Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу



жүктеу 0.72 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата29.12.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

 

ЗООЛОГИЯ 

 

Лекция № 1 

 

Тақырып: Зоология – жануарлар туралы кешенді ғылым.  

 

Лекцияның жоспары: 



 

1. 


Кіріспе. 

Жануарлар систематикасы. 

 

2. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. 



 

3. Зоологияның арнайы пәндерге бөлінуі.

 

 

4. 



Зоологияның ветеринария мен мал шаруашылығындағы маңызы. 

 

Пайдалынатын әдебиеттер: 



Негізгі әдебиеттер: 

1.

 



Махмұтов С.М. Зоология. Алматы, 2006. 

2.

 



Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 бөлім, Алматы, 2004-2005. 

3.

 



Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы 1-2 бөлім, 1998-1999. 

4.

 



Наумов  С.П.  Омыртқалылар  зоологиясы  (ауд.  Ш.Ғ.Ибраев,  Т.Х.Күлтебаев). 

Алматы, 1970. 

5.

 

Лукин Е.И. Зоология. Агропромиздат. Москва, 1989. 



6.

 

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. Высшая школа. М.,1981. 



7.

 

Наумов Н.П., Карташов Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1-2. М., 1979. 



Қосымша әдебиеттер: 

8.

 



Догель В.А., Полянский Ю.И., Хейсин Е.М. Общая протозоология. М.,  1967. 

9.

 



Хаусман К. Протозоология. М., 1988. 

10.


 

Серавин Л.Н. Простейшие... что это такое ? М., 1984.  

11.

 

Мариковский П.И. Тайны мира насекомых. Алма-Ата, 1966. 



12.

 

Живые сокровища Казахстана. Алма-Ата, 1979. 



13.Красная книга Казахстана. Т.1. Животные. Ч.1.Позвоночные. А., 1996. 

14.  Қайроллаев  К.Қ.,  Несіпбаев  Т.Т.  Қазақстан  құстары.  Оқу  құралы.  Агроуниверситет. 

Алматы, 2007. 

 

Зоология (грек тілінде zoon - жан-жануар, logos - ілім деген сөз) — жан-жануарлар туралы 



ғылым, яғни ол жануарлар мен жәндіктердің құрылысын, дамуын, өмір сүретін ортасымен 

қарым-қатынасын,  географиялық  таралуын,  систематикасын,  келіп  шығу  тарихын  және 

басқа да қасиеттерін зерттейді. 

 

 



ЖАНУАРЛАР СИСТЕМАТИКАСЫ 

 

Қазіргі  кезде  жануарлар  дүниесі  төмендегідей  23  типке  бөлінеді,  олардың  22-сі 



омыртқасыздарға жатады: 

1.

 



Саркомастигофоралар типі 

2.

 



Споралылар типі 

3.

 



Книдоспоридиялар типі 

4.

 



Микроспоридиялар типі 

5.

 



Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі 

6.

 



Пластинка тәрізділер немесе тақталылар типі 

7.

 



Губкалар типі 

8.

 



Ішекқуыстылар типі 

9.

 



Ескектілер типі 

10.

 

Жалпақ құрттар типі 



11.

 

Немертиналар типі 



12.

 

Жұмыр құрттар типі 



13.

 

Скребнилар немесе тікенбас құрттар типі 



14.

 

Буылтық құрттар типі  



15.

 

Буынаяқтылар типі  



16.

 

Онихофоралар типі 



17.

 

Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі 



18.

 

Қармалауыштылар типі  



19.

 

Тікентерілілер типі 



20.

 

Погонофоралар типі 



21.

 

Жаққылқандылар типі  



22.

 

Жартылай хордалылар типі 



 

 23.     Хордалылар типі. 

 

Зоологияның  негізін  салушы,  атақты  грек  ғалымы  Аристотелъ  (б.э.д.  384-322  жылдар) 



жан-жануарлардың 500 түрін сипаттап жазған. Ол жан-жануарларды төмендегідей үлкен 2 

топқа жатқызады: 

1.

 

Қаны бар жан-жануарлар. 



2.

 

Қаны жоқ жан-жануарлар. 



Қаны бар жануарлар қатарына ол аңдарды, құстарды, балықтарды және хайуандарды (қос 

мекенділер, бауырымен жорғалаушыларды) жатқызады.

 

Қаны жоқ жан-жануарлар қатарына ол насекомдарды, шаян тәрізділерді, моллюскаларды 



және басқа төменгі сатыда дамыған организмдерді жатқызады.

 

Аристотельден кейін жан-жануарларды жүйелеу  швед ғалымы  Карл Линнейдің "Табиғат 



жүйесі" деген еңбегінде жан-жақты талданды. К. Линней (1707-1778 жылдар) өзіне белгілі 

жан-жануарларды 4200 түрге және 6 класқа жатқызды:

 

1.

 



Сүт қоректілер 

2.

 



Құстар 

3.

 



Хайуандар (қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар) 

4.

 



Балықтар 

5.

 



Насекомдар 

6.

 



Құрттар. 

К. Линнейдің зоология ғылымына енгізген тағы бір жаңалығы, ол жан-жануарды бинарлы 

атаумен (латынша би — екі деген сөз), яғни оның туысы мен түрінің атауларын латынша 

қосарлап  айтуды  енгізді.  Мысалы,  Homo  sapiens  -  саналы  адам,  Passer  domesticus  -  үй 

торғайы.

 

Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жылдар) өзінің "Зоология философиясы" 



деген  еңбегінде,  организмдердің  сыртқы  ортаның  әсерінен  үздіксіз  өзгеріп  отыратынын 

көрсетеді.  Ол,  сондай-ақ,  жан-жануарларды  классификациялауға  да  өз  үлесін  қосты.  Ол 

жануарларды 2 топқа бөлді:

 

1.



 

Омыртқасыз жануарлар 

2.

 

Омыртқалы жануарлар. 



Омыртқасыз жануарлар 10 класқа топтастырылды:

 

1.



 

Инфузориялар класы 

2.

 

Полиптер 



3.

 

Сәулелілер 



4.

 

Құрттар 



5.

 

Насекомдар 



6.

 

Өрмекші тәрізділер 



7.

 

Шаян тәрізділер 



8.

 

Буылтық құрттар 



9.

 

Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы шаян тәрізділер) 



10.

 

Моллюскалар. 



Омыртқалы жануарлар 4 класқа топтастырылды:

 

1.



 

Балықтар класы 

2.

 

Қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылар 



3.

 

Құстар 



4.

 

Сүт қоректілер.  



           Франсуз  ғалымы  Жорж  Кювье  (1769-1832  жылдар)  және  оның  шәкірті  Блинвиль 

1825 жылы "тип" ұғымын енгізді.  

Атақты  ағылшын  ғалымы  Чарльз  Дарвин  (1809-1882  жылдар)  өзінің  эволюциялық 

теориясын  "Табиғи  сұрыпталу  жолымен  түрлердің  пайда  болуы  немесе  тіршілік  үшін 

күресте көбірек бейімделгендердің тұқымдарының сақталуы" (1859 жыл) деген еңбегінде 

жариялады.

 

XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  неміс  ғалымдары  Фриц  Мюллер  (1822-1897)  және 



Эрнест  Геккель  (1834-1919  жылдар)  биогенетикалық  заңды  ашты.  Заңның  тұжырымы: 

"Әрбір  жеке  организм  өзінің  жеке  дамуында  өз  түрінің  даму  тарихын  қысқаша 

қайталайды, немесе онтогенез — филогенездің қысқаша да шапшаң қайталануы. 

 

Онтогенез  дегеніміз  организмнің  ұрықтан  дамуынан  бастап,  оның  дүниеге  келуі  мен 



өмірінің соңына дейінгі кезеңді айтады.

 

Филогенез дегеніміз бір түрдің пайда болу тарихы.



 

Зоология  ғылымының  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  ғалымдар  қатарында,  сондай-ақ 

А.Н.Северцев  (1866-1936),  Е.Н.Павловский  (1884-1965),  В.А.Догель  (1882-1955), 

К.И.Скрябин (1878-1972) және басқа да ғалымдарды атауға болады.

 

Қазіргі  заманда  зоология  ғылымына  жан-жануарлардың  2,5  млн  аса  түрі  белгілі,  оның 



ішінде  1  млн  аса  түрі  насекомдарға  жатады  (салыстырыңыз:  ботаникада  -  өсімдіктердің 

0,5  млн  түрі  ғана  белгілі).  Олар  төмендегідей  негізгі  систематикалық  бірліктерге  — 

таксондарға  бөлінеді:  түр,  туыс,  тұқымдас,  отряд,  класс,  тип.  Бұл  таксондар  арасында 

аралық  бірліктер де  бар.  Мысалы,  түр  тармағы  (подвид)  —  түрден  төменгі  бірлік;  отряд 

үсті (надотряд) — отрядтан жоғарғы бірлік және т.б. 

Зоология  ғылымы  зерттеу  обьектілеріне  байланысты  төмендегідей  арнайы  пәндерге 

бөлінеді: 

Протозоология - қарапайымдыларды (бірклеткалы жәндіктерді), 

Гельминтология - құрттарды, оның ішінде: 

Трематодология - сорғыш, 

Цестодология - таспа, 

Нематодология - жұмыр құрттарды зерттейді. 

Арахнология – буын аяқтыларды, 

Энтомология - насекомдарды, 

Акарология - кенелерді, 

Карцинология  - шаянтәрізділерді, 

Малакология  - моллюскаларды, 

Ихтиология  - балықтарды,  

Герпетология  - қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды

Орнитология  - құстарды, 

Маммология  - сүтқоректілерді, 

Териология  - аңдарды зерттейді. 

 

Жан-жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі және ветеринариялық маңызы

 

Жан-жануарлар  жер  бетіндегі  әртүрлі  ортада  тіршілік  жасайды.  Олар  суда,  топырақта, 

ауада,  сондай-ақ  басқа  организмдердің  іші-сыртында  тіршілік  етеді.  Жануарлардың 

табиғаттағы маңызына келер болсақ, олар биосфераның зат айналу процесінде үлкен роль 

атқарады.  Олар  консументтер  (пайдаланушылар)  және  редуценттер  (қайта  қалпына 


келтірушілер)  ретінде  өсімдіктермен  қоректенеді  немесе  жыртқыштар  ретінде  басқа 

организмдерді  жейді.  Ал,  кейбіреулері  (қоңыздар,  құрттар,  микроорганизмдер)  басқа 

организдердің қалдықтары мен өлекселерін жеп, оларды ыдыратады, минераддық заттарға 

айналдырады. Сөйтіп, оларды өсімдіктердің бойына сіңіруіне жағдай жасайды. Яғни, олар 

заттардың  биологиялық  айналым  процессінің  маңызды  бөлшегі  болып  табылады. 

Жануарлар,  сондай-ақ,  топырақтың  құнарлы  қабатын  жасауға,  мұхит  пен  теңіз 

табанындағы  шөгінділердің  пайда  болуына  қатысады.  Насекомдардың  өсімдіктерді 

тозаңдандырудағы ролі өте зор. Мысалы, Европадағы жабық тұқымдас өсімдіктердің 80% 

насекомдармен,  19%  -  желдің  әсерінен,  1%  -  басқа  жолдармен  тозаңданады  екен.  Ал 

өсімдік  гүлдеріндегі  аталығы  аналығын  тозаңдандырмаса,  олардың  жеміс  бермейтіні 

баршаға белгілі нәрсе. 

Жан-жануарлардың  адамға  пайдасы  өте  зор.  Мысалы,  оларды  тамақ  (ет,  бал  және  т.б.), 

киім  (терісі  және  т.б.),  дәрі  (марал,  ақбөкен  мүйіздері  және  т.б.)  алуға,  сондай-ақ  мал 

тұқымын  асылдандыруға  (архармеринос),  биологиялық  әдіс  ретінде  зиянкестерге  қарсы 

қолдануға,  үй  күзетуге,  мініске,  әдемілік  үшін  (тотықұстар)  және  басқа  да  адам  өміріне 

керекті өте көп нәрселерді жүзеге асыруға пайдаланады.

 

Жануарлардың келтірер зиянына келсек, ол адамның көзқарасымен қарағандағы зиян, ал 



табиғаттағы  құбылыстардың  бәрі  де  табиғи  тепе-теңдікті  сақтауға  бағытталған.  Бірақ, 

әртүрлі жәндіктер адам егетін егін мен мал шаруашылықтарының зиянкестері және ауру 

қоздырғыштары ретінде үлкен зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, Халықаралық ұйымдардың 

мәліметі  бойынша,  әр  жылы  алынатын  дәнді  дақылдардардың  20%-тін  ауыл 

шаруашылығы зиянкестері жеп құртады екен. 

Қарапайым  паразиттер  туғызатын  қауіпті  аурулар  қатарына,  безгек,  амебиаз,  тейлериоз, 

гельминттер,  яғни  құрттар  туғызатын  аскаридоз,  эхинококкоз,  описторхоз,  трихинеллез 

ауруларын  атауға  болады.  Әртүрлі  кенелер,  бүргелер,  қансорғыш  шыбындар  өте  қауіпті 

инфекциялық  аурулардың,  мысалы  кене  энцефалиті,  оба,  тырысқақ  сияқты  ауру 

қоздырғыштарының  тасымалдаушылары  болып  табылады.  Сондай-ақ,  кейбір  жәндіктер, 

мысалы  улы  медузалар,  қарақұрт,  ара,  улы  жыландар  да  адамдар  мен  үй  жануарларына 

қауіпті саналады. 

Табиғатта  жан-жануарлардың  өзі  де  бір-бірімен  әртүрлі  қатынаста  болады. 

Комменсализм (commensal,  французша бірге тамақтанушы

  деген  сөз)  -  екі  организм  бір 

ортада қатар өмір сүрген кезінде, бірі екіншісіне пайдалы, ал екіншісіне бәрі-бір болуын 

айтады.  Мысалы,  крокодил  мен  балшықшы  құс  арасындағы  қарым-қатынас:  кішкентай 

құс  крокодилдің  тісіне  түрып  қалған  етті  шүқып  жейді,  ал  крокодилге  бәрі-бір. 

Мутуализм  (латынша,  mutius  —  екі  жақтан  бірдей;  франсузша,  mutualite  —  бір-біріне 

көмектесу деген сөз)  — екі түрге жататын организмдердің бір-біріне пайдалы, бір-біріне 

тәуелді қатар өмір сүруі. Мысалы, насекомдар (қандала, құмырсқа, тарақан және т.б.) мен 

олардың  ішегінде  өмір  сүретін  микроорганиздер  (бактероидтар,  коккоидтар).  Егер 

насекомдардың  ішегінде  аталған  микроорганиздер  болмаса,  онда  олар  өзінің  өсуін 

тоқтатады,  бір  фазадан  екіншісіне  өтуі  баяулайды,  личнкаларының  пайда  болмауы 

мүмкін. Паразитизм (грекше, раra - қасында, sitos - қоректенуші деген сөз) - екі организм 

қатар  өмір  сүрген  кезде,  бірі  екіншісін  қоректену  көзі  және  тіршілік  ету  ортасы  ретінде 

пайдаланады  (паразит),  ал  екіншісі  одан  зиян  шегеді,  (иесі).  Паразитизм  құбылысы 

табиғатта өте жиі кездеседі. Ол тек жануарлар дүниесінің типтерінің ішінде тек губкалар 

мен  тікентерілілерде  ғана  табылған  жоқ.  Паразиттер  мен  олар  туғызатын  ауруларды 

паразитология ғылымы зерттейді.  

 

 

 



 

 

 



 

Лекция №2                             

 

Тақырып: 

Қарапайымдылар 

типі. 

Типтің 

классификациясы 

және 

қарапайымдылар құрылысының жалпы ерекшеліктері. 

 

Тірі  және  жансыз  табиғат  туралы  түсінік.  Тірі  организмдер  2  топқа  (империяға) 

бөлінеді:  прокариоттар  және  эукариоттар.  Эукариоттар  дегеніміз  ядросы,  ядро 

қабықшасы, нуклеопротеидті хромосомдары, митоз және мейоз процесстері болатын тірі 

организмдер.  Джон  Корлисс  (1984)  эукариоттарды  4  патшалыққа  бөледі:  Аnimalіа 

(жануарлар),  Рlantае  (өсімдіктер),  Fungi  (саңырауқұлақтар),  Рrotista  (бір  клеткалылар). 

Әдетте,  эукариоттарды  өсімдіктер  және  жануарлар  патшалықтары  деп  2 

патшалыққа (царство) бөледі. Жануарлар патшалығы өз кезегінде тағы 2 патшалық асты 

(подцарство)  тармағына  бөлінеді:  1.  Бір  клеткалылар  (Қарапайымдылар  типі)  және  Көп 

клеткалылар (Губкалардан бастап Хордалыларға дейінгі типтер). 

 

Қарапайымдылар  (Рrotozoa)  дегеніміз  анатомиялық  тұрғыдан  қарағанда  клетка 

деңгейінде,  ал  физиологиялық  көзқараспен  қарағанда  дербес  организм,  яғни  тұтас 

организмге  тән  процесстер  (қоректену,  зәр  шығару,  тыныс  алу,  көбею,  қозғалу  т.с.с.) 

болатын  жеке  организм  болып  табылады.  Қазіргі  кезде,  қарапайымдылардың 

50.000-нан  аса  түрі  белгілі.  Тіршілік  етуіне  байланысты  оларды  төмендегідей  2 

топқа бөлуге болады: 

 

  1.  Еркін өмір сүріп суды, топырақты мекендейтін қарапайымдылар,  



 

2.Басқа жан-жануарлар организмінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. 

 

Қарапайымдылардың басым көпшілігі көзге көрінбейтін, тек микроскоп арқылы ғана 



анықтауға  болатын  жәндіктер.  Олардың  ең  кішісі  2-4  мкм,  бірақ  1  миллиметр  болатын 

теңіз  қарапайымдылары,  ал  кейде  3  см-ге  дейін  жететін  нуммулиттер  де  кездеседі. 

Қарапайымдылар  клеткасы  (торшасы),  баска  ядролы  организмдер  сияқты  ядродан, 

цитоплазмадан  және  кабықтан  немесе  мембранадан  тұрады.  Қарапайымдылардың 

көпшілігінде  кабықшалары  қалыңдап,  соның  нәтижесінде,  оларға  белгілі  бір  пішін 

беретін және сыртқы ортаның әсеріне қорғаныш болатын, пелликула түзіледі. Жоғарыда 

айтылғандай,  құрылысы  жағынан  қарапайымдылар  көп  клеткалылардағыдай  болады. 

Бірақ,  көпклеткалылардың  әрбір  клеткасы,  белгілі  бір  ұлпаның  немесе  органның 

(мүшенің)  құрамына  кіреді  және  өз  бетінше  тіршілік  ете  алмайды.  Ал, 

қарапайымдылардың клеткалары жеке организм ретінде өмір сүре алады. 

Қарапайымдылардың классификациясы ұзақ жылдар бойы (XIX ғасырдың 2-жартысы 

- XX ғасыр бірінші жартысы) төмендегідей 4 класқа бөлініп келді: 

1. Саркодалар 

2. Талшықтылар 

3. Споралылар 

4. Инфузориялар немесе кірпікшелілер. 

 Бірақ, 1980 жылы Халыкаралық Қарапайымдылардың систематикасы мен эволюциясы 

бойынша Комиссия (Levinе е.а., 1980), оларды төменгідей 7 типке бөледі: 

1.

 

Саркомастигофора 



2.

 

Лабиринтоморфа 



3.

 

Апикомплекса 



4.

 

Микроспора 



5.

 

Асцетоспора 



6.

 

Миксозоа 



7.

 

Цилиата. 



Қарапайымдылар   систематикасы 

туралы 


егжей-тегжейлі 

мағлұматтарды 

мына  кітаптардан  алуға  болады:  "Кайруллаев  К.К.  Простейшие  (Рrotozoа)  - 

паразиты  крови  птиц  Казахстана.  Алматы,  2003;  К.К.  Кайруллаев.  О  систематике 



паразитов  крови  птиц.  Журнал  «Вестник  высшей  школы  Казахстана».  Научное 

приложение, «Поиск», серия естеств. наук 1998, №4, с. 27-34". 

 

 

№3 лекция                              

 

Тақырып: Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes). Сорғыш құрттар класы 



(Trematoda). Таспа құрттар класы 

(

Cestoda). Бірінші қуысты немесе жұмыр құрттар 

типі (Nemathelminthes) 

Лекцияның жоспары: 

1.Жалпақ  құртар  типіне  жалпы  сипаттама  және  оның  класcификациясы. 

2.

 

Дигенетикалық сорғыш құрттар класы (Dіgеnеа) немесе трематодтар ( Trematoda).    

3.Таспа  құрттар  класы



 (

Cestoda). 

4.  Бірінші  қуысты  немесе  жұмыр  құрттар  типі  (Nemathelminthes).  Жұмыр  құрттар  класы 

(Nematoda).  

 

Жалпақ құрттардың систематикасы: 

1.

 



Кірпікшелі құрттар класы (Turbellaria). Өкілі: ақ түсті планария. 

2.

 



Сорғыштар    класы  (Trematoda).  Өкілдері:  бауыр  сорғыш  құрт  (фасциола), 

ланцет тәрізді сорғыш құрт, описторхис, простогонимус.  

3.

 

 Таспа    құртар    класы  (Cestoda).  Өкілдері:  шошқа,  сиыр  цепендері, 



эхинококктар. 

4.

 



Моногенейлер (Monogenea). Өкілдері: дактилогирустар, спайниктер. 

 

Жалпы  сипаттамасы:  Жалпақ  құрттардың  денесі  жалпақ  жапырақ,  таспа  тәрізді,  кейде 

ұршық  пішінді  төменгі  сатыдағы  құрттар.  Олар  алуан  түрлі  тіршілік  орталарында 

мекендейді. Жалпақ құрттардың ішінде паразиттік және өз бетімен тіршілік ететін түрлері 

бар.  Өз  бетімен  тіршілік  ететін  өкілдерін  тұщы  суларда,  теңіз  сулары  мен  ылғалды 

топырақтан  кездестіруге  болады.  Паразиттік  түрлері  адам  мен  жануарлардың    әр  түрлі 

мүшелерін  мекендейді.  Тіршілік  үшін    күрестің  нәтижесінде  жалпақ  құрттың  көптеген  

түрлері    паразиттік  тіршілік  етуге  бейімделген.  Олардың  паразиттік  түрліше  тіршілігіне 

қарамастан барлығына тән ортақ белгілері бар.Ондай белгілері мыналар:  

1.

 



Барлығының дене пішіні ұршық тәрізді  болады.  

2.

 



Жалпақ  құрттардың  дене  қуысы  болмайды.  Ішкі  мүшелері  борпылдақ  келген 

ұлпада - паренхимада батып жатады.  

3.

 

Нерв  жүйесі  2  нерв  түйіндерінен  және  екі  құрсақ  нерв  тізбегінен  тұрады.  Олар 



өзара көлденең нерв тізбегі арқылы байланысып жатады.  

4.

 



Ас  қорыту  жүйесі  атқаратын  қызметі  мен  пішіне  қарай  айқын  жіктелген.  Бас 

жағында  ауыз  тесігінен  жұтқыншақ  кетеді.  Ол  қапшық  тәрізді  2  тарамды  бітеу 

ішекке  жалғасқан.  Астың  ыдырау  өнімдері  ауыздан    шығарылады.  Кейбір 

паразиттік  түрлерінде (сиыр цепінінде) ас қорыту     мүшелері мүлде  болмайды.  

5. Жалпақ құрттардың  зәр  шығару жүйесі протонефридиялды.  

6.  Жалпақ  құрттардың    барлығында    қалыптасқан  тыныс  алу,  қан  айналу  жүйелері  

болмайды.  Тыныс  алу  процесі  паразит  түрлерінде  анаэробты  түрде,  ал  өз  бетімен  еркін 

тіршілік ететін өкілдерінде бүкіл  денесі  арқылы  жүзеге  асады.  

7.  Жалпақ  құрттардың  барлығы  да  қос  жынысты  –  гермафродит  организмдер.  Аталық  

жыныс    жүйесі  тұқым  бездерінен,  тұқым    жолдарынан,  тұқым  қапшығынан,  тұқым 

шығарғыш  каналдан,  шағылыс  мүшесінен  тұрады.    Ал,  аналық  жыныс  жүйесі:  аналық 

бездерден,  жұмыртқа  жолынан,  оотиптен,  қынаптан,  сарыуыз  клеткаларымен 

қоршалынады, Мелис денешігінен тұрады. Ұрықтану іште жүреді.  

 


№ 4 лекция 

 

Тақырып: Буылтық құрттар типі (Annelida). 

 

Лекцияның жоспары: 

1.

 

Буылтық  құрттар  типінің  классификациясы  және  құрылысының  жалпы 



сипаттамасы. 

2.

 



Көпқылтанды буылтық құрттар немесе полихеттер (Polychaeta) класы. 

3. Аз қылтанды құрттар немесе олигохеттер (Olygochaeta) класы. 

4. Сүліктер (Hirudinea) класы. 

 

Классификация. Тип 3 класқа бөлінеді: 

  1. Көп қылтанды буылтық құрттар (полихеттер)  - Polichaeta. Өкілдері: нереис, құмқазар, 

теңіз тышқаны. 

2. Аз қылтанды буылтық құрттар (олигохеттер) - Oligochaeta. Өкілі: жауын құрты. 

3. Сүліктер - Hirudonea. Өкілі: медициналық сүлік. 

 

Жалпы  сипаттама.  Басқа  құрттарға  қарағанда  буылтық  құрттар  едәуір  күрделі  болып 

келеді. Негізгі белгілері төмендегідей болады: 

1.  Буылтық  құрттардың  денесі  гомономдық  метамериялы  болады,  яғни  олардың  денесі 

сақиналы сегменттер сияқтанып келеді. 

2. Оларда екінші кезектегі дене қуысы пайда болады. 

3. Буылтық құрттарда бірінші рет дененің алдыңғы бөлігі бас пайда болады. Онда барлық 

сезім мүшелері шоғырланған  (көз, ауыз, иіс сезу т.с.с.). 

4.  Құрттардың  денесіндегі  параподий  деп  аталатын  қосалқы  мүшелері  сегметтердің 

бүйірінде орналасады. 

5. Буылтық құрттардың қан айналу жүйесі тұйық болады. 

6. Буылтық құрттардың көпшілігінде ерекше тыныс алу органдары-желбезектері болады. 

7.  Зәр  шығару  системасы  метамерия  тәртібімен  қайталап  отыратын  сегментарлық  зәр 

түтіктерден құралады. 

8. Жыныс системасы. Олар метаморфоз (личинкасы трохофора деп аталады) немесе тура 

жолмен өніп-өседі. 

 

 



Каталог: attachments -> article -> 285
article -> Род имён существительных
article -> Истинная вежливость. Цель. Воспитывать чувство уважения и вежливости. Оформление
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Технология және биоресурстар факультеті
285 -> Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ мал шаруашылығы және балық Өнімдерін өндіру технологиясы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет