396
многие из которых присланы из Германии. В качестве дополнительного материала
используются Интернет ресурсы при подготовке занятий.
В летнее время, при церкви работает летний лагерь, где дети так же
продолжают свое обучение. Максимальное количество детей около 13 человек,
учитывая, что количество взрослых прихожан (старше 14 лет) на данный момент
около 50. На занятиях отмечается высокая активность детей в предложенных
заданиях, так как Писание и основные Библейские сюжеты подаются через игру.
Библейский час и Воскресная школа являются для прихожан важными
формами религиозного образования, в рамках которых не только даются необхо-
димые знания основ веры, но верующие учатся умению читать Библию и пони-
мать её. Качество проведения данных мероприятий высокое, так как основывает-
ся на желании самих прихожан и на отзывчивости пастора, который использует
доступные формы подачи религиозных знаний. В условиях распространения но-
вых религиозных движений, дающих свою интерпретацию христианства, очень
важным шагом для христианских конфессий является повышение религиозной
грамотности прихожан.
Литература:
1. Книга согласия. Переводчик: К.Комаров, Редактор русского текста: А.Комаров,
- Фонд «Лютеранское Наследие» ,1996
2. The encyclopedia of world religions / Robert S. Ellwood, general editor; Gregory D.
Alles, associate editor. — Rev. ed- USA, - 2007
3. Библия. – «Благая весть – Дилленбург», 2010
XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
МЕН ИСЛАМ ДІНІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ
Неталин Д. Қ.,
Астана қ., Қазақстан
Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық
дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат
адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып,
суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды,
шалғын, көк майсалы жерге айналды. [1, 3 б.]
Біз өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани
мұрасы бар халықпыз. Сондықтан, XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулардың
келер ұрпаққа қалдырған игі мұраларын атап көрсету міндетіміз. Бабалар мұрасы
бізді қашанда рухтандырып отырады. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп,
қастерлеуіміз керек. Өйткені Ислам – қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті,
өнері мен салт-санасының мызғымас бөлігі, тірегі. Тіпті Ислам дәстүрлерінсіз
қазақ мәдениетін елестете де алмайсыз. Сол себепті әркезде де Ислам біздің ру-
хани дамуымыздың негізгі ұйтқысы болып келеді және де солай бола бермек.
Әйтсе де біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихы тым тереңде жатыр.
Әдебиетіміз мен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-
құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз,тәрбиеміз, менталитетіміз де
Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті
397
негізінде қалыптасқан. Олай болса Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани
мұрамыздың қайнар көзі.
Ғалым Рашид Тәжібаев «Батыс пен Шығыс өркениеті ортасында - Қазақстан»
тақырыптағы мақаласында: «...қазір әлемде жаһандану, интеграция, модерниза-
ция деген сөздер негізінен Батыстың үстемдігін орнатуға бағытталып, Қазақстан
өзіне бейтаныс бұл ұғымдардың астарында қандай мағына жатқандығын білуі
керек. Әртүрлі дін, тіл, ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында ауызбіршілік
жағдайында ұстауға қаншалықты күші жетеді. Қазахстан үшін жаһандану, ин-
теграция, модернизация деген сөздер мақсат емес, мақсатқа жету жолында
қолданатын құрал болуы керек» деп өте орынды атап көрсетті.
Аталған инновациялық мағынадағы сөздерді құрал етіп пайдалану үшін
оларды игеру, мағынасын, астарын түсіну жеткіліксіз. Оларға қарама-қарсы руха-
ни күш, қуат ретінде өзімізге тән түпнегіздер мен сапалық белгілерді жарқырата
шығарып, басқалардың назарына ілігетіндей дәрежеде дамытуымыз керек. Осы
тұрғыдан Р.Тәжібаевтың мына бір пікірімен келіспеске болмайды. «Біз, өзімізді
әлемдік держава деңгейіне жеткізген мәдениетінімізді жаңғыртуымыз керек. Ол
әрине, Алтын Орда кезіндегі рухани байлығымыз» деп жазды. [2, 151,153 б.б. ]
Бұл тарапта, XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар
шығармашылығын, яғни рухани байлығымызды зерттеп, зерделеуде Т. Кенжа-
лы «Асан Қайғының дүниетанымы» [3, 25б], А.Қанағатова «Бұхар жырау мен
Қабан жыраудың этикалық көзқарастары» [4, 20 б], Б.Б.Арынғазиева «Хандық
дәуіріндегі ақын-жыраулар философиясындағы кісілік құндылықтар жүйесі (XV-
XVIII ғасырлар)» [5, 6 б] сияқты зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады.
Бұл зерттеулерде ақын-жыраулардың қазақ халқының ойлау мәдениетін
қалыптастырудағы өзіндік ізденістері мен ерекше табыстары сарапталды,
олардың поэзияның әдемі тілі арқылы берілген этикалық, дүниетанымдық
ұғымдарына назар аударылды. Елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық,
надандық пен көрегенділік , дін мен діл секілді ұғымдар төңірегінде біршама
пікірлер тұжырымдалды.
С.Ақатай 1985 жылы «Білім және еңбек» журналында «Асан Қайғыдан
Абайға дейін» деген проблемалық мақала жариялаған. Сонда ғалым халықтың
тұнып тұрған тарихи тұтасқан поэзиясын игеруіміз қалай,- деп заңды сұрақ
қойып, оған шығармаларымызға эпиграф ретінде қолдану мен жаттап алып,
таңдай қағудан басқа қомақты жұмысты тындырмағанымызды орынды еске сал-
ды.
Жаттау дұрыс ақ, бірақ ол рухани қазынаны игерудің ең оңай механикалық
жолы. Ал түбегейлі игеру көне мұрамыздың ұғымдық ой жүйесіне бойлай
кірумен, ол жүйеге бүгінгі сана дейгейімізде дәлелдеп тоғысып,байытып отыру-
ымызбен байланысты.
Бұл әрине, игерудің өте қиын жағы. Мұра бай болғанымен қазіргі мәдени
процесімізге етене кірмеген соң қосалқы, дербес, оқшау қозғалыссыз, «ой»
байлық қасиетінен жаңылмайды. Мұра мұндайда ұлт шекпенінде жарқырауық
әшекей функциясын атқармақ» [6, 22-23б.б.] деп орынды атап көрсеткен.
С.Ақатай ерекше көңіл бөлген мұраның ұғымдық ой жүйесіне бойлау
қазіргі уақыттағы ең маңызды мәселе. Ал оны түсіндіріп, қазіргі ұрпақтың
рухани дүниесінің пәрменді факторына айналдыру – кезек күттірмейтін маңызды
398
қоғамдық шара. Қазіргі терең қанат жайған ақпарат құралдары арқылы берілетін
көпжақты, әртүрлі сарындардағы хабарлардың экспансиясына душар болып
отырған жас ұрпаққа ұлттық өскелең, берері мол құнарлы рухани тәжірибесін
ұсыну бірден-бір қажеттілік.
XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармашылығы – қазіргі
уақыт қисынынан заңды туындап отырған рухани – мәдени сұраныстарды
қанағаттандыруға негіз, бастау болатын ұлағаты мол, берері көп дүние. Ойшыл
жырауларды толғандырған, ойландырған көптеген мәселелер қазір де өз маңызын
жоймай, қайта одан да тереңдей кетуде.
Бүгінгі болмысымызбен ақын-жыраулар кешкен уақыт пен кеңестікті сан
ғасырлық мерзім бөліп тұрғанына қарамастан, оның ізденістері мен ішкі жан
дүниесінің рухани – қуаты бізге жақындай түскендей әсер етеді. Бұл жалпы
барлық шығармашылық құдыретке, қабілетке тән бір ерекше заңдылық болса
керек. Жылдар, ғасырлар өткен сайын кейбір ой иірімдері өздерінің мағынасын,
мәнін жоғалтпай қайта түлеп, жарқырай, жаңғыра береді.
Ақын-жыраулардың дүниетанымы туралы жүйелі пікір айтудан бұрын XV-
XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар кімдер, шамамен қай ғасырда өмір сүрді,
қандай ортадан шықты, ол тіршілік еткен уақыттың тарихи ерекшеліктері неде?
деген заңды сұрақтар туындайды.
Әрине, ақын-жыраулардың шығармашылығына талдау жасау үшін бұл
қажет негіз, дегенмен ақындардың ойлау ерекшелігін, не нәрсеге көбірек көңіл
аударғанын анықтау үшін, ең алдымен, ол өмір сүрген уақыт тарихилығы мен
кеңістігін, заман тынысын, халықтың даму үрдісін, ерекшелігін білуіміз аса
маңызды.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған.
Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының
өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халық жасаған ауыз әдебиеті деп атал-
ды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр)
өріс алды. Жырауларды халық қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік
шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын
болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға
күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар ай-
тып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVIII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық
жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың
толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді
бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті және Исламды насихаттау, діни сауат
ашу.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының
құндылығы неде? «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді М.Әуезов, – ең
шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ой-
лап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген
жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның
белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең
399
ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып
айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі
мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не
көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады». Ғалымның осы ғұламалық
пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден
қойған. Ол «Ескі ақындық» деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жы-
раулар поэзиясын аса жоғары бағалаған.
Демек, жыраулар поэзиясы – халқымыздың неше ғасырлық өмірін
өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның
арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес,
елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, діни-философиялық көзқарасын,
дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың по-
эзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл,
афористік сөз оралымдары мол.
Қорыта айтқанда, ақын-жыраулардың өзіндік реңі, ерекшелігі, стилі,
тақырыбы, ел мұңы бар. Арнайы трактат жазбаса да, көркем де ұтымды сөздерімен,
поэтикалық ырғақтарымен діни-философиялық сипаттағы ой иірімдерін өре
білді.
Ақын-жыраулар сан ғасыр бұрын өмір сүрсе де, рухы осы уақытқа жетіп,
адамды толғандырып, ішкі жан дүниенің нәзік қылдарына жан бітірп, қозғалысқа
келтірген, біздің рухани болмысымыздың қуаты, нәрлі және мәңгі бастау қабаты
болып табылады.
Ақын-жыраулардың дүниеге көзқарасы қазақ қоғамының өздері өмір
сүрген ғасырлардағы даму деңгейінің анықтамасы. Дүниетанымы, олардың
табиғатпен тікелей араласуы, тілдесуі, табиғаттағы заттардың қатынасын, адам
өмірінің қайшылықтарын шешуде арқау етуі, оған иланып адам өмірін дүние
заңдылықтарына бейімдеуі, оның астарлы сырлары мен адами кісілік қасиеттерін
қарастыруы, адам мен әлем бірлігін іздестіруі – оның дүниеге көзқарасының
идеялық өзегі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әділбаева Ш. Хадис-ғұрпымыз, суннет-салтымыз: «Ислам мәдениеті мен
білімін қолдау қоры». -Алматы 2011.-3б.
2. Тәжібаев Р. Батыс пен Шығыс өркениеті ортасында Қазақстан. Таңшолпан,
2006.-151-153 б.б.
3. Кенжалы Т. Асан Қайғының дүниеге көзқарасы: Философ.ғыл.канд.автореф. –
Алматы, 1993.-25б.
4. Қанағатова А. Бұхар жырау мен Қабан жыраудың этикалық көзқарастары: Фи-
лософ.ғыл.канд.автореф.-Алматы, 2005. -20б.
5. Арынғазиева Б.Б. хандық дәуіріндегі ақын-жыраулар философиясындағы кісілік
құндылықтары жүйесі (XV-XVIIIғасырлар): Философ.ғыл.канд.автореф.-Алматы, 2005.
-6-10 б.б.
6. Ақатай С. Асан Қайғыдан Абайға дейін: Білім және еңбек.-1985.№3.-22-23 б.б.
Достарыңызбен бөлісу: |