Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесі



бет1/2
Дата04.11.2022
өлшемі23,89 Kb.
#47439
түріРегламент
  1   2

Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесі
1. Кредиттік оқытудың тиімді және тиімсіз жақтары.
Әдістемелік ұсыныс: SWOT талдау жасау негізінде айқындау, өзіндік пікір білдіру.
Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім  беруді  таңдап  алған траекториясын регламенттеу болып табылады [1].
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет [2].
1 кесте.Кредиттік оқыту технологиясына SWOT талдау[3].

Күшті жақтары



Әлсіз жақтары



-  білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі;
-  студенттерге академиялық ұтқырлықтарды қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге көмек көрсету;
-  оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету;
-  оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға белсенділендіруге көшу
-  студенттердің аудиторлық және өздік жұмыстарының тиімді арақатынастарын белгілеу.
- студент бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, немесе басқа мамандыққа ауысқан жағдайда осы уақытқа дейінгі оқу көлемінің академиялық тұрғыдан мойындалуын іске асыру жүзеге асырылады;
- кредиттік оқыту жүйесінде практикалық іс-тәжірибеден өтуге көп көңіл бөлінеді.
- диалог арқылы үйрету/үйрену;
- қадағалау арқылы үйрету/үйрену;
- білім алушылардың бастамашылдығы мен шығармашылығын ынталандыру;

- жоспарларланған кредит санының пәннің мазмұнын терең оқып-үйренуге жеткіліксіздігі;
- көптеген жоғары оқу орындарында электрондық оқыту жүйесінің толық жұмыс істемеуі;
- өз бетінше білім алуға студенттердің дайын болмауы;
- педагог кадрлардың кредиттік технологияның барлық механизмдерін меңгеруінің төмендігі
- 1семестрде өтілетін 6-9 пән өтілетіндіктен олардың дәрістері, семинар сабақтары және өзіндік даярлану жұмыстарының араласып отыруы;
- бір тақырыптан басталған семинар мазмұны келесі аптадағы семинар уақыты қайта келгенше, ұмытылатын не көмескіленіп қалуы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет