Лидерство в кризис



бет1/3
Дата10.10.2023
өлшемі23,26 Mb.
#113485
  1   2   3
Байланысты:
Әдеби тіл 3-топ (копия)


ҚР ғылым және білім министірлігі Абай атындағы ҚазҰПУ Филология Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
1. Көне түркі жазба ескерткіштері және қазақ әдеби тілі
2. Орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштерінің тілі
3. Қазақ ауыз әдебиетінің тілі
Орындағандар:
Сапарбай Мерей
Мұрат Айбота
Таурбек Ақжарқын
Әбілғазы Арайлым
Сисенбай Арай
Қабылдаған: Молдасанов Е.М
“Көне түркі жазба ескерткіштері ”
Таурбек Ақжарқын
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
  • Әліпби жазу дүниежізілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептелді. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі – руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған

Руналық жазу
Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған.
Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың “кілтін” тапқан – Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен.
Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни “құпия” жазу леп атап кеткен.
Вильгельм Томсен
(1842-1927)
Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
Енисей ескерткіштері.
Талас ескерткіштері.
Орхон ескерткіштері.
Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы.
Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр.
Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше.
Таурбек Ақжарқын
Тоныкөк жазба ескерткіші
Білге қаған жазба ескерткіші
Күлтегін ескерткіші
  • Көне түркі жазуларда, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады.

Таурбек Ақжарқын
XII-XVI ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері Орта Азия мен Қазақстандағы, Еділ бойындағы, Қырым түбегіндегі, Түркия топырағындағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екендігі анықталып отыр. Ол ескерткіштер: Рабғузидың «Қысас ул- анбия», Абу Хайанның «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» атты шығармасы, «Ортаазиялық тефсир», Саиф Сараидың «Гүлистаны», Қутбтың «Хосрау уа Ширины», Хорезмидың «Мухаббат-наме» атты поэмалары. Бұлар – араб әрпімен жазылып сақталған жәдігерліктер. 
Бұдан да ілге- ріректе, IX-Х ғасырларда дүниеге келген ескерткіштер де бар. Солардың бірі – «Оғұзнаме» эпосы. Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады.. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі – «Шежіре-и тарахима», («Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі – «Шежіре и Түрк» («Түркі шежіресі»). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. 
Сапарбай Мерей


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет