Лексикология. Оның салалары мен түрлері



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі11,97 Kb.
#107645
түріҚұрамы
  1   2   3

Лексикология. Оның салалары мен түрлері

ЛЕКСИКОЛОГИЯ. ОНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ.
Лексикология тілдің сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы.
Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу өрісін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын қарастыратын ғылымды лексикология (гректің lexikos- сөздік+logos-ілім) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы - қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым.
Лексикологияның негізгі объектісі – сөз, ал сөздің қыр-сыры өте көп.
Сөздің тілдік табиғатын түсіну үшін, оған тән және оны тілдегі басқа единицалардан ажырататын белгілерді білдіру қажет. Ол белгілер мыналар:
  1. Сөз – тілдің дыбыстық заңдары бойынша жасалған дыбыстық құрылым бірлігі. Сөздің дыбыстық құрылым бірлігі сол тілдің фонетикалық заңдарына орайласып жасалады. М: қазақ тілінің фонетикалық заңы бойынша сөз басында екі дауыссыз дыбыс тіркесіп келмейді.


  2. Тілдегі сөз көп тілдің грамматикалық заңдарына сәйкес жасалады. Сондықтан сөз әрдайым белгілі бір грамматикалық формада тұрады. Сөз бір тұтас тұлғалану қасиеті жағынан еркін сөз тіркестерінен де, тұрақты сөз тіркестерінен де ажыратылады.


  3. Сөз – тіл деңгейінің, тіл жүйесінің мағыналы единицасы. Қандай да бір сөз болсын, ол белгілі бір мағынаны білдіреді. Мағынаны білдіру жағынан сөз фонемадан ажыратылады. Фонема мағынаны білдіре алмайды. Ол сөз құрамында мағына ажыратушылық қызмет атқарады. М: тал-бал, фонеме т, б дыбыстары. Мағынаны сөз білдіріп тұр.


  4. Сөз құрылымдық тұйықтылығымен, яғни өзінің құрамына басқа бір сөзді ендірмеу қасиетімен сипатталады. Бір тұтас сөздің ішіне, оның мағыналық бөлшектерінің (морфемалардың) аралығына, әдетте, басқа бір сөз ене алмайды. Ал сөз тіркестерінің сыңарларының аралығына басқа бір сөздің енуі әбден ықтимал.


  5. Сөздің сөз тіркесінен, сөйлемнен тағы бір айырмашылығы – белгілі бір лексико-грамматикалық топтарға, яғни белгілі бір сөз топтарына қатысты болады. М: адам, қала, құс – зат есім, ақ, қызыл – сын есім.


  6. Сөз қарым-қатынас жасау процесінде, сөйлеген кезде ғана жасала салынбайды. Сөз сөйлеу (речь) процесінде бір тұтас құрылымдық-семантикалық единица ретінде сөз тіркесі мен сөйлем құрамында дайын материал ретінде қолданылады.


Лексикология тілдегі сөздерді жан-жақты, әртүрлі тұрғыдан зерттейді. Соған орай, лексикологияның бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше саласы мен тармақтары бар. Олардың негізгілері мыналар: семасиология, этимология, фразеология, ономосиология т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет