Математикалық сауаттылық 1-есеп



бет1/11
Дата15.12.2023
өлшемі295,93 Kb.
#139599
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика пиза тапсырмалары (4)


2.3 Математикалық сауаттылық
1-есеп. Жанармай.

2016 жылы 1 литр бензиннің бағасы 125 тг. Ал 2007 жылы 1 литр бензиннің бағасы 23,2%-ға арзан болған.



1-сұрақ: 1 литр бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?
Жауабы: __________

2-сұрақ: 2016 жылығы 1 литр бензиннің бағасы 2007 жылмен салыстырғанда қанша теңгеге қымбат?

Жауабы: __________

2-есеп. Киім тігу.

Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген.



1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды?
Жауабы: __________
2-сұрақ: Осындай үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған?
Жауабы: __________
3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: __________

3-есеп. Қозғалыс.

Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы шамамен 450 км. Осы арақашықтықты картада бейнелеу қажет.



1-сұрақ. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы картада 8 см болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет?

Жауабы: _______.
2-сұрақ . Егер картаның масштабы 1: 1000 болса, онда 450 км қанша сантиметрге тең болады?

Жауабы: ________ .


4-есеп. Қозғалыс.

Масштабы 1:190 картада Алматы қаласы мен Қостанай қаласының арақашықтығы 10 см-ге тең.



1-сұрақ. Алматы мен Қостанай қалаларының арақашықтығы қанша километрді құрайды?

Жауабы: ________ .



2-сұрақ. Егер 100 км-ге 8 л бензин қажет болса, онда осы қалалардың аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады?

Жауабы: ________ .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет