Кульжумиева2 Айман Амангельдиевна



бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі31,42 Kb.
#48411
  1   2   3

Мәтіндік есептерді шығаруды оқыту бойынша педогогикалық эксперимент
Ибатова1 Айнагул Сисенбайқызы
7М01501 – Математика мамандығының магистранты
Кульжумиева2 Айман Амангельдиевна
кандидат физика - математических наук, доцент
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті,
Адрес: город Жанаозен мкр Рахат 1, улица Кызгалдак, 77
Телефон: +7 (702) 569-83-84
E-mail:1ibatova_ainagul@mail.ru, 2aiman-80@mail.ru
Аннотация
Өзектілігі : 6,9 сыныптардың алгебра курсы бағдарламаларында теңдеу, теңсіздік, теңдеулер жүйелерін құру арқылы шығарылатын мәтінді есептерді оқып-үйрену жүзеге асырылады. Фабуласы бойынша бұл есептер дененің бірқалыпты қозғалысына, бірлескен жұмысқа, дененің массасын анықтауға, аудандарды есептеуге, құндық қатынасқа және т.б. арналған. Алгебра курсындағы мәтінді есептер – математикалық мәліметтерді, қандай бір ақпаратты қамтитын математикалық есептер.
Зерттеу нәтижелері осы сынып оқушыларының есептер және оларды шығару тәсілдері бойынша белгілі бір білімдері бар екендігін көрсеткенімен олардың мәтінді және стандартты емес есептерді шығару біліктерінің жеткілікті емес екендігін көрсетті. Осының нәтижесінде педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды.
Түйін сөздер: мәтінді есеп, педагогикалық эксперимент, зерттеу, бақылау, есеп шарты
Кіріспе
Педогогикалық эксперимент зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2018-2021 жылдары жүргізілді. Сонымен бірге келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды:

  • айқындаушы эксперимент (2018-2019 ж.ж.);

  • қалыптастырушы эксперимент (2019-2020 ж.ж.);

  • бақылаушы эксперимент (2020-2021 ж.ж.).

Зертеу жұмысы тұжырымдаған болжамды тексеру үшін нәтижелері статистикалық өңделген педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Эксперимент барысында зерттеу жұмысының болжамы тексерілді.
Зерттеудің базасы: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу процесін жүзеге асырып жатқан республиканың жалпы білім беретін мектептері.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген 7 сыныпқа арналған «Алгебра: Есептер жинағы» оқу құралы (Алматы: Мектеп, 2017. – 36б.) Жаңаөзен қаласының № 10, 15, 20 орта білім мектептерінде апробациядан, бақылау экспериментінен өтті.
Айқындаушы эксперименттің негізгі мақсаты: мәтінді есептерді, стандартты емес есептерді шығару бойынша білім сапасын арттырудың тктіктерін анықтау, оқушылардың есептерді шығару тәсілдерін меңгеру деңгейін тексеру, мәтінді және стандартты емес есептерді шығарудың тиімді және тиімсіз тәсілдерді пайдалануын анықтау.
Бұл кездегі зерттеудің негізгі әдістері: 7 – 9 сыныптардағы алгебра сабақтарын бақылау, мұғалімдер мен оқушылардан оқу іс – әрекетін қалыптастыру бойынша сұхбат алу, оқушылардың өзіндік жұмыстарының берілуі, оқушылардың жұмыс және бақылау дәптерлеріне талдау жасау, оқушылар мен мұғалімдерден сауалнама алу, 7 – 9 сыныпқа арналған алгебра пәнінің оқу бағдарламасына және оқушыларына талдау жасау. Бірінші кезеңде 7 – 9 сыныптардағы алгебра пәнінің 30 – дан астам сабағына қатыстым.
Зерттеу нәтижелері осы сынып оқушыларының есептер және оларды шығару тәсілдері бойынша белгілі бір білімдері бар екендігін көрсеткенімен олардың мәтінді және стандартты емес есептерді шығару біліктерінің жеткілікті емес екендігін көрсетті. 7 – 9 сыныптар оқушыларының оқу іс – әрекетінің қалыптасу процесі стихиялық түрде жүреді; оқушылардың білім сапасын арттырудың қажетті шарты ретінде оқу материалдарын жүйелеуді қарастырмайды, мәтінді есептерді шығаруды оқытуда мұғалім жаппай оқыту түрін қолданады. Тәжірибелі мұғалімдердің жұмысын бақылай отырып, есеп мәтінінің белгілі бір сызбасы, есептерді шығару амалдары мен ережелер жиыны жүйелі берілмейтіні анықталады. Бұл математикадан біліктің жоғары деңгейде қалыптасуына мүмкіндік бермейді.
Сауалнама нәтижелері 7 – 9 сынып оқушыларының 75% есептер екі бөліктен тұратынын: шарты сұрағы болатынын білетінін көрсетті. Оқушылардың 87% есеп шартын түсіну тәсілдеріне есеп шартын қысқаша етіп жазып алу: үлгі, сызба, ауызша және кесте түрінде көмектесетінін көрсетеді. Оқушылардың көпшілігі есеп шешімін рәсімдеудің ауызша, іс – әрекет бойынша және теңдеуді құру тәсілдерін біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет