Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні


Түркі тілдерінің фонетикасына негізделген В.В.Радлов төртке топтады



бет34/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Түркі тілдерінің фонетикасына негізделген В.В.Радлов төртке топтады:

  1. Шығыс группа (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т.б.)

  2. Батыс группа (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт т.т)

  3. Орта Азия группасы (ұйғыр, өзбек т.т)

  4. Оңтүстік группа (түрікмен, азербайжан, түрік т.т.)

  • Академик Ф.Корштың 1910 ж жіктеуі. Ол фонетиканың морфологиялық ерекшеліктерін есепке алып 4 бөлді:

    1. Солтүстік тобы: алтай, қырғыз, қарағай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт, чуваш, т.т. Сөз соңындағы «Ғ» дыбысын «У» дыбысына алмастырады, осының негізінде созылыңқы айтумен ерекшеленеді: тағ – тау – тоо.

    2. Батыс тобы: түрікмен, түрік, азербайжан, гагауид т.т. Бұл тілдер қосымша басындағы «Ғ» дыбысын жоғалтқан (қал ан) болса да, сөз соңындағы «Ғ» дыбысын сақтап қалған (тағ - тау), қысан дауысты дыбыстан соң түбір соңында «Ғ» сақталынбаған сары – сарығ.

    3. Шығыс тобы: көне орхон, көне ұйғыр, шағатай, қыпшақ, қарағас т.т. СӨз соғында «Ғ» сақталған (тағ), қосымша «Ғ» басталды. (қалған), сөз соңындағы қысаң дауыстыдан кейін «Ғ» сақталынған сарығ.

    4. Аралас топ: солтүстік алтайлықтар, саха, чуваш т.т. (Москва 1910 г этнограф обохрение).

    1. А.Н.Самойлович 1922 ж Некотрые дополнения классификациям турецких языков топтауы. Радлов пен Корнеттың топтауын қолдай отырып, түркі тілдеріндегі тек 6 сөзге (тоғыз, аяқ, бол, тау, сары, қалған) фонетикалық, морфологиялық бнлгісіне қарап алтыға топтайды:

      1. Р – тобы: бұлғар, чуваш т.т. (М: тохор, ура, қалам).

      2. Д – тобы: якут, ұйғыр, орхон – енисей, тува, тофа (қарағас) салар немесе солтүстік – шығыс тілдері: тоқуз, адақ, пол, тағ, сариғ, қалған.

      3. Тау – тобы: қыпшақ, солтүстік – батыс тілдері (алтай, телеуіт, қырғыз, құмық, қашай, балқар, татар, қарайым, башқұрт, қазақ, ноғай). Іштей 2 бөлген: моңғолдарға дейін, кейін, соңғы қазақ, ноғай екінші топқа екуі.

      4. Тағлық тобы: көне шағатай, қытайдағы түркілер, өзбек т.т. (М: тоқуз, айақ, бол, тағ, сарық, қалған.

      5. Тағлы тобы: қыпшақ – түрікмен, хорезм өзбектері тілі. (М: доқуз, айақ, бол, тағ, сары, қалған).

      6. Ол тобы: Түрікмен, әзербацйжан, түрік, гагауыз. (М: доқуз, айақ, ол, дағ, сары, қалан).



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет