«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы.
XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан тӛнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді.
Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь
империясымен, Орталық Азия хандықтарымен ӛз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында
Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу кӛшпелі мал шаруашылығына сүйенген және ӛз ішіндегі
феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына
қарады. Шамамен осындай дӛрежедегі қазақ елін Ресей империясы ӛзіне қосып алды. Сӛйтіп, екі-үш
ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері кӛрші
қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық кӛрсете алмады.
Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты
мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру
және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс
— отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.
Оның басты мақсаты — ұлтты ӛзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат
ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл
жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу.
Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге
қарсы жалпыұлттық күресі.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресі —
Отан қорғау мақсатын кӛздеді. Елдің бір бӛлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі
жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің
мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар
бір-біріне жақын, мазмұны жағынан ӛзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың
мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам ӛмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды.
Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-
рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси,
діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы
тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет.
Қазақ халқының тӛл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық
идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық
күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды.
Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың ӛркениет кӛшінде ӛз этносын сақтап
қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың
толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.
Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.
Абылай хан
Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің қол
астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді ӛзіне қосып алуы
күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі
сұлтандарының бірі Барақтың ӛлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның
қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің
әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан
тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы
хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бӛлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка
қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі кӛтерілістерге Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер,
батырлар басшылық етті.
Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ мемлекеттілігін
түпкілікті жоюды кӛздеді. Бұл ӛз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын кӛздеген сұлтандар Саржан және
Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды.
Кенесары Қасымұлы
Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу
кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық
қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Кӛтібарұлы бастаған кӛтерілістерді жатқызуға
болады. Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ кӛшпелі қоғамының
дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның ӛзі оның қоғамдық ӛмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар
туғызып отырды. Бұл фактор ӛз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың
табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық
әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды.
XVIII—XIX ғасырлардағы қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы ӛзімен бірге
ала келген қоғамдық ӛзгерістерге қарсы күрес ретінде кӛрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының
ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі ӛркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді.
Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына
келтіру әрекеті байқалды. Кӛтерілісшілер ӛзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін
қайта жаңғыртты.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері
Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып,
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды.
Сырым Датұлы
Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым Датұлының
қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының кӛтерілуіне патша ӛкіметінің
қазақтардың "ішкі жаққа", Жайық сыртына ӛтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бӛлігінің
құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар кӛтерілісінің кӛптеген
қолбасшылары сияқты Сырым батырға да "жақсы ханға" деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ
қоғамындағы рӛлін кӛтеру мақсатын кӛздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де ӛз келісімін
берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге
дейін сақталды.
1836—1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы бастаған кӛтеріліс халық бұқарасының
отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-
ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы
ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды.
1836—1838 жылдардағы кӛтеріліс оған дейінгі қозғалыстардан ерекшелеу болатын. Бұл уақытта
қазақ жерінің негізгі бӛлігі Ресейдің қол астына еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын ӛктем
сипат ала түскен еді. Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі,
қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осының бәрі кӛтерілістің патша үкіметінің
отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Бұл стихиялы кӛтеріліс бола тұра, кӛтеріліс
басшысы мен оның ақтастарының Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап
ӛту қажет. Сӛйтіп, ол ӛзінің алдына қойған мақсатты күресінің идеясына, қатардағы кӛшпелілер
алдында адалдығын дәлелдеді. Ал кӛтеріліске қатысқан кейбір билер тобының тұрақсыз әрекеттері,
жазалаушы күштердің басымдылығы кӛтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі
— 1837—1847 жылдардағы кӛтеріліс. Кӛтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне
тереңдей еніп, әкімшілік-әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға
жеткен кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл
кӛтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10
жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бӛлігінің Ресейдің
қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған
козғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген. Патша
үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне ауыз салуға мүмкіндік алды. Кӛтеріліс ӛлі де толығымен Ресейдің
құрамына кіре коймаған аудандарды, ауқымы жағынан бүкіл үш жүзді қамтыды. Кенесары қозғалысы
әлі де дербестігін сақтап қалған жерлерде орыс отаршылдығының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды.
Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы
күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бӛлуге болады. Бірінші кезең — XVIII
ғасырдың соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың
бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі объективті себептерге
байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рӛл атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары),
Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет
Кӛтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған
кӛтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың кӛрінісі болатын.
Ақбұлақ соғысы.
Ұлттың саяси белсенді тобы ұлттық тәуелсіздікті қорғау ісінде орасан зор табандылық
танытқанымен, қазақ қоғамының шектеулі экономикалық мүмкіншілігінен асып кете алмады, қару
күші, экономикалық қуаты мен отарлау әдіс-айласы басым империялық жүйе дегеніне жетті,
халықтың қарсылығын күшпен басты. Ендігі уақытта сұлтан, батыр мен би сияқты әлеуметтік
топтардан тұрған басқарушы элита жалпыұлттық мәселелерді шешу ісінде ӛз рӛлін жоғалта бастайды.
Ұлт-азаттық козғалыстың келесі екінші кезеңі — зиялылар тобының қызметімен байланысты.
1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында дербестіктің ізін де қалдырмады, ал
1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс
мемлекетінің меншігі деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс
шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік
құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-
тілектерін, сондай-ақ ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын заман талабына
сай қабілетті әлеуметтік күш ӛзін кӛрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді.
Ә. Бӛкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды
қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде
алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция
ретінде ӛмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды
кӛздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы
ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау,
ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты
ұғымдардан тұрды.
Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес
1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жӛнінде терең идеялық-саяси күрес ӛріс
алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жӛнінде еді. Ол
уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп ӛту» мүмкіндігі болған, шаруаларға
одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны
дамыту; екіншісі - ӛндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша
қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм
басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау
мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм
құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар
мен топтарға деген кӛзқарасы жӛнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің ӛзінде де бұл
мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.
Осындай жағдайда саяси ӛмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік
партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы ӛсе түсті. Қазақстанда
автономияның жариялануы сӛз жүзінде қалып, республика ӛзін-ӛзі іс жүзінде толық басқаруға қол
жеткізе алмады. Ӛнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы
бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары
қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық ӛнеркәсіп
жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163
делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың
жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.
1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық
республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен ӛзгерту, түркі халықтарының
Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық ӛкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды.
Партияның ӛлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары
партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Ӛздерінің «қателіктерін» ресми
түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.
Сталинизм
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес ӛкіметінің басшылығына келген
И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат
«миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, ӛнердің кез
келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын ӛзіндік «шамшырақтар»
жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың
бастамасы, шахталардағы еңбек ӛнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер
пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың
есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен ӛгей әкесін ұстап берген Павлик
Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сӛз жеткізу мен
ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі
жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды.
Әркімнің жеке ӛміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сӛз жұмысшылар, студенттер
мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде
адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда ӛткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың кӛріністерін
неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының ӛкілдері ұлтшылдық басмашылармен
байланыс, Кеңес ӛкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922
жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып,
ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.
Ӛлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды.
1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ
мүшелікке ӛтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда ӛткен РКП(б) Бүкілодақтық В конференциясынан кейін
ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады.
Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, ӛлкедегі шешуші күшке айналды.
Алайда партия қатарына жалған белсенділер кӛбірек еніп, бюрократизм, кӛсемге табынушылық,
жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия ӛктемдігі орнықты.
Ӛлкеде жастар қозғалысы да ӛріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев
т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кәсіподақтар мен әйелдер
арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру,
еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ әйелдері арасынан
шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл
Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір
оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы
билік, саяси кӛсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық
пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды
қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-
сүргінде ӛз кӛрінісін тапты. Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір
жазықсыз миллиондаған адамдардың ӛмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи
қалды. Кӛлемі жӛнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен
Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік
жүйе толық орнықты
Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте
БК(б)П Қазақ ӛлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң
сипат ала бастады.
Ӛлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бӛлімінің меңгерушісі болып
тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.
20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай
сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік
оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің ӛсуі ұлт-азаттық қозғалыстың ӛкілдеріне
қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде кӛрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл
ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш»
партиясының ӛкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар
пайдаланылды. Баспасӛзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату
әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы
сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында ӛткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің
ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр
түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты,
қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын ӛтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың»
қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар
ӛкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, Х. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа
бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Кӛп ұзамай олардың
15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің
орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-
сүргінге ұшырады.
Қазақстандағы саяси партиялар
1 Зиялылар қызметі
2 Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
3 Алаш партиясының құрылуы
4 Алаш партиясының бағдарламасы
5 Қоғамның саяси ӛміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар
Зиялылар қызметі
Халел Досмұхамедов
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан кӛп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан
тӛңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды
иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті
жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар
мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, ӛкімшілік
орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің ӛсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше,
қараңғылықта үстау оған тиімдірек кӛрінді. Ал ХЫХ ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-
аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және
далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.
Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ
жастарына бӛлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын ӛсе түскен басқару
жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды кӛздеді. Осы
мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия
белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының ӛз еркімен
жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы,
Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек
Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары
аяктап шыққан.
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін
Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси ӛмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә.
Бӛкейханов (Орман шаруашылығы институты), М. Тынышпаев (Темір жол кӛлігі институты),
Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай
(Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында ӛшпес із қалдырған қайраткерлер білім
алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бӛлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын
семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғ. Қарашев сияқты кӛптеген ірі тұлғалар бар еді.
Жүсіпбек Аймауытов
Қазақ жастарының белгілі бір бӛлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы,
орыс демократиясының ыкпалында болуы оның қоғамдық кӛзқарасының кемелденуіне, саяси
белсенділігінің артуына әсер етпей коймады.
Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана тиесілі құбылыс емес-тін.
Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей,
Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың
дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке кӛшуі 1905 жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс
келді. Оған қазақ халкының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда
ортағасырлық деңгейде қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған
Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында жалпы ұлт
зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді:
«...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ
бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда, ең тӛменгі урядниктің алдында діріл
қағып, адам тӛзгісіз қорлыққа шыдады, оның бұл халге жетуіне ӛз арасынан шыққан надан тілмаш
шенеуніктер, болыс басқарушылары және басқалары ӛз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық,
парақорлық, құпия ӛсектер үйреншікті кӛрініске айналды; қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең
құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шӛлге
ығыстырылды; патша үкіметі мектептер аштыруға бас-кӛз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға
ӛздері жиған қаржыға мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына
жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік кӛмек жӛнінде халықта түсінік
те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты
гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін кӛре түрып ӛзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы
барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма кӛмектесуді ӛз борышым санадым».
1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык ӛңіріндегі жәрмеңкелерде қазақ жұртының
мұқтаждықтарын талқылаған съездер ӛте бастады. Бірден жандарм мекемелерінің назарына іліккен
бұл жиындарда патшаға, ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және
Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық ӛмірдегі ең негізгі мұқтаждықтары, яғни жергілікті
басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және
баспахана ашуға рұксат беру, қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын
мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер кӛтерілді.
Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де ӛзекті мәселе, әрине, жер
мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары «әкелер қанының ӛтеуімен азат етілген атамекенін» орыс
үкіметінің ешқандай да дәлел-себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы
жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға ӛтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді.
Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында ӛзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып
келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық ӛркениеттің
жетістіктерімен байланыста қарап, дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы
екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық-діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде бағалаған топ
тұрды. Ә.Бӛкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер
деп атады.
1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға
депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің
Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау
қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын ӛз бағдарламасы бар саяси партия жоқ
болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт
зиялыларының басым бӛлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер)
бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бӛлімшелерін құрып, осы ұйымның
атынан депутаттыққа түсті.
Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді араласқан қазақ
зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты
егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл
талабын қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған демократиялық
бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі
тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне
мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.
1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін
ӛкілдер жиналысы ӛтіп, Ә.Бӛкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының
бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы
жӛнінде каулы кабылдады («Семипалатинский листок», 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді
ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дӛрежеде
ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі
қазақ кадеттерінің ӛмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем ӛзгеше еді.
Қазақ кадеттерінің бағдарламасында тӛмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ
елінің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден кӛшіп келушілер легіне тежеу қою,
қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ
балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т.б. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттык бас
кӛтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, ӛйткені
оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді.
Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой
кӛрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы тӛңірегіне топтасқан зиялылар ең ӛзекті қоғамдық
мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін
Сурет:Шақыру жӛнінде бастама кӛтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық
тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бӛкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге кӛшуге үзілді-
кесілді қарсы шықты.
Алаш партиясының құрылуы
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана
қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін ӛткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру
бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді:
«Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың кӛздеген мақсаттары бағдарламасында
жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ
мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел кӛздейтін ӛз алдына партия
жасалмайынша болмайды».
1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында ӛткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси
партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының ӛз алдына саяси
партиясы болуын тиіс кӛріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған
қазақ ӛкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға
құрылмақ...».
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бӛкейханов ресейлік
Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық
тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына
тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті ӛзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған
тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға
шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне
қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады.
Ә.Бӛкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында
партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай
Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің тӛрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы
обкомының тӛрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының тӛрағасы болып Әлихан
Бӛкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы
мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік
республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары ӛз билігі ӛзінде
тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек.
Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі
қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді.
«Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік
жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп кӛрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан
шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен
салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты
тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам
баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сӛйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік»,
заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе
алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ
елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер
мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен ӛз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған
жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бӛлінеді. Адам басына, жеке үй
басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер
сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.
1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті
ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар
партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты.
Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс
жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ
тұжырымдарға келуде басты рӛл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында
берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің
Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі ӛмірге келгенін жария етті. Осы съезде ӛмірге
Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік ӛздерін Алаш
партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып ӛткен
Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының
атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау
барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең кӛп дауыс алған партия болды. Объективті
жағдай, күрделі де қатал ӛмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі
саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек
Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.
Қоғамның саяси ӛміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар
Сәкен Сейфуллин
1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен
сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс
революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный,
Қостанай, Перовск, Орал, Ақтӛбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында
темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар ӛкілдері болды.
Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар ӛкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері
ӛздерінің жабық құпия отырыстарында марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық
бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.
1913 жылы Омбыдағы түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Бірлік» қоғамын құрды.
Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы
тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен
Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан тӛңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік»
ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов, Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.)
кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.) Алаш партиясының
бағдарламасын қолдады, ӛздерін «жас алашшылар» санады.
Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс
келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан
асып түсетін еді. Олардың арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы
«Жігер», Петропавлдағы «Талап», Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар
бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың кӛздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі
жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді
кӛздеді.
1920 - 1930 ж. Қазақстан. Ф. И. Голощекин «Кіші Қазан» теориясының үстемдігі
Достарыңызбен бөлісу: |