Математика есептерін шығару әдістері(мәтіндік есептер) Алдасугуров Еркебулан Мфпко 201
Математика есептерін шығару әдістері(мәтіндік есептер) Мфпко 201
Мектеп оқулықтарында көбінесе бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып отырады. Осының әсерінен математиканың алдында тұрған негізгі талап – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың логикалық ойлауды дамытуда берері зор және арифметикалық тәсілді жақсы меңгергенде мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алады.Есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға қалыптасуымыз керек. Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады. Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолдануға тура келетіндіктен, өмірмен байланысты есептерді шығару - танымдылық пен қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. «Есепті жеңу - ой жеңісі, жігерлік жеңісі» болып табылады.
Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады:
1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады
2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады
3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.
Мәтін есептерді шығару кез- келген есепті шығара білуге үйретеді:
а) есеп мазмұнын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйретеді;
б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйретеді;
в) есептің шығару жоспарын құру;
г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару;
д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару;
е) есептің дұрыстығын тексеру.
Мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады:
1) төртінші пропорционалды табуға арналған есептер;
2) пропорционал бөлуге арналған есептер;
3) екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер;
4) санның бөлігін және керісінше санды табуға арналған есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |