Кјсіптік мектептердегі кґсіби баєдар беружїйесі



бет1/9
Дата07.06.2023
өлшемі114 Kb.
#99433
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жоспар


Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Кәсіптік бағдар беруде пайдаланылатын ақпарат көздері мен әдістері

  2. Кәсіби бағдар беру бойынша оқушыларды кәсіптік мектепке тарту әдістемесі

  3. Кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарды кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер-педагог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алуы.


Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне үнаған тиісті мамандықгы саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, инженер-педагогтердің, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс -әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын оз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялык және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық; таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

  • Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

  • Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

  • Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріл, тәрбиелеу.

Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:

    1. Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.

    2. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету

    3. Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.

    4. Кәсіптік бейімделу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет