1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы«Информатиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»
Кредит саны 5 Курс, семестр 2-курс, 3-семестр_______________
Мамандықтың шифры және атауы 7M01507- Информатика (1,5 жыл) Институт_Математика, физика және информатика Кафедра Информатика және білімді ақпараттандыру Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі Халықова Гүлира Заманбекқызы, п.ғ.к, доцент, университет профессоры Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 8701 77 193 77, gulira13@gmail.com
2. Бақылау формасы: ауызша емтихан Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс нәтижелері білімді бағалау барысында ескеріледі және тапсырмалардың орындалу деңгейлеріне қарай бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмаларын орындау пәнді оқыту силлабуста көрсетілген кестесіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
3. Үй тапсырмалары кешенді, жүйелі тапсырмаларды қамтиды.
4. Пәнді оқу процесінде негізгі және қосымша әдебиеттер мен интернеттегі ақпараттық және программалық ресурстар пайдаланылатын болады.
Магистранттың өзіндік жұмыстары көрсетлген мерзімде орындалып өткізілуі тиіс. Көрсетілген мерзімнен себепсіз кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.
3. Пәннің қысқаша мазмұны. «Информатиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пәнін оқытудың мақсаты: магистранттарды информатика саласындағы білім беруді жаңғырту мәселелерін шешуге дайындау, магистранттардың кәсіби-әдістемелік қызмет саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.
«Информатиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пәнін оқытудың міндеттері:
магистранттарды информатиканы оқытудың ғылыми және әдістемелік негіздерін талдауға үйрету;
информатиканы оқытудың негізіне алынған ғылыми әдіснамалық тәсілдерге талдау жүргізуге баулу;
Мектепте информатиканы оқытудың қазіргі бағдарламасына сай, информатиканы оқыту негізіне алынған технологиялар, информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі туралы білімдерін дамыту;
мектепте информатиканы оқытудың қазіргі бағдарламасына сай, инновациялық технологияларды пайдалану әдістемесін жетілдіру;
«Мектеп информатика курсының ғылыми негіздері» пәнін оқу негізінде магистрант:
Информатиканы оқытудың ғылыми және әдістемелік негіздерін, мектептегі информатика пәнінен жалпы білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын;
информатиканы оқытудың негізіне алынған ғылыми әдіснамалық тәсілдерді,;
информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін;
мектепте информатиканы оқытудың қазіргі бағдарламасына сай, информатиканы оқыту негізіне алынған технологияларды, инновациялық технологияларды сабақ мақсатына сай пайдалану әдістемесін;
информатика пәні бойынша оқу сабақтаын жобалай, жоспарлай білуі, критериалды бағалау технологиясын білуі керек;
алған білімдері мен дағдыларын информатиканы оқытудың қазіргі білім беру бағдарламасына сай оқыту процесінде пайдалана білуді;
сабақ жоспарына сәйкес инновациялық оқыту әдістерін мақсатқа сай пайдалануды;
оқушылардың білімін бақылау мен бағалауды ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының көмегімен және критериалды бағалауды ұтымды пайдалануды меңгеруі керек.