Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны



бет28/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Махамбетқазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны.Махамбет – тілге шебер ақын. Ол - өзіне дейінгі ақындар шешендігін, халық даналығын игерген.
Елден айрылып, қуғынға түскен ерлердің халі, лашыннан ығысқан панасыз қызғыш құс тағдырына ұқсата жырланады.
Нақты тұжырымдар, өзіндік эпитет, метафоралар әртүрлі жаңа ұғым берерлік көркем сөздер Махамбет өлеңдерінде көп кездеседі.
Халық батырларының бойларына тән асыл қасиеттер, олардың жан тазалығы, басына түскен жайттар табиғи құбылыстарға баланып суреттеледі. Адал азамат – ақсұңқар құстың баласы, асқар таудың су бүркіті ретінде көрсетіліп, өлексе аңдыған күшігендерге қарама-қарсы қойылады.
Ақ сұңқар құстың баласы.
Қасқыр тартқан жемтікке,
Ағармай көзі қонарма?!
Асқар, асқар, асқар тау
Асқар таудың су бүркіт
Ылдидың аңын шалар ма?!
Махамбет өзінің шығармаларында табиғат көріністерін айтқалы отырған ойларына шебер ұштастырып, қайталанбас образдар асайды. «Арғымақтың баласы» өлеңінде де асыл жандар бейнесін – ағыны күшті дарияға шендестіре тапқыр образдар жасайды.
Махамбеттің көптеген өлеңдерінде кездесетін ақындық «Менің» мәні терең. Оған халық ерлігі, халықтың ең асыл қасиеттердің бәрі түгел сыйып жатады.
«Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Боз ағаштан биік мен едім», «Томағалы сұңқар мен едім», « Таудағы тарлан шұбар біз едік», «Мен бір шарға түскен қара балта едім», «Мен ақсұңқар құстың сойымын», «Шамдамсам шығар асаумын», «Шамырқансам сынар болатпын» деп келетін көптеген троп, метафора (ауыстырыулар) ақын тіліндегі көркемдеу құралдардың сан алуан құбылып отыратынын танытады. Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан, эпитет, метафаралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздермені суреттеп, батыр тұлғасын танытар айқын теңеулер табады.
Ақын өлеңдері өзінің құрлысы жағынан да көңіл аудартады. Ал мұның өзі күрес идеяасын беруге ыңғайлы өлең құрылысын керек етті. Махамбет батырлар жырының құрылысын қолданды. Жырларда мөлшерлі шумақ болмайды, буын саны көбіне 7-8 болғанмен, онда басқа да мөлшерлер (11, 12 буын ) ұшырай береді. Жырлардың буыны 11 болса да, ол төрт жолды бір шумақ қара өлеңмен шатаспайды, өзінің жыр қалпын сақтайды.
Махамбет өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі де бар. Оның көп қолданатыны –шұбыртпалы ұйқас.
Үш жолды шумақ өлеңдердің де соңғы 3-жолдары ұйқасып, басқа жолдар кей жерде алғашқы буыннан ғана ұқсайды. «Тілек», «Аймақ көл» деген әр шумағы үш жолдан тұратын өлеңнің ұйқасы осындай;
Қаумалған жаудан қайтпаған, (а)
Қайнаған қара бұлттай, (б)
Қарсы біткен жүрегім, (в)
Ертеден кешке деиін зарласам
Бермей ме екен құдайым, (ә)
Біздей тарыққан елдің тілегін.
Сондай-ақ «Аймақ көлдің» әрбір үшінші жолы да «соң» деген сөзбен аяақталып ұйқасады.
Ақын өзінің біраз өлеңдері арнау түрінде туған. «Қайда бар», «Жалған дүние» және басқа да көптеген өлеңдері сұрай арнау түрінде келеді. Ақынның «Әрайна, «Күн қайда» және басқа өлеңдері де осы тектес шығармалар.
Ақынның көп өлеңдері нақыл, мәтелге толы. «Аспандағы торғай», «Ай артында бір көл бар», «Мен тауда ойнаған қарт марал» «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Мен, мен едім», «Туған ұлдан не пайда?» «Бағаналы терек», «Арғымақтың баласы», «Атадан туған ардақты ер» және басқа да жырлары түгел дерлік нақыл сөздерден тұрады.
Аспандағы боз торғаи
Бозаңда болар ұяасы
Бозаңның түбін су алса
Қайғысыз болмас анасы
Қара лашын ақ тұйғын
Қайында болар ұясы.
Қайыңнын басын жел соқса
Қайғыда болар анасы
Айланбасты ала тау
Бауырында болар саясы
Тоқсан тарау су ақса
Дария болар сағасы.
Бұл шумақтарда шешендікпен бірге суреттеу де бар. Ал ақынның «Аймақ көл» әр шумағы 3 жолдан тұратын өлеңі де шешендігімен тартымды шығарма.
Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым, Аралбай, Қашаған, Ғылман сияақты ақындар еліктен, оның творчествосын жақсы біліп, әдеби үлгі алған.
Махамбетті біз соңғы кезге дейін ақын деп қана келгенбіз. Кейін табылған деректерге қарағанда, ол тек ақын ғана емес сонымен бірге зор өнерпаз, жан-жақты талант иесі екені анықталды. Жуықта оның екі күйі табылды. Бұл күйлерді Орал обылысында тұрған атақты домбырашы Сүйінбекұлы Оразғали (1889-1964) сақтап келген. Ол күйді Махамбеттен Тазбала, одан Сүиінбек, Сүиінбектен Орекең ақсақал үйреніп тартқан. Домбырашы Махамбетің «Баймағанбетке,» «Қайран нарын» деген күйлерін орындағанда ақының осы тақырыптағы өлеңдерінің мазмұны еріксіз еске түседі. Бұлардын бірінен жігерлі екпін мен ерлік сырыны естіле, екіншісінен елін, жерін сағынып қайғыға берілген ардагер ақының мұң-шері сезіледі. Махамбетің көптеген күйлері нотаға түсірліп, «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен 1982 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрді.
Махамбет шығармаары өз кезіндегі және кейінгі діуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптасып дамуына мықты ықпал етті, өміршең риалистік әдебиетті нығайта түсті.
Махамбет поэзиясы ХІХ ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды.
Махамбет, сонымен бірге қазақ поэзиясында қоғамдық күресшілдік сананы нығайтып, сын сықақ сарынын қалыптастырды. Қазақ сатирасының өткір үлгілерін көрсетіп кейінгі көп ақындар ұстаздық етті. Поэзияның көркемдік, идеяалық жағынан жетіле түсуіне сүбелі үлес қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет