Лекция қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Тажитаева Р. С., с.ғ. к., доцент Лекция жоспары: 09/29/2023



бет1/5
Дата29.09.2023
өлшемі1,47 Mb.
#111856
түріЛекция
  1   2   3   4   5

3-лекция қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Тажитаева Р.С., с.ғ.к., доцент


Лекция жоспары:
09/29/2023

  • Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде.
  • Саясат функциялары мен құрылымы және ұйымдастыру деңгейлері.
  • Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.
  • Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Саясаттың әлеуметтік негіздері.
  • Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты.

Саясат дегеніміз не?

Саясат анықтамасын үш тұрғыда қарастыру кездеседі:

1. Әлеуметтік анықтама, саясат - қоғамдық өмірдің басқа салаларымен, көбінесе экономика арқылы сипатталынады. Экономикалық детерминизм теориясы саясат экономика өнімі, ол экономикалық мүдделер арқылы анықталынады дейді. Саясат пен экономика қарым-қатынасын қоғамдық өмірдің екі тең құқылы факторы ретінде қарау тиімді тұрғы болып саналады.

2. Саясатқа мәндік негіз арқылы анықтама беру, яғни саясат - билікпен байланысты сала, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдануы. Саясатты билік арқылы анықтауда мемлекет ұғымы нақтылауға көмектеседі. Саясат пен мемлекет байланысы тығыз, бірақ саясаттағы мемлекеттік аспектіні абсолюттендіруге немесе жоққа шығаруға да болмайды. Саясаттың ақиқат мәнін мемлекет бейнелейді;

3. Саясаттың қызметтік анықтамасы, саясат - қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасына тәуелді, сондықтан ұйымдастыру және реттеу қызметтерін атқарады.


Саясат туралы тұжырымдар
Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель «саясат» сөзін мемлекеттік қызметпен байланыстырды. Аристотель саясаттың мақсаты жалпының мүддесі болатын мемлекеттік құрылыс формалары дұрыс деп санаса, Платон саясат бірге өмір сүру өнері деп санады.
Н.Макиавелли саясатты «билікке келуге, ұстап тұруға, пайдалануға көмектесетін құралдар жиынтығы» деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет