Ұма (scrоtum) екі қабаттан тұратын қапшық. Сыртқы қабаты тері, ӛте жұқа, жұмсақ. Онда тер бөлетін бездер өте көп. Ішкі қабаты серпімелі етті қабықтан тұрады
Ұма (scrоtum)екі қабаттан тұратын қапшық. Сыртқы қабаты тері, ӛте жұқа, жұмсақ. Онда тер бөлетін бездер өте көп. Ішкі қабаты серпімелі етті қабықтан тұрады. Ұманың негізгі атқаратын қызметі ен мен ен қосалқысын сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтау және температураны реттеу. Ұманың ішіндегі температура дене температурасына қарағанда 3 5°С тӛмен. Мұндай температура спермиогенездің дұрыс өтуі үшін, шәуеттің сапасы жоғары болуы үшін қажет.
Ен (testis, оrchis, didymis)-бұл орган эндокринді органға жатады. Ен сағағына ілініп, ұманың қынаптық куысында жатады. Сыртқы пішіні жұмыртқа тәрізді сопақтау, тығыз, серпімелі, өте күрделі түтікті без. Оның басқа эндокринді бездерден ӛзгешелігі ол миллиардтаған тірі торшаларды (спермилер) түзеді. Еннің ұзындығы: бұқада 12 15 см, диаметрі 7 см, салмағы 300 г. Қабанның ені көлбеу, ал айғырдың ені кӛлденең орналасқан. Ақзаттық қабық еннің ішіне қарай еніп, орталық қалқан түзеді. Осы қалқаннан қалқаншалар тарап, енді 300 400 бӛліктерге 10 бӛледі. Әр бӛліктің ішінде 4 5 ирек түтікшелер орналасады. Спермилер осы ирек түтікшелерде түзіледі. Әр бөліктен тік түтікшелер шығып, бірігіп ен торын кұрайды.
Ен қосалқысы (epididymis).Ен қосалқысының басын ен торынан шыққан ұрық шығарушы түтікшелер құрайды. Осы түтікшелер бір ортақ арнаға ауысып, ен қосалқысының денесін кұрайды, әрі қарай кеңейе келіп ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады.
Аталық мал
Аталық малдың жыныс ағзаларының құрылысы
Аталық малдың жыныс ағзалары үш қосалқы безден (көпіршік, предстательдік және томпақ немесе Куперов), жыныс мүшесінен, жыныс мүшесінің тері қатпарынан (күпектен), ұрық жолынан, шәует бауынан, аталық жыныс бездерінен, ен сағағынан және ұмадан тұрады.
Қосалқы жыныс бездеріне жататын көпіршік безі – сопақша келген ең үлкен қос без, тік ішек арқылы жақсы байқалады.