Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Пандемияға байланысты жаңалықтардағы саясаткерлер мен



Pdf көрінісі
бет76/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   165
Пандемияға байланысты жаңалықтардағы саясаткерлер мен 
танымал адамдар бейнесі
Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде жарияланған нақты 
бейнелер – саясаткерлер, жұлдыздар мен танымал адамдар бейнелері. Кез 
келген министр немесе министрлік өкілі мәлімдеме жасағанда, жаңалық 
сол адамның фотографиясымен беріледі. Оған қарама-қарсы, дәрігерлер 
немесе ғалымдар жасаған мәлімдемелерде иллюстративті суреттер ғана, 
оның ішінде контекске байланысты немесе медициналық нысандар 
бейнесі қолданылды. 
Tengrinews
сайтында танымал адамдар бейнесі жасаған мәлімдемелері 
туралы жаңалықтарда немесе бір адам карантин ережелерін бұзып, 
жазаланған кезде қолданылды. Бұл, бір тараптан, жұлдыздардың 
карантинді бұзғаны үшін жазаланғанын көрсету арқылы аудиторияны 
уайымға түсіріп, қорқыныш ұялатудың жолы болуы мүмкін. 
Holanews
халыққа көмектесіп жүрген әншілер бейнесін де қолданған. Екі сайтта да 


184
танымал адам қайтыс болғаны туралы жаңалық суреті ақ-қара фильтрмен 
берілді. 
Пандемияда жиі таралған тағы бір бейне – саясаткерлер мен 
шенеунік, мемлекеттік қызметкер, министр мен министрлік өкілдері 
бейнесі. Бұған дейін айтып өткеніміздей, ғалымдар мен дәрігерлер 
жасаған мәлімдемелер арқылы дәрігер бейнесі нақты қалыптаспаса 
да, пандемиямен күрестің ең негізгі тұлғалары ретінде саясаткерлер 
бейнесі өте айқын қалыптасты және сол бейнелердің басым көпшілігі – 
қазақстандық бейнелер. Сонымен қатар пандемия басынан халық немесе 
кез келген адам бейнесі көрсетілген кезде, әдетте бетперде таққандар 
көрсетілсе, шенеуніктің бетперде таққан алғашқы суреті сәуір айының 
соңында ғана қолданылды. Жалпы алғанда, бетперде таққан саясаткердің 
4 бейнесі сәуір айында, 2 бейне мамыр айында таралды.
Қорытындылай келе, пандемия кезінде вируспен алдыңғы сапта 
күресіп жүргендер ретінде дәрігер, зерттеушілер және көмектесіп жүрген 
қарапайым адамдар мен еріктілер емес, саясаткерлер, шенеуніктер және 
әншілер мен жұлдыздардың бейнесі қалыптасқанын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет