Курстық ЖҰмыс педагогика пәні «Оқыту түрлері және құрылымы»



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата07.01.2022
өлшемі185,8 Kb.
#19091
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Педагогика пәні

«Оқыту түрлері  және құрылымы»

Орындаған:  ІІ-курс студенті 

                      Мұханбетқадырова Ш.С.

Тексерген:  Байжанова З.Т.

Курстық жоба қорғауға жіберілді

_____________________________

Астана – 2015



C.Сейфуллин атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Кәсіптік білім беру кафедрасы

Педагогика пәні

Курстық жобаға

СЫН – ПІКІР 

Студент:  Мұханбетқадырова Ш.С. 201-кәсіптік білім беру тобы 

Жұмыстың тақырыбы:   Оқыту түрлері және құрылымы

Жұмыс мазмұнының берілген тапсырмаға сәйкестігі 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Кемшіліктер:_______________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Курстық жобаны тексеру күні______________________

Алғашқы бағасы _________________________________

Қорғауды өткізу күні_____________________________

Қорғағаннан кейінгі баға _________________________

Жетекші қолы____________




МАЗМҰНЫ

Кіріспе


1        Оқыту түрлері және оның құрылымы

1.1     Оқыту туралы түсінік..................................................................

1.2     Оқыту түрлері және олардың сипаттамасы................................

1.3     Оқыту процесінің құрылымы.......................................................

2        Дидактика тарихындағы оқыту түрлері.......................................

2.1     Дидактика тарихы және оқыту түрлері........................................

2.2     Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқыту.........................................

2.3     Бағдарламалы оқыту......................................................................

2.4     Проблемалық оқыту.......................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

ҚОСЫМШАЛАР




МАЗМҰНЫ

Кіріспе


1        Оқыту және оның құрылымы

1.1     Оқыту туралы түсінік..................................................................

1.2     Оқыту құрылымы........................................................................

2        Оқыту түрлері 

2.1     Оқыту түрлері және оларға сипаттама........................................

2.2     Дистанциялық оқыту технологиясы.........................................

2.3     Проблемалық оқытудың теориялық негізі..................................

2.4     Проблемалық оқытудың тиімді жақтары ...................................

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

ҚОСЫМШАЛАР



КІРІСПЕ

          Оқыту   –   мұғалім   мен   оқушылардың   белгіленген   мақсатқа   жетуге

бағытталған, реттелген, бірлескен іс – әрекеті, оқушылардың танымдық іс –

әрекетін   арнайы   ұйымдастыру.   Тәжірибеде   оқытудың   көптеген   түрлері

қолданылуда.   Мұғалімдер   барлық   пайдалы   оқыту   түрлерінен   бас   тартпай,

жақсыларын   жаңа   жүйеге   пайдалануда.   Мұғалім   сабағын   шәкірттеріне

ұғымды ету үшін оқу деректерін қалай реттеп, қандай жол, әдіс қолдана білу

керектігін білуі керек. 

     Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір

мақсат,   бір   мүдде,   бір   болашақ»   атты   2014   жылғы   жолдауында:   «Барлық

дамыған   елдердің   сапалы   бірегей   білім   беру   жүйесі   бар.   Ұлттық   білім

берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп

тұр.   2020   жылға   қарай   Қазақстандағы   3-6   жас   аралығындағы   балаларды

мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға

заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну

маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев

зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері

қазақ,   орыс   және   ағылшын   тілдерін   білуге   тиіс.   Оларды   оқыту   нәтижесі

оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау

машығын игеру болуға тиіс. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және

кәсіптік   білім   берудің   ұлттық   жүйесінің   негізін   қалыптастыру   керек.

Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге

көшіруді қарастыру қажет.» - деп айтып, оқытуға баса назар аударуды талап

еткен. 


     Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді,

сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып

Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру

жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда

көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

      Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр

оқытушы,   өз   білімін   жетілдіріп,   ескі   бірсарынды   сабақтардан   гөрі,   жаңа

талапқа   сай   инновациялық   технологияларды   өз   сабақтарында   күнделікті

пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл

жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім

беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын

енгізу,   білім   беруді   ақпараттандыру,   халықаралық   ғаламдық

коммуникациялық   желілерге   шығу»   деп   атап   көрсеткен.   Елбасымыз   Н.Ә.

Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің

қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50

елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі




даму   кезеңі   білім   беру   жүйесінің   алдында   оқыту   үрдісінің

технологияландыру   мәселесін   қойып   отыр.   Оқытудың   әртүрлі

технологиялары   сарапталып,   жаңашыл   педагогтардың   іс   –   тәжірибесі

зерттеліп, жалпы оқыту  өміріне енуде.

     

Қазіргі кезде оқытудың көптеген түрлері бар. Сол оқыту түрлерінің мәнін



түсіндіріп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу мақсатында

біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын : « Оқыту түрлері мен құрылымы»

деп алдық.

     Курстық жұмыстың пәні : Педагогика.

     Курстық жұмыстың обьектісі : Оқыту түрлері және оның құрылымы. 

         Курстық   жұмыстың   мақсаты   :  Оқытудың   түрлерін   және   оның

құрылымын   жан   –   жақты   қарастыру.   Оларды   қолдана   отырып,   оқушыға

сапалы және нәтижелі білім беру. 

     Курстық жұмыстың міндеттері : 

- Оқыту түрлерін анықтау;

- Оқыту түрлеріне сипаттама беру;

- Оқыту   түрлерінің   жас   ұрпаққа   білім   берудегі   маңыздылығын   ашып

көрсету;

- Оқыту түрлерін талдау;

- Оқыту құрылымын анықтау;

- Оқыту құрылымының қорытушы бірлігін анықтау;

- Оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі

заңдылықтарымен әр – түрлі жолдар арқылы қаруландыру;

- Оқушыны дүние тануда түрлі тәсілдер арқылы бұрын ғылымда белгілі

болған,   зерттеліп   дәлелденген   жаңалықтарды,   заңдылықтар   мен

тұжырымдарды меңгерту арқылы әрі қарай дамыта түсу.

      




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет