«Критериалды бағалау технологиясы» Қорытынды аттестаттау сұрақтары Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»



бет1/7
Дата17.09.2022
өлшемі32,28 Kb.
#39339
  1   2   3   4   5   6   7

«Критериалды бағалау технологиясы»
Қорытынды аттестаттау сұрақтары
1.Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқандай, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігін білеміз.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр.
Міне, сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын қөтеру.
Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.
«Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде?»деген сұрақ туындауы сөзсіз.
Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады.
2.Критериалды бағалау жүйесінің механизмі, құрылымы және құралдары.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады. (1- сурет).
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулықәдістемелік құжаттар негізінде берілген: • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта); • Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары; • Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері; • Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі; • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; • Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; • Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы; 9 • Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар; • Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет