Көрнекілігі: слайдтар Өткізудің формасы



бет4/4
Дата16.10.2022
өлшемі21,88 Kb.
#43435
түріСабақ
1   2   3   4
Тоқтарбайқызы Ақжан: Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Қазақ өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды
Түребекова Қарлығаш:Бірлік бар жерде тірлік барАғайынды үш жігіт өмір сүріпті. Әрқайсының өз шеберханасы болыпты. Үшеуі де тостақ жасаумен айналысыпты.
Бір күні олар ақылдасады. “Үшеуіміз де бір кәсіппен айналысамыз. Бұдан кейін бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Үш “1” бөлек тұрса, “1” саны болып қалады. Ал үш “1”-ді бірге жазса, “111” болады. Бір адамның істеген жұмысы мен жүз он бір адамның жұмысын салыстыруға бола ма? Сол үшін бірігуіміз керек.

Макумет Назерке: Сонда ғана жұмысымыз өнеді”, - дейді. Үшеуі бірге жұмыс істеуге кіріседі. Біреуі от жағумен және темір ерітумен айналысады. Екінші жігіт еріген темірден тостақ жасайды. Ал үшіншісі тостақтың бетіне әртүрлі сурет, ою салады. Осылайша жұмыс жеңілдейді, әрі өнім де көбейеді. Бұрын әрқайсысы бір күнде он тостақ жасайтын. Енді үшеуі бір күнде жүз тостақ жасайтын болды. Сатып алушылар да тостақтарды мақтап, көптеп сатып алатын болды.
Уалихан Жансая: Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр
Нұрғали Назерке: Қасиетті бірлікті бұзбаңыз 
Бірлікте сіз мықтысыз. Сонда ғана 
Сізге молшылық әкеледі! 
Сіздің бақытыңыздың бірлігінде тірек!
Мұғалім: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Осымен,Бірлік бар жерле тірлік бар атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Сау - саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет