Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру



бет1/6
Дата10.02.2023
өлшемі28,06 Kb.
#66709
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әліппе сценарий


Әліппе саған мың алғыс.
Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтиежесіне жетуге дағдыландыру.
Көрнекіліктері: «Әліппе, саған мың алғыс» тақырыбы
Еліміздің картасы, әріптер, оқушылар салған суреттер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті. Мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, Ы. Алтынсариннің портреті.
Нұрқасым:_1.Ассалаумалейкум_,_халайық!_Жұлдыз'>Нұрқасым:
1.Ассалаумалейкум , халайық!
Жұлдыз:
2. Армысыздар құрметті қонақтар: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Нұрқасым:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз , ұстаздар, ата- аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Жұлдыз
Шаттанамын , мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім , мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен Әліппем де ,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ықылас:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш, балдырған,
Құтты болсын, тойларың
Алмаз:
-Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Индира: 
- Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.
Мұғалім:олай болса, той иесі Әліппемізді ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе,Әліппе,Әліппе
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар ата- аналар.
Болашаққа жол бастап,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғажайыптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі Қазақтың
Басталаады сендерден.
Бекетай:
Армысыңдар, аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет