04 Kb.
#65106
  1   2

ЖАНЫМ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ

Мақсаты: оқушылар бойына адамгершілік құндылықтар қасиетін дарыта отырып жүректерін таза ұстауға баулу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер.


Барысы
Кіріспе сөз
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Жаным толған жақсылық».
«Адамның адамгершілігі – оның жоғарғы қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әртүрлі уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Адамгершілігі мол адам – басқаларға үлгі өнеге. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың... Досыңа достық қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» дейді ұлы Абай. «Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді».
Ал, балалар, жақсы болу үшін адамның жүрегінде қандай жақсы қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
«Жүрек» салып, оның ішіне адамгершілік қасиеттерін жазып тақтаға ілгізу.

  • Ал қане, «Шаттық шеңберін» жасайық.

  • Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.

  • Бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөліктен тұрады.

І. Алтын сөз
ІІ. Мен адаммын
ІІІ. Жүрек жылуы
«Жақсы болу өзіңнен, жаман болу өзіңнен». Мұны ақын-жазушылар, біздің дана бабаларымыз айтып кеткен.
Ақын-жазушылардың адамгершілік, сипаты туралы өлеңдерін, нақыл сөздерін кім айтады?
Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол.
Абай
Тірі адамның ардан аяулы жері бар ма?
Абай
Арлы адам ардақты.
Бауыржан Момышұлы
Алтын басты болсаң да
Ардан артық емессің.
Бауыржан Момышұлы
Мал үшін таласпа, ар үшін талас.
Әлішер Науаи
Көрініс: Абайдың өлеңі «Ғылым таппай мақтанба»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет