Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтік жұмыстың тарихы



бет1/16
Дата10.01.2023
өлшемі136,58 Kb.
#60784
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Лекция сабақтарының толық мәтіні


1 Модуль. Әлеуметтік жұмыстың тарихы.
1 тақырып. Әлеуметтік жұмыстың дамуы мен қалыптасуы. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың қалыптасу тарихы.

Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік жұмыстың тарихи алғышарттарымен танысу.


Негізгі ұғымдар
Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік көмек, қайырымдылық және мейірімділік.


Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтік көмек көрсету ең негізгі тарихи түсінік ретінде.
2.Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуы, кезеңдері, формасы.
3.Қазхақстандағы әлеуметтік көмектің дамуы мен пайда болуы.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен практиктердің қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер қызметінің спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар. Осы тұрғыдан, ғылыми білім аумағында еңбек сіңірген адамдардың әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихының нақты кейіпкері болмай қалу қаупі туындауы мүмкін. Осы сияқты мәселелерді шешудің қиындауының себебі мынаған байланысты: әлеуметтік жұмыс аумағындағы кез келген үлкен теоретик пен практиктің базалық білімі әлеуметтік жұмыскер болмауы мүмкін, бұған мысал ретінде Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің бұрынғы деканы Рональд Фельдманды немесе Канаданың Калгари қаласының ірі университеттің әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы Рей Томлиссонды бөліп көрсетуге болады. Осылайша, Гетеборг университетіндегі әлеуметтік жұмыс институты бағдарламасын ұзақ уақыт бойы басқарған, Швециядағы әлеуметтік жұмыс аумағндағы ғылыми зерттеулердің негізін салушы Харольд Сиднер философия ғылымдарының докторы болып табылады, мәдениеттану әлеуметтік философиялық зерттеулерде үлкен тәжірибесі бар, социология аумағында мамандалған (Ол Лунд университетінің социология бөлімін аяқтаған) Швецияда Сведнердің зерттеу қызметінің ықпалынан 80 жылдары құрылымды әлеуметтік жұмыстық ғылыми дәстүрі, оның қазіргі кездегі адамның даму контесіндегі жүйелі – функционалдық көрінісі күшейді.
Ерекше атап өтетін жайт, Х.Сведнер КСРО-ның әлеуметтік-мәдени дамуының философиялық-гуманистік дәстүрін жоғары бағалаған және бағалайды да, ол әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік этникалық негіздерін зерттеуде орыс ойшылдарының әлеуметтік қызметінің идеялары мен тәжірибелріне сүйенген. Олар: Л.Толстой, И.Бунин, А.Чехов, Ф.Достоевский және т.б.
Х.Сведнер С.Г.Струмилин, А.С.Макаренко, В.И.Ленин, А.Колонтай, И.И.Павлов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.Әлеуметтік жұмыс теориясы ұғымының негізін салушылар Ализе Соломон, Мария Гахери, Элизавета Фрай, Джеймс Адамс, Мери Ричмонд.Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыста фрейдизм мектебі бағыттары қалыптасты.Яғни ХХ-ғасырдың I-ші жартысында әлеуметтік жұмыстағы психодиагностикалық басымдылықпен қамтамасыз ететін Зигмунд Фрейд және оның шәкірттерінің психоанализді жақтаушылардың теориялық нәтижелерінің әсері.Фрейдизм бағыты әлеуметтік жұмыстың теориялық негізінің дамуына өз ықпалын тигізді.Қазігі күнде Фрейдизм өзгере отырып,әлеуметтік жұмыстың теориясында жоғарғы деңгейде қолданылады.Әлуеметтік жұмыстың теорияларын қалыптастыруда педагогтардың қосқан үлесі зор.
Профессор Х.Сведнердің теориялық, зерттеуі, білім беру аумағандағы қызметі әлеуметтік жұмыс туралы жүйелі, философиялық, гуманистік ойлардың тек Швецияда ғана емес, сондай-ақ өзге де Скандинавия елдерінде, Шығыс және Батыс Европада, Жапония мен Қытайда таралуына үлкен ықпал етті.
Х.Сведнердің беделі, белсенді ғылыми оқытушы қызметі әлеуметтікжұмыс теориясының жүйелі бағытының, позициясының күшеюіне негіз болды.
 Тағы бір мысал келтірейік. Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың когнетивті теориясы кең таралды, әрине, бұл объекті жағдайлардың әсерінен, қазіргі заман адамының әлеуметтік қорғаудың технологиялары мен заңдылықтарының теориясының өзіндік дамуы ХХғ. Адам өміріндегі интеллектуалды компоненттерінің өсу тарапынан жүреді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс теориясы әсерінің өсуін қамтамасыз етуде индивидуалды тұлғалық фактор үлкен роль атқарды, 80 жылдары Э.Гольдштаймның белсенді теориялық қызметі және кең тараған когнетивті гуманистік теориялары айтарлықтай тиімді болды және кең таралды, В.Франке жасаған логотерапияның әлеуметтік-психологиялық негіздері европалық әлеуметтік-мәдени дәстүрі бар көптеген елдерде әлеуметтік жұмыстың когнетивті теориясының таралуына ықпал етті. Жоғарыда келтірілген мысалдардан әлеуметтік жұмыстағы белгілі теоретиктердің әлеуметтік білім тармақтары сәйкес келетін әлеуметтік дамуда осы аумақтың дамуына әсер еткендігі байқалады, ХХғ. әлеуметтік жұмыс теориясының даму тенденциясының қазіргі заманғы қалыптасуына базалық ғылыми пәндері, әсіресе психология мен социология белді мамандары ықпал етті.Әлеуметтік жұмыстың көптеген әлеуметтік және психологиялық бағытталған теорияларының дамуына әлеуметтік жұмыстың таза емес теоретиктерімен қатар, социология және психология мамандары, сондай-ақ педагогтар мен психотерапветердің қосқан үлесін атап өту қажет. Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасыуның алдыңғы сатыларына жоғарыда келтірілген жайттардың тән болуы заңды да, себебі, біріншіден, жаңа ғылымды зертеушілер өте аз, ал екіншіден, әлеуметтік жұмыс үшін базалық пән болып есептелетін аралас пәндер білімнің жаңа аумағына табиғи түрде өз өкілдерін тартуда, әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының аталуы жағынан социологиялық және психологиялық концепциялары жақын болуы да кездейсоқ емес (жүйелік, функционалды, әлеуметтік-психологиялық және т.б)
Қазақстан Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енді. Қазақстанда нарықтық экономиканың орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды компоненті әлеуметтік жұмыстың анықталуына әкелді. Әлеуметтік жұмыс теориясының негізгі бағыттары: халыққа әлеуметтік көмек көрсетудегі әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастырудан тұрады. Қазақстан халқының әлеуметтік – экономикалық жағдайы әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде әлеуметтік жұмыстың теориясының жүзеге асырылуының көрсеткіші болып табылады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты жетілдіріп оны әрі қарай дамытуда көптеген мекемелер айналысады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынң айтарлықтай көп болуы - отбасыларға, балаларға жасы ұлғайған қарттарға, мүгедектерге әртүрлі қызметтер түрін көрсету:
 1. әлеуметтік-медициналық;
2. психологиялық – педагогикалық;
3. әлеуметтік тұрмыстық.
Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету.
Әлеуметтік жүмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады.Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі. «Әлеумет» сөзі қазақ тілі сөздігінде «Адамдар қауышы» деп түсіндірсе, яғни социология (лат. Satsiolist қоғам, жалпы) деген мағына білдіреді. Ол бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын олардың қарым-қатынастарын және формаларын, оның салаларын зерттейтін ғылымы. Белгілі үрдісінде бірге білім алып, қоғамдық іс-шараларға қатысып әлеуметтік тәжірибе жинақтап «Әлеуметтану» үрдісіне қатысады.
Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына жаңартылған, әсерлі мемлекеттер қатарына кіреді. әлемдік бірлестік Қазақстандағы өзгерулерге оң көзбен қарайды. Қазақстанда әлеуметтану өз алдына қатаң ғылыми тәртіп қояды. Жоғары деңгейлі Ресей оқу орындарына сүйене келгенбіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 1910ж. әлеуметтік салада жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік университеті, жаңа атауы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтік жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары білікті әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. 1190ж. әлеуметтік қызметкерлердің дайындықтары күшейе түседі. Республиканың басқада жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыс бөлімі ашыла бастады. Қазіргі таңда еліміздің жеті жоғарғы оқу орындарында әлеуметтану кафедрасы құрылған. Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде және Л.Румилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік қызыметкердің жоғары деңгейде дайындау жүзеге асырылуда. Бұл жоғары оқу орнында педагоктар, әлеуметтік жұмыс саласын зерттейтін ғалымдар, әлеуметтік жұмыс ғылымы саласындағы ғалымдар жұмыс жасайды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Сонымен қатар, алғашқы рулық, тайпалық қауымдағы көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға және қоғам мүшелерінің бір – біріне рулық көмек көрсетуімен анықталған. «Әлеуметтік жұмыс» – бұл тарихымыздағы жаңа атау, жаңа прогресс болып саналады. Жалпы әлеуметтік жұмыс бірнеше мағынаға ие, мәселен адамдарға көмек көрсету – Ежелгі Римдік философтар «қайырымдылықтың қажеттілігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау» десе, антикалық философтар «құлдарға жанашырлық көз-қарас» деген. Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне қарай қабілетті азаматтарды жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау жасайды. Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Ал, республикада әрбір оныншы адамның проблемасы осыған келіп тірелетіні белгілі. Осыған орай «мүгедектігі бойынша» асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң 1997ж. Жарық көрген болатын. Бұл заң негізінде жәрдемақылар берілу және төлеу тәртіптері, мүгедектік санаттары, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлемдерін өтеу, сондай-ақ жәрдемақы төлемдерін өтеу жалпы ережелер мен құқықтарын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының осы заңға сәйкен қабылдаған республикасының өзге де нормативті құқықтық актілеріне көздемеген негіздерде және тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылыу жағдайы б/ша және жасына байланыстаы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқы бар деп айтылмаған. Сондықтан да мем-те осы тұрпаттағы саяси өмір сүру немесе күн көріс деңгейінің мүмкіндігі шектелген жандардың тұрмысына қажетті деп танымаған жәрдемақылардың белгілері және мекендер бойынша таратылуы материалдық ахуалды оңалту жолындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар болып табылады. Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі – мүгедектер. Сондықтан мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, елдік еркіндігін орнатып, тәуелсіздік ұғышын сіңдіруді бастаған тұста 1991 ж. тұңғыш рет «мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қабылданды. Бұл заң негізінде мүгедектердің әлеуметтік қаштамалыздануы, қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау тарифтері сияқты тұстары ескерілді. Қабылданған заң бойынша халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің ұйғар бірқатар мәселелерді шешу көздемеген.
Енді «әлеуметтік жұмыс» ғылымының қалыптаса бастаған кезеңі туралы айтатын болсақ, бұл кезеңнің тарихи ерекшеліктері Кеңес Одағының құлауы мен совет дәуірінің жойылуы, азаматтық қоғамның, жаңа таптардың дүниеге келуі болып табылады. Қарастырып отырған кезеңімізде бірнеше этап ерекшеленеді. 1985-1986 жж. - жеделдету кезеңі, бұл кезеңнің негізгі тапсырмасы кеңестік экономиканы әлемдік деңгейге шығару. 1987-1991 жж. - «қайта құру», «еркіндік», «демократия» ұрандарының кезеңі. 1992-1999жж. - түбегейлі реформалар кезеңі, бұл кезеңнің бастапқа нәтижесің өзі халықтың көпшілігін кедейлік шекарасына жеткізді. Бағаның өсуі мен халықтың табысы арасындағы айырмашылық жоғарылай түсті. Ең негізгі әлеуметтік проблемалар жұмыссыздық, халықтың еріксіз көшуі, қылмыстың көбеюі, туудың қысқаруы, сәбилер өлімінің көбеюі, маскүнемдердің, нашақорлар мен таксикомандар санының өсуі және т.б. болып табылды. Қоғамның мүліктік дифференцияциясы үрдісі тез күшейіп, шаруашылық-экономикалық байланыстың құлдырауы байқалды. Адамдар қиын әлеуметтік шиеленістерге тап болды және көп жағдайда олар бұл проблемаларды өздігінен шеше алмады. Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік жұмыс проблемасы ерекше орын алды. Ақырындап бұл мамандықтың да жүйесі қалыптаса бастады. Бұл уақыт 1991 жыл болып есептеледі, өйткені осы уақытта елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді. Әлеуметтік жұмыс -бұл қиын жағдайларға тап болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсетуге, адамның өзіне-өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби мамандық. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және оларды әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға, жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетеді және т.б. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты: 1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар; 2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар; 3) ірі банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар; 4) жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдары. ҚР әлеуметтік жұмыс мамандығы енді-енді қолға алынып, Республикамыздын басты бағытына айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет