Лекция тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару Лекциялық сабақтың оқыту нәтижелері



бет1/5
Дата27.09.2022
өлшемі32,68 Kb.
#40459
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лек 4а

№ 4 Лекция тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару




Лекциялық сабақтың оқыту нәтижелері:
1.Білім берудегі менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттеу тәсілдерін пайдалана біледі;
2.Менежменттің негізінде мектепті басқару принциптері мен мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады;


Лекцияның мазмұны: Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге кӛшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім ӛз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сӛзсіз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, ӛйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап ӛте үлкен болып отыр. Мұғалім ӛзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, ӛз практикасында қолданған әрбір мұғалім ӛз сабағын нәтижелі даму жағынан кӛре алады.
Жаңа педагогикалық техналогиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің кӛтерілуіне жағдай жасайды. Оны
«жаңалық», «жаңа әдіс», «ӛзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім ӛз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық кӛзқараспен қараған мұғалім техналогия бойынша жұмыс атқара алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, тӛртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім кӛзі болмай, керісінше мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда ӛмірде болып жатқан ӛзгерістерге байланысты қоғамға шығармашылық әрекет ететін шығырмашыл тұлға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Қазіргі заманның талабына сай сабақта қолданылып жатқан жаңашыл әдіс тәсілдер кӛп.
Бастауыш сынып оқушыларын кӛбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін кӛрсетеді. Олар оқушының ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз»,«түзетіңіз»,«дәлелдеңіз»,«жинақтаңыз», деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Мен үшін ең негізгі мақсат – әр сабағымды түсінікті, тартымды, тиімді ӛткізу. Мұны жүзеге асыру үшін түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Сабақта пайдаланып жүрген жаңа әдіс тәсілдеріммен бӛліскім келеді.

Мысалы сабақтың бірінші кезеңіне тоқталатын болсам қызығушылықты ояту кезеңінде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, оқушыларды сабаққа тарту мақсатында алдымен «Ӛзің таңда» әдісімен топқа бӛлу, мұғалім ӛзі үш оқушы таңдайды, ол топ басшысы болады, әр топ басшылары ӛздерінің қалауымен тобына оқушы жинайды. Мысал: Алиді шақырамын, неге?ол ақылды, білімді, досым т,б. яғни оқушының таңдауына мүмкіндік беру арқылы топқа бӛлуге болады.
Үй тапсырмасын «стикердегі диалог»әдісімен бекіту яғни сұрақ және басқа сұрақтың жауабын бір оқушыға беріледі. (сұрақтың жауабын табу керек) бұл әдістен оқушының үй тапсырманы қаншалықты түсінгенін толық тексеріледі.
Жаңа сабаққа кӛпір салу кезеңінде «Видео ролик» кӛрсету арқылы, немесе жаңа сабаққа байланысты суреттерді жасыру арқылы, зерттеушілік әңгіме жүргізіледі: -не байқадыңыздар? -Қандай ой түйдіңіздер? т.б. сұрақтардың жауабын ала келе сабақтың тақырыбы оқушылармен бірге ашылады. (Видео роликті мұғалімдерге арналған (I.Mekten) электронный почтасынан алуға болады)
«Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыздар?» деп ой тастау арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндетін шығарады.(ӛз ойларын стикерге жазып карзинкіге жапсырады, мысалы: қызықты есептер шығарамыз, ойнаймыз, логикалық есептер шығарамыз т.б.) Бүгінгі сабақта критерий арқылы ӛздеріңді бағалайсыңдар, маршруттық картаға аты жӛндеріңді жазып, әр тапсырма сайын ӛздеріңді бағалап отырасыздар және сабақ соңында мақсатыңа жеттің бе? Әлде талпынасың ба? Соны анықтайтын боламыз деп ескертіп маршруттық карта үлестіру. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының ӛздігінен білім алу, ӛзін-ӛзі ӛзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сӛзбен айтқанда, ӛзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. «Мазайка» әдісі арқылы «Геометриялық конструктор құрастыру» (топпен жұмыс)
1 топ: «Сиқырлы сопақша» (қызықты математикалық тапсырма) 2 топ: «Қызықты шаршы» (әзіл есептер )
3 топ: «Жапырақ» (сӛз жұмбақ, санды ребустар шешу) немесе әртүрлі теңдеулер, мазмұнды есептер құрастыруға болады.
Мысалы: Дүниетану пәнінен «Ойлан, Бірік, Бӛліс» әдісімен оқулықтағы «Орман-тоғай ӛсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын талқылауды ұйымдастыруға болады. Топтарға тапсырма берілді, жаңа тақырыпты жеке жұмыс, топтық жұмыс арқылы талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет