Мазмұны кіріспе 3 зейін туралы жалпы түсінік


Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі



бет2/12
Дата27.05.2022
өлшемі82,51 Kb.
#35722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесі ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.

  • Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Cана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У. Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.

  • Зейін көңіл – күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж. Миль “ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға зейінді қатынас екеуі деген нәрсе” – деп тұжырымдайды.

  • Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі, яғни адам білген таңдаған затына ғана ден қояды.

  • Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының ғажайыптылығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетті баламалайды.

  • Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.

  • Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесінде алынған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физикалық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.

    Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары П. Я. Гальпери еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:
    Зейін бағыттау – зерттеушілік іс - әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен мазмұнын тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет;
    Өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады;
    Белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, түрін бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;
    Психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл – ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды.
    Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән–мағынасын оған байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасы қабылданған.
    Зейін–бұл кісінің сезімдік, ақыл–ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет