Ниязова Алмагуль Кабировна Б.Сырттанов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Арасан ауылы 2020ж
-Белсенді оқу дегеніміз не? -Оқытудың белсенді әдістері дегеніміз не?
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс. Белсенді оқу оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. -Нұсқау беру жəне айту: Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне көз жеткізу. Мысалы, математикалық есептерде бір əрекет екіншісінен шығатынына қалай көз жеткізуге болады, өлшеулер жүргізу арқылы дəлдік дəрежесін белгілеу, жұмысты қалай баяндау немесе кестені қалай құру. 1 «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып,
оқушыларға осы атауларға қатысты келесі сұрақтарға ауызша (жазбаша)
жауап беруді тапсырады:
Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада
кездестіріп едіңіз?
Қалай? Өткен тақырыптардан осы атауларды қолданудың мысалдарын
келтіре аласыз ба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде)
ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше
оқушының пікірін тыңдайды.
Мысалы: теңсіздік, мәндес, айнымалы