Лекция. Тақырыбы: Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата01.03.2023
өлшемі436 Kb.
#70835
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 7



№7 
лекция. 
Тақырыбы: 
Қазіргі 
заманғы 
педагогикалық 
технологиялар
Лекция жоспары:
1. 
Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, 
технологиялары. 
2. 
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты 
міндеттері
Лекцияның мақсаты: Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі 
заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары жайлы ақпарат беріп
оларды ұтымды қолдану біліктілігін қалыптастыру. 
Лекцияның мәтіні  
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар 
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы. 
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас 
педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен 
тәрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру.
Ерекшелігі: 
1. 
мұғалім де, оқушы да субъект болады; 
2. 
басымдылық көрсетілмейді; 
3. 
бірлік одақта қызмет етеді; 
4. 
мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды; 
5. 
балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау
6. 
қоршаған орта педагогикаланады. 
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили 
бойынша). Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш. А. 
Амонашвили. Мақсаты: баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп 
тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық 
күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай 
жасау. Ерекшеліктері: 
1. 
ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; 
2. 
бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын 
қалыптастыру; 
3. 
әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; 
4. 
рухани жетілдіру; 
5. 
ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау
6. 
ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу; 
7. 
оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет