Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет32/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Ақынның термелерінің де мәні зор. Батыр да, жүйрік те, ақын да, өнерпаз да, сұлулар да дүниеден өтеді. Олардың бәріне өмір де, өлім де ортақ. Сондықтан адам баймын, бимін, батырмын, сұлумын, шешенмін деп, өзгелерден өзін оқшауламай, бірлесе іс қылып, тату-тәтті өмір сүрсе, береке осында деген арман білдіреді ақын.
Ақын халықты жақсылыққа, дамгершілікке үндеп отырады. Ол әр уақытта әділетті өмірді аңсаумен болады. Ел-жұрттың бірлігін, тату тұруын, жәйлі тұрмыс құруын, хан, билердің әділдігін, олардың ақылмен іс қылып, халық қамын ойлауын, ел дәулетін молайтуға күш салуын аңсайды. Шернияз:
Қызыл тіл сөз сөйлесем безерілген,
Заманым жылдан жылға шегерілген,
Әр жерде алқа көрсем, тұра алмаймын,
Осындай қызыл тілге шеберімнен.
Өзім де сөз айтуға шебер-ақпын,
Сөйлеуге ернім епті емерілген, -деп жыр өрнегін төгеді.
Адамның ең бір қызықты шағы—жиырма бестегі кезін «қылаң еткен жиырмабес, шабатұғын қылыштай, жылтың еткен жиырма бес» десе, адамның толысқан жастағы күйін «орда бұзған отыз бес, қынсыз қылыш қырық бес» деп бейнелейді. Одан кейінгі кезеңдерді ақын «емен шоқпар елу бес, әрмен-бермен алпыс бес, жер таянған жетпіс бес», - деп түйіп, айқын эпитетермен өте ұтымды суреттейді.
Шернияздың жүйрік ақын болғанын оның Баймағамбет үйінде отырып айтқан астарлы да мысқылға толы өлеңі дәлелдейді. Ол Баймағамбет қыздарын мақтағанда сұлтанның өзін мақтағаны сияқты жеңіл-желпі сөздермен желбауыздап өте шығады.
Байеке, сіздің қызда жаман бар ма,
Сіздің қызды жаман дер заман бар ма,
Еркек болса әр жұртқа хан болғандай,
Әйел қылған аллаға амал бар ма?
Бұл өлеңнің мысқыл, кекесін, жорта мақтау түрінде айтылғанын оқыған адам бірден-ақ байқады.
Шернияздың Баймағамбетке келуі қазақ жағдайына сыйымсыз емес. Ондай жағдай талантты ақындар басына жиі тұүсіп отырған. Жанақтың Рүстем төреге келуі, Орынбайдың Ерден батырға келуі, Сүйінбайдың Тезекке, Шөженің Бәйтікке келулері—бәрі сабақтас тағдырдың азабынан, кезіндегі ақындар жағдайының ауырлығынан туған ащы шындық. Бұндайда қылыш астында тұрып ақын ары сынға түседі. Сөйтсе де ақын ақыл тауып, шындықты айтады, өз басын арашалап қалады. Бірақ мұндай жағдай кейбір ақындардың шындықтан ауытқуына, қайшылықтарға ұрынуына, таптық санасының көмескіленуіне әкеп соқтырмай қоймайды. Шернияз осындай ауыр ар азабын тартып, қайшылықтарға ұрынған ақын болды. Профессор Е.Ысмайылов «сыншыл ақындар шындықты айтып, халық тілегін жарлауға қаншама тырысқанымен, саяси-экономикалық үстемдік қолында отырған тап ақынды еркіне жібермейді, өзінің таптық тілегіне қарай бұрмалап айтқызуға тырысады. Мұндай трагедиялы жағдайда нағыз турашыл деген ақындардың өзі де амалсыз екі жақтылыққа, жалтақтылыққа салынады. Турашыл, сыншыл ақын негізінде өмір шындығын айқын да терең жырлай отырып, екінші жағынан, өзі жасаған дәуірдегі үстем таптың идеологиялық әсерінен құтыла алмайды. Шығармашылық қайшылықтарға салынады. Осы екі жақтылық, аянышты халді Шернияз ақынның жырлауынан айқын көруге болады. Бір жағынан, Баймағамбет сұлтанды өлтіре сынайды, екніші жағынан, оны мақтайды», - дейді. («Ақындар». 112-бет. А., 1951)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет