Мазмҧны кіріспе


 Ҧлттық баспасӛздің пайда болуы



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет3/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2. Ҧлттық баспасӛздің пайда болуы 
 
ХХ  ғасыр  басында  саяси  күреске  шыққан  қазақ  зиялылары  әлеуметтік 
құрамы  жағынан  біркелкі  еместін.  Онда  тӛменгі  және  орта  деңгейдегі 
топтардың  ӛкілдерімен  қатар  ірі  ақсүйек  тұқымдары  да  болды.  Алғашқы 
кезде  жалпыұлттық  ұрандар  жетегінде  бұлар  біртұтас  күш  ретінде  күреске 
шықты.  Қазақ  зиялыларын  біріктірген  отаршылдыққа  деген  ӛшпенділік 
болатын.  Сондықтан  да  “Алашская  интеллигенция  по  всей  природе  была 
плоть от плоти, кровь от крови байства”
14
 деген қарадүрсіндеу тұжырымның 
терістігінде күмән жоқ.  
Бағыт  айқындылығын,  мақсат  бірлігін  ұғынысқан  қазақ  оқығандары  бас 
біріктірген  соң,  ӛз  ой-пікірлерін  халыққа  жеткізер  басылым  болуын  қалау 
табиғи  нәрсе  еді.  Сондықтан  да  олар  1905  жылғы  патша  әкімшілігі  жібіген 
жылымық  кезеңді  баспа  ісіне  еркіндік  алуға  пайдаланып  қалуға  ұмтылды. 
Сондай  бір  дерек  “Семипалатинский  листок”  газетінің  1906  жылғы  5 
июльдегі  санында  кездеседі.  Онда  былай  деп  жазылған  еді:  “17  октябрь 
қарсаңында және кейін де Бӛкейханов қырғыз тілінде газет шығармақ болып 
қырға  кетті,  ол  қазақ  халқы  үшін  алдағы  болар  сайлау  мен  қойылар  істер 
жайлы ӛзінің жерлестерімен ақылдаспақ”. 
                                                 
14
 Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды. –Алма-Ата –Москва, 1935. –С.13.
 

31 
 
Қазақ  зиялылары  алғашқы  саяси  күреске  де  баспасӛз  арқылы  осы  1905 
жылдары  шыға  бастады.  Олар  ұлттық  басылымдары  жоқ  болғандықтан, 
алдымен  “Ульфат”,  “Пікір”,  “Уақыт”,  “Шора”,  т.б.  татар  журналдарында, 
“Смена”, “Омич”, “Голос степи”, т.б. орыс газеттерінде кӛріне бастады. 1906 
жылы  кадет  партиясының  сьезіне  қатысуға  Петербургке  келген  қазақ 
оқығандары  осындағы  қазақ  зиялыларымен  келісе  отырып,  қазақ  баспасӛз 
орталығын ашуға ұйғарды. 
Сӛйтіп,  1907  жылы  наурыздың  28  күні  Мемлекеттік  Думаның  депутаты, 
мұсылмандар 
партиясы 
жетекшілерінің  
бірі  Шаһмардан  Қощығұловтың  қолдауымен,  Әбдірашид  Ибрагимовтың 
басқаруымен  “Серке”  атты  қазақтың  тӛл  демократиялық  газетінің  алғашқы 
саны  жарыққа  шықты.  Бұл  газеттің  шығарылуына  А.Байтұрсыновтың 
үзеңгілес  інісі  Міржақып  Дулатов  барынша  ат  салысып,  ӛзінің  “Жастарға” 
ӛлеңін,  “Біздің  мақсатымыз”  мақаласын  жариялады.  “Серкенің”  2-  саны 
жарық  кӛрмей  жатып,  жабылып  қалды.  Оның  басты  себебі  “Біздің 
мақсатымыз”  атты  мақала  деп  есептейді  зерттеушілер.  Бар  болғаны  бір-ақ 
саны  жарыққа  шыққанымен,  “Серке”  қазақтың  бейресми,  саяси  бағыттағы 
демократиялық  баспасӛзінің  тұңғыш  бастау  кӛзі  ретінде  тарихтан  ӛз  орнын 
алды.  
Дәл  осы  тұста  (март,  1907)  Троицк  қаласында  “Қырғыз  газеті”  шықты. 
Оны  бастырушылар  Ж.Андреев,  И.Иманбаев,  шығарушысы  Х.Шумов 
Сосновский  болды.  Бұл  да бір  санынан  кейін  шығарылуын  тоқтатты.  Бұдан 
соң  оқыған  қазақ  жастары  “Дала”  газетін  (Томскіде)  шығаруға  әрекеттенді. 
Бірақ,  қазақ  зиялыларының  алғашқы  әрекеттерінің  кӛбі  сәтсіздікке  ұрынып 
отырды. Мұның ӛзі патша әкімшілігінің жалпы бұратана халықтар мәдениеті, 
олардың  ӛркендеуі  деген  мәселеге  тек  отаршылықтың  озбыр  саясаты 
тұрғысынан  қарағандығының  дәлелі  болса  керек.  Себебі,  бұл  кезде  жалғыз 
қазақ  халқы  емес,  Россияға  бағынышты  ӛзге  де  мұсылман  елдері  де  осы 
тұрғыдан  зардап  шегуде  болатын.  Бұған  нақты  дәлелдерді  ӛзге  ұлттар 
баспасӛзі  тарихын  зерттеген  еңбектерден  кездестіруге  болады.  Мәселен, 
татар  тілінде  газет  шығару  мәселесін  татар  зиялылары  1808  жылдан  бастап 
патша  әкімшілігі  алдына  қойып  келе  жатқанымен,  алғашқы  татар  тіліндегі 
газет 1905 жылғы революцияның тұсында ғана жарық кӛрді. 
Жалпы  ұлт  аймақтарының  баспасӛз  ісінің  дамуына  тек  әкімшілік 
орындары ғана емес, орыс зиялыларының миссионерлік идеяны кӛздеушілері 
де  қарсылық  кӛрсетіп  келді.  Мысалы,  “Дала  уалаяты”  газеті  “Акмолинские 
ведомости”  газетіне  қосымша  ретінде  алғаш  қазақ  тілінде  жарық  кӛргенде, 
миссионер  Н.И.Ильминский  оған  ашық  қарсылық  білдірген.  Оның  қасиетті 
синод  обер-прокурор  К.П.Победоносцевқа  (1827-1907)  жазған  хатында  (16 
декабрь, 1889) ол қарсылығын былай дәлелдейді: “Об особом “Прибавлении” 
к  “Акмолинским  ведомостям”  я  давно  писал  Г.А.Колпаковскому,  что  эту 

32 
 
газету надо ограничить официальную лишь частью, а неофициальную часть 
лучше  бы  прекратить,  ибо  при  не  умелых  и  необразованных  переводах  (в 
доказательство  чего  я  привел  ясные  примеры),  требующих  бдительного 
наблюдения  и  опытного  руководства,  рискованно  отваживаться  на 
помещение  трудных  научных  и  политических  статьей…  Если  нынешний 
степной  генерал-губернатор  более  чем  его  предшественник  удосужится 
следить за киргизской газетой, он быть может, благоустроит ее направление 
или ограничит ее содержание”. 
Қазақ  журналистикасы  тарихындағы  толыққанды  басылым  болып 
табылатын,  ұлтының  бостандығы  жолында  табанды  күрес  жүргізген  саяси 
орган ретінде танылған баспасӛз 1911 жылы дүниеге келді. 1911 жылдың 11 
қаңтарында  Троицк  қаласында  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  журналы  “Айқап” 
жарыққа  шықса,  кӛп  ұзамай,  алдымен  Бӛкей  ордасында,  5-санынан  бастап 
Орал  қаласында  шыға  бастаған  “Қазақстан”  газеті  қазақ  оқырмандарының 
қолына  тиді  (16  март).  “Қазақстан”  газетінің  1911  жылдың  16  наурызынан 
1913  жылдың  шілдесіне  дейін  18  саны  жарық  кӛрді.  Газеттің  шығуына 
тікелей  септігін  тигізіп,  оның  шығарушысы  ретінде  танылған  Шәңгерей 
Бӛкеев, редакторы ақын, аудармашы, журналист Елеусіз Бурин болды. Газет 
ісіне Орда қаласында жасырын кәсіпшілік одақ құрған қазақ зиялыларының 
кӛрнектілері,  ақын-жазушылар  араласты.  Олар  –  Бақытжан  Қаратаев,  Ғұмар 
Қарашев,  Сейітқали  Меңдешев,  Мәжит  Шомбалов,  т.б.  Одақтың  кӛздеген 
мақсаттарының бірі елден қаржы жинап, жиналған қаржыға баспахана сатып 
алу  болатын.  Олар  бұл  талаптарына  “Қазақстан”  газетін  шығару  арқылы 
жетті. Алты бетті, шағын форматты болып шыққан “Қазақстан” елді береке-
бірлікке, оқу-ағартуға, кәсіп-тірлікке шақыруға біраз еңбек сіңірді. 
“Қазақстан” газетінің ерекшелігі, – деп жазды зерттеуші Қ.Бекхожин – ол 
патшаның  отаршылдық  әкімшілігінің  ресми  органы  болмағандығында”. 
Сондықтан да оның беттерінде қазақ халқына қатысты, оны кӛркейту жолын 
зерделеген  ӛзекті  мәселелер  кӛтеріліп,  халықты  оятар  ойлы  ұсыныстар 
айтылды.  Мәселен  газет  қазаққа  арнайы  баспасӛздің  не  үшін  қажеттілігінің 
ӛзінің  бірінші  санында-ақ  сӛз  етті.  “Газет  деген  не  зат?”  (авторы  Ғұмар 
Қарашев)  деген  мақалада:  “Жақсылық  болса  жұрт  болып  мақтайды, 
жамандық  болса  жұрт  болып  жамандайды,  сӛйтіп,  газет  арқылы  жақсылық 
бірте-бірте  ӛсе  береді,  жамандық  ӛше  береді”,  –  деп,  тасқа  басылған  сӛздің 
күшін жоймас әсерлілігі мен артықшылығын аңғартты. Сонымен қатар, газет 
бетінде  шаруашылыққа,  тұрмысқа  байланысты  және  оларды  ӛркендету, 
ӛзгерту  жайлы  материалдар  жиі  жарияланып,  нақты  ұсыныстар,  ақыл-
кеңестер  беріліп  отырды.  Бұған  1-санындағы  “Хал-жайымыз”,  2-санындағы 
“Еңбек  етсең  емерсің”  (Бас  мақала),  “Тіршілік  тартысы”,  11-санындағы 
“Халықты ояту үшін не керек?” (авторы Ғабдолла Кӛпжасаров), “Енді қалай 

33 
 
тұрмақ  керек?”  (бас  мақала),  1914  жылғы  4  санында  “Азаматтарға  бір-екі 
ауыз сӛз” (Б.Қаратаев) атты мақалалар мен хаттар айғақ. 
“Қазақстанның” ӛркениетті бағыт ұстануы патша әкімшілігіне ұнамағанын 
небәрі  шығып  тұрған  екі  жылдық  уақыт  ішінде  екі  рет  жауып,  қайта-қайта 
шүйілуінен  аңғару  қиын  емес.  Алғаш  рет  1911  жылғы  4-санынан  кейін 
жабылып,  қайта  шықса,  1913  жылы  18-санынан  саяси  әлпетін  нақты 
байқатқан газетті ақыры жауап тынды. “Қазақстан” тек қоғамдық, әлеуметтік 
тақырыптарда  ғана  емес,  әдеби,  мәдени  мәселелерді  жазғанда  да  басты 
мәселе  ретінде  күш  біріктіру,  бір  арнада  бас  қосу,  сӛйтіп  барып,  ел  басына 
түскен  ауыртпалықты  сейілтуге  үндеді.  “Қазақстан”  ӛзінің  1911  жылғы  
3-санында  жариялаған  “Әдебиет  таңы”  атты  мақалада  әдебиет  жайлы  сӛз 
қозғап, оның ішінде, Абай творчествосына назар аударумен қатар, цензураны 
шошындырмай тұрмас пікірлерді сӛз арасына қыстырып жіберді. “Россияның 
ішінде  әр  облыста  таралып  жатқан  қазақ  халқы  бір  жерге  ақылы  қосыла 
алмай 
жүрген 
заманды 
артымызға 
тастап, 
енді 
матбуғат  
(баспа  Ӛ.Ә.)  арқылы  сӛйлесіп,  пікірін,  майданға  салып,  иттифактың  астына 
жиналып,  бір  тілекте  болса  ғана  жұрт  қатарына  қосыла  алады.  Ел  билеген 
азамат,  ғылым  жолындағы  талапкерлер  әрқайсысы  ӛз  пайдасын  ғана 
ойламай,  халық  мүддесін  жоғары  санаса,  біз  де  тез  заманда  кім  екенімізді 
жұртқа танытармыз” деген пікірдің мағынасы әріде жатқаны аян. 
Жалпы алғанда, “Қазақстан” газетінің кӛкейкесті арманы оның атынан да 
кӛрініп тұрғандай. Бұл туралы зерттеуші Х.Бекхожин: “Газеттің “Қазақстан” 
деп  аталуында  мән  бар.  Бұл  қазақ  жерлерін  біріктіріп,  демократиялық 
республика орнату идеясын аңғартады” деп тұжырымдайды. Аз уақыт шықса 
да  баспасӛз  ісіндегі  кӛш  бастаушы  ретінде  танылған  бұл  басылым 
болашақтағы шынайы газеттің шығар күнін жақындата түсті. 
1907  жылдан  бастап  қазақ  даласын  шарлаған  тӛл  баспасӛз  ашу  идеясы 
бірте-бірте жеңіске жетіп, шындыққа айнала бастады. Алғашқы әрекеттердің 
сәтсіздікке  ұшырауы,  күрескер-зиялыларды  мойытудың  орнына  қарай 
түскендей.  Мұның  ӛзі  олардың  күрескерлік  белсенділіктерінің  белгісі  еді. 
Осынау  идея  тұтастығы  мен  берік  бірлікті  күрес  нәтижесінде  қазақ 
тарихында  елеулі  еңбек  атқарып,  ұзақ  ғұмыр  сүрген  қазақ  баспасӛзінің  қос 
жарық  жұлдызы  –  “Айқап”  пен  “Қазақ”  дүниеге  келді.  Ғылыми  айналымда 
“Айқап”  туралы  бір-қыдыру  зерттеулер  дүниеге  келгенімен,  “Қазақ”  газеті 
ұзақ  жылдар  бойы  кӛзден  таса  қалып,  зерттеу  былай  тұрсын,  аты  аталмай 
қалды. Оның себептерін біз жоғарыда айтып ӛттік. 
“Айқап” журналы 1911 жылдың январынан 1915 жылдың  авгусына дейін 
Троицк  қаласында  шығып  тұрды.  Оның  барлығы  83  саны  жарық  кӛрді. 
Редакторы  –  кӛрнекті  ағартушы-демократ  Мұхаметжан  Сералин.  Ол 
түрікшілдікті  жақтаған топ жағында тізгін ұстады. 

34 
 
“Айқап”  бетіндегі  түрікшілдермен  болған  түрлі  айтыстар,  батысшылдық 
топтың  ӛз  басылымын    ұйымдастыруға  итермеледі.  Және  мұның 
қажеттілігінің  екінші  бір  себебі,  “Айқап”  журналының  ӛз  мүмкіндігінен 
туындайтын  “жартайлық  шабандылығында”,  сондықтан  да  ӛмірдегі 
ӛзгерістерге  ілесе  алмай  қалып  жатуында  болса  керек.  “Қазақ”  осы 
олқылықтардың  орнын  толтырудағы  жаңа  бір  қадам  болуы  тиісті  еді. 
Сондықтан  да,  “батысшылдар”  идеялық-саяси  бағыттарының  мақсат-мәнін 
халыққа  толық  жеткізу  үшін  халықтың  “кӛз-құлағына”  айналар,  шын 
мәніндегі газетаны шығаруды мақсат тұтты. 
Жалпы “Қазақ” жарық кӛрген 1913 жыл қазақ ұлттық баспасӛзі үшін жаңа 
бір ӛрлеу жылы десе де болады. “Қазақстан” газеті қайта шыға бастаса, 1913 
жылдың сентябрь айынан Петропавл қаласында екі тілде (қазақ, татар) “Ешім 
даласы”  газеті  бір  жыл  шамасы  шығып  тұрды.  Бұл  газет  шағын  кӛлемде, 
жетісіне үш рет “Ишимский край” газетінің баспаханасында басылып тұрды.   
Яғни 1913 жылы қазақ оқырмандарына  4  басылым  ой тастады: “Айқап”, 
“Қазақстан”,  “Қазақ”,  “Ешім  даласы”.  Бұлардың  ішінде  беделдісі  де,  мол 
тираждысы  да    “Қазақ”.  Бұл  газет  қазақ    зиялыларының  1905  жылдан 
басталған күресіне адалдығын сақтаған, қазақ халқының ұлттық тұтастығын, 
ел  мен  жер  бірлігін  жақтаған,  сол  арқылы  бостандық  жолындағы  күрестен 
айнымаған  басылым  болды.  Яғни  бұл  басылымның  тӛңірегіндегі  зиялы  
қауым  таптық  мүддені  емес,  жалпыұлттық,  жалпы  демократиялық 
мақсаттарды  жүзеге  асыруға  күш  салды.  Сондықтан  да  “Қазақ”  алғашқы 
бейресми, жалпыұлттық саяси газет болып табылады. 
Қазақ  халқының  қоғамдық  ӛмірінде,  даму  тарихында  ерекше  роль 
атқарған  “Қазақ”  газеті  1913  жылдың  2  ақпанында  Орынбор  қаласында 
“Каримов,  Хусаиновтар  баспаханасынан”  шықты.  Жоғарыда  аталғандай, 
газет  саяси  орган  болуымен  қатар,  қазақ  мәдениеті,  әдебиеті  мен  ӛнері, 
журналистикасының дамуындағы үлкен бір биік белес  болды. “Қазақ”- ұлт-
азаттығы  мен  мәдени-ағарту  жолында  салиқалы  қызмет  атқарған,  тұщымды 
ой, татымды пікірлерге жол бас-шы болған, саяси үні батыл басылым. 
“Қазақ” газетінің мезгілі… қазақ жұрты 1905 жылдың ӛзгерісін ӛткізіп, ел 
дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, 
патша  саясатына  қарсылық  ойлап,  құрғақ  уайымнан  да,  бос  сӛзден  де  іске 
қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келді… Бұл тұтынған 
жолында “Қазақ” газеті ӛз міндетін дӛп атқарды”
15

“Қазақ”  жетісіне  бір  рет  жарық  кӛретін  апталық  газет  ретінде  шығып 
тұрды.  Басылымның  “Қазақ”  аталуында  екі  түрлі  мағына  барлығы 
аңғарылады.  Біріншіден,  газет  жалпыұлттық  газет  болғандықтан,  мақсаты 
жері бӛлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға 
біріктіру  болғандықтан  да,  ұлт  атын  иемденіп  “Қазақ”  аталды.  Екіншіден, 
                                                 
15
 
Әуезов М. (Қоңыр). Қазақ Әдебиетінің қазіргі дәуірі ⁄⁄Шолпан, 1923, №4-5.
 

35 
 
кітаби,  әдеби,  ғылыми  айналымда  қазақ  ұлтының  ӛз  аты  аталмай,  қырғыз 
аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының тӛл атын қайта оралту 
мақсатында  қазақ  зиялылары  ӛз  баспасӛзін  осылай  атауды  мақұл  кӛрген. 
Ахаң  сӛзімен  айтсақ:  “Аталы  жұртымыздың,  ауданды  ұлтымыздың  аруақты 
аты деп, газетамыздың есімін “Қазақ” қойдық”. 
“Қазақтың”  бірінші  санында  оқырманға  арнап  жазған  “Хурметлу 
оқушылар!”  атты  мақаласында  бас  жазушысы  (редакторы)  Ахмет 
Байтұрсынов газеттің қоғам ӛмірінде атқарар айрықша рӛлін айқындап ӛтеді. 
Мұнда газеттің аса бағалы 4 қасиеті сараланған: “Әуелі газета халықтың кӛзі, 
құлағы  һәм  тілі.  …Бүтін  дүния  жүзіндегі  халықтар…  газета  арқылы… 
дүнияда болып жатқан істер, сӛйленіп жатқан сӛздер – кімге пайдалы, кімге 
зарарлы екендігін күні-бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, зарарлы болса 
сақтанып тұрады. 
Екінші  –  газета  жұрттың  ылақбасына  қызмет  ететін  нәрсе.  …жұрттың 
білімді,  пікірлі,  кӛргені  кӛп  кӛсемдері  …газета  арқылы  халықтың  алдына 
түсіп, жол кӛрсетіп, жӛн сілтеп, басшылық айтып тұрады. 
Үшінші  –  газета  халыққа  білім  таратушы.  …Газетадан  жұрт  естімегенін 
естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білім молайтып, … парасаты жетікпекші. 
Тӛртінші – Газета халықтың даушысы. Жұртым деп халықтың арын арлап, 
зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газета арқылы халықтың сӛзін 
сӛйлеп,  файдасын  қорғап,  зарына  қарсы  тұрып,  қарғаға  кӛзін  шұқытпасқа 
тырысады”. 
Бұл бас мақала жалпы газеттің емес, тікелей “Қазақ” атқарар, алға қойған 
орсан зор істердің қысқа программалық нұсқасы десе болғандай. Сол тұстағы 
қазақ басына тӛнген үш қатер: жерден айрылу, бас біріктірер саяси биліктің 
жоқтығы,  не  ана  тілінде  оқытпай,  не  орыс  тілінде  жарытып  білім  бермей, 
сарсаң  күйге  салып  қойған  патшалық  саясат  бүтіндей  бір  халықты  ұлт 
ретінде  жойылып  кету  тығырығына  жеткізген  болатын.  Газет  оның  соңғы 
үміті,  соңғы  тірегі  тұғын.  Сондықтан  да  Ахаң  “Сӛз  қару;  …сӛзін  жұртты 
түзеуге жұмсай бастаған жұрттың ӛзі түзелуге бет алғанын кӛріп тұрмыз”, – 
деп жазды осы мақаласында. 
А.Байтұрсынов және оның айналасындағы азаматтардың ерен еңбегі, істің 
кӛзін  таба  білер  іскерлігі  мен  қабілеттілігі  “Қазақ”  газетін,  ӛз  тұсындағы 
газет-журналдар арасында кӛркемдігі мен сапалығы және таралымы жӛнінен 
алдыңғы қатарға шығарады. 
Газет  алғашқы  жылдың  ӛзінде-ақ  3  мыңнан  астам  тиражбен  тарады.  Бұл 
жӛнінде “Қазақта” берілген таралым ауқымы жайлы деректерге жүгінейік: 1. 
“Торғай – 694, 2. Семей – 612, 3. Ақмола – 586, 4. Сырдария – 327, 5. Орал – 
301,  
6.  Жетісу  –  157,  7.  Ішкі  ордалық  –  136,  8.  Ферғана  –  30,  
9. 
Самарқан 
– 
8, 
10. 
Закаспий 
– 
5, 
ӛзге 
жерлерден:  

36 
 
1. Орынбор – 37, 2.Уфа –14, 3. Қазан – 13, 4. Қытай қазағы – 10, 5. Петербург 
– 
9, 
6. 
Түркия 
– 
5, 
7. 
Мәскеу 
– 
3,   
8. Томск – 3 және басқа 57”. Кӛріп отырғанымыздай, қанатын кеңге жайып, 
тамырын тереңге жіберген “Қазақ” тиражы – 3007 дана. 
Сол  кездегі  “Айқап”,  “Қазақстан”  басылымдарымен  салыстырғанда  бұл 
үлкен  жетістік  еді.  Мәселен,  беделді  журнал  болған  “Айқап”  туралы 
“Оренбургский  край”  жариялаған  “Мусульманская  печать”  атты  мақалада 
оның  тиражы  туралы:  “…Солидный  двухнедельник,  имеющий  небольшой 
тираж  в  900-1200  экземпляров”,  –  деген  мәлімет  берілген.  Осы 
салыстырулардан  байқайтынымыз:  “Қазақ”  ӛз  тұсындағы  ең  мол  тиражды 
газет болғаны шындық. 
“Қазақ”  1913  жылдың  февралінен  1918  жылдың  күзіне  дейін  шығып 
тұрды. Қазақтың ұлттық баспасӛзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт 
жарық  кӛріп  тұрған  басылым  жоқ.  Оның  осы  5  жылға  созылған  аз  ғұмыры 
тарихи оқиғалардың бай шежіресімен оны қазақ ұлтының энциклопедиялық 
басылымы  деңгейіне  кӛтерді.  Қазақ  қоғамының  сан  саласына  кӛз  жіберіп, 
ӛткір  мәселелерге  қалам  сілтеген  оның  кӛсемсӛзшілері  бас  жазушы  Ахмет 
Байтұрсынов  басшылығымен  дәуір  келбетін  неғұрлым  шынайы  кӛрсетуге 
тырысты.  Бұл  бағытта  газеттің  екінші  редакторы  болған  Міржақып 
Дулатовтың  да  еңбегі  ерекше.  Ол  1914  жылдың  12  майынан  бастап  екінші 
редактор,  ал  1917  жылдың  28  июлінен  кейін  газеттің  негізгі 
ұйымдастырушысы болды. Жалпықазақ съезінен кейінгі жарияланған “Ашық 
хаты”  бұған  дәлел:  “Жалпықазақ  съезі  Учредительное  собраниеде  мені 
екінші  қылып  кӛрсеткен  еді.  Мен  тӛменгі  себептер  бойынша  списоктен 
шығамын…” – дейді ол бұл хатында. Сонан соң басты себебі ретінде “Қазақ” 
газетіндегі  басшылықты  алға  тартады:  “Ахмет  һәм  мен  екеуміз  де  депутат 
бола қалсақ, газет иесіз қалар… 
Бір  кісі  бір  іске  жарайтын  болса  да  аз  болмас.  Халыққа  қызмет  етемін 
деген кісіге бәрібір: депутат бол, газет шығар…”
16
 
1918 жылы Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов саяси іске белсене 
кірісіп,  азамат  соғысының  бел  ортасында  жүрген  тұста  “Қазақ”  газетінің 
уақытша  шығарушылары  ретінде  Әбділхамит  Жүндібайұлы,  Жанұзақ 
Жанибековтер қол қойған. 
Патшалық  Россия  тұсында  бірнеше  рет  тоқтатылып,  бірақ  жабылмаған 
“Қазақ” газетін толық тоқтату туралы бірінші нұсқауды Совет үкіметі берді. 
Омбы  атқару  комитетінің  1918  жылы  4  мартта  Орынбор  Совдепіне  берген 
телеграммасында: “В виду того, что киргизский орган партии Алаш “Казах” 
является контреволюционным, открыто выступает против Советской власти, 
организуя  Алаш-Орду,  просим  немедленно  закрыть  газету”  –  деген 
сипаттағы нұсқау жолданды. 
                                                 
16
 Қазақ, 1917, №240.
 

37 
 
Бұл  үкім  жедел  түрде  жүзеге  асырылды.  Сӛйтіп,  “Қазақ”  ӛзінің  265 
санынан  кейін  тоқтатылды.  Бұл 
ұлт 
аймақтарындағы 
“ӛзгеше” 
ойлаушылардың болашақта түбіне жетер тұңғыш соққы еді.  
Осылайша  кеңестік  қудалаудың  сталиндік  әдіс-тәсілдері  алғаш  кӛрініс 
беріп,  болашақ  “халықтар  кӛсемі”  басқарған  Ұлттар  Комиссариаты  1918 
жылы  контрреволюциялық  деп  тапқан  ондаған  ұлттық,  қоғамдық 
ұйымдарды,  баспасӛз  органдарын  жапты.  Ӛзіндік  жӛн-жобасы,  бағыт-
бағдары  бар  ұлттық  басылымдар  ой-сана  биігіне  қанат  қаға  бастаған  сәтте 
“тарих  тажалының”  тырнағына  ілікті.  Қазағын  азаттықтың  ақтаңына 
жетелеген,  ой-санасын  оятқан  ұлы  тұлғалардың  ұлағатты  ойлары  тарихтың 
“ақтаңдағына” айналды. 
 
3. 1916-17 жылдардағы тарихи оқиғалар және  
қазақ зиялылары 
 
Россия  империясының  отаршылдық  езгісін  кӛрсе  де,  еңкеймеген  қазақ 
халқы  үнемі  күресумен  келгені  тарихтан  мәлім.  Кенесары-Наурызбай, 
Исатай-Махамбет  бастаған  бостандық  жолындағы  жан  қиярлық  іргелі 
күрестерді  былай  қойғанда,  ӛзімізге  біршама  жақын  кешегі  1916  жылдың 
оқиғалары  ұлтымыздың  еркіндік  сүйгіш  болмысының  айғағындай.  Бірақ 
осынау ерлік пен батырлықтың шежіресі іспетті айтулы тарихи оқиғаның бар 
шындығы  әлі  күнге  дейін  айқындалмай  келеді.  Кезінде  кеңестік 
идеологияның  “сара  жолының”  нәтижесінде  оны  тек  таптық  кӛзқарас 
тұрғысынан  бағалап  келдік.  Сонымен  бірге  елді  қырып  алмау  жағын 
қарастырып, ұлт-азаттық күреске неғұрлым саяси сипат бергісі келген қазақ 
зиялыларының  іс-әрекетін  де  бір  жақты  бағаладық.  Тіпті  кейде  сатқындық 
ретінде қараладық. 
Бүгінгі  тарихтың  ақ-қарасы  айқындалып  жатқан  тұста  бұрынғы  кӛп 
ойларға  ӛзіндік  баға  беру,  қилы  заманның  қисынды  шындығын  ашу  қажет 
екендігі  бесенеден  белгілі.  Соның  ең  бастысы  “…ұлт-азаттық  қозғалысы 
большевизмнің  аясында  дамыды  деп  келген  тарихшы  қауымның  пікірі 
жаңсақ екендігін бүгін ашып та айтар кез келгендігі” (М.Қозыбаев). Ӛйткені 
Ресей  империясына  қарсы  400  жыл  күресіп  келген  қазақ  халқы  барлық 
кӛтерілісті  ӛзі-ақ  ұйымдастырып  келген  жоқ  па?..  Рас  соңғы  кӛтерілістің 
бүкілхалықтық  кӛтеріліске  ұласуына  Россияның  ішіндегі  саяси-әлеуметтік 
оқиғалар біршама әсер еткенін жоққа шығара алмаймыз. 
Патшалық  Россияның  отарлық  бұғауындағы  қазақ  халқының  ӛміріне 
бірінші  дүниежүзілік  соғыс  біраз  ӛзгешеліктер  әкелді.  Соғыс  ауыртпалығы 
патша  әкімшілігінің  отаршылдық  қылбұрауын  бұрынғыдан  да  қыса  түсуіне 
әсер  етті.  Оның  бір  кӛрінісі  қазақ  жерін  тартып  алу  бұрынғыдан  да  күшейе 
түсті. Бұл туралы кезінде патша әміршілдері де жазған еді. Мәселен генерал-

38 
 
губернатор  Куропаткин  күнделігіне:  “Особенно  для  меня  необъяснима 
отдача  в  1913,  1914,  1915  гг.  одного  миллиона  800  тыс.  десятин  в 
Семиреченской  области  под  скотоводство  различным  лицам…  Боюсь,  что 
это будет хуже знаменитых “башкирских земель”. Мы самый не знали куда 
клоним”, – деп 1916 жылы сезіктене жазыпты.  
Осы ауыртпалықтарға қосымша ел арасына тараған қазақтан солдат алады 
екен деген сӛз, алып қашпа әңгіме үрей туғызып, елді шошындыра бастады. 
Сондықтан  да  бұл  жағдайға,  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  барысына  қазақ 
зиялылары  қатты  назар  аударды.  Оның  шығу  жағдайы,  соғысушы  елдер 
жайы, соғыс барысы сол тұстағы қазақ басылымдары “Айқап” журналы мен 
“Қазақ”  газеті  беттерінде  үнемі  жазылып,  елге  бар  жағдай  хабарланып 
отырды.  
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісі патша ӛкіметінің сол 
жылғы 25 маусым күнгі қазақ, қырғыз, ӛзбек, тәжік, түрікмен сияқты бұрын 
әскери қызметке алынбаған бұратана халықтардың 19 бен 31 жас арасындағы 
азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына байланысты 
туған  еді.  Қазақ  зиялылары  патша  жарлығына  бірден  қарсы  шықты. 
Патшаның  қазақтан  солдат  алуы  анық  бола  бастағанда  қазақ  оқығандары 
қырға  шығып,  ел  арасында  саяси  түсіндіру  жұмысын  жүргізе  бастады.  Бұл 
тұста  Міржақып  Дулатов  “Қазақ”  газетінде  “Гос  Дума  һәм  солдаттың 
мәселесі”  деген  мақала  жазды.  Онда  қазақтан  солдат  алудың  бар  мәселесін 
нақты  шешу  үшін  Дума  ашылуына  қарай  Петроградқа  Самарадан 
Ә.Бӛкейханов,  Орынбордан  А.Байтұрсынов,  Ақтӛбеден  Н.Бегимбетов  жүріп 
кеткендігін,  олар  қазақ  даласының  әр  тұсынан  жиылған  пікір-тілекпен 
аттанғанын  жазды.  1.  Қазақтан  соғыс  үстінде  солдат  алынбауы.  2.  Солдат 
алудан  бұрын  метрика  түзеу.  3.  Лажсыз  алынатын  болғанда  жаяу  солдат 
болмай, атты әскер болуы. 4. Қазақ пен орыс жер-су һәм правода тең болуы. 
Осы  кезеңнің  шындығы  жайлы  тағы  бір  деректі  Мұхамеджан 
Тынышбаевтың 1916  жылғы  сентябрь айында  Черняев  уезінің 4-учаскесінің 
мировой  судьясына  куә  ретінде  берген  жауабынан  табамыз:  “…3  февраля 
1916  г.  Выехали  в  Петроград  бывший  член  І-й  Государственный  Думы 
А.Букейханов,  редактор  “Казах”  А.Байтурсынов,  и  киргиз  Н.Бегимбетов. 
Побыв  в  Петрограде  у  разных  лиц,  в  том  числе  и  у  военного  министра 
генерала  Поливанова,  дипломаты  вернулись  и  сообщили  на  страницах 
“Казах”  что  вопрос  о  привлечении  киргиз  пока  отложен…  тем  не  менее 
вопрос  о  том,  какая  служба  для  киргиз  лучше  –  кавалерия  или  пехота  – 
рассматривался до июня месяца…”
17
 
Қазақ  үшін  әскердің  қай  түрі  оңтайлы  екендігі  туралы  нақты  жауапты, 
қазақ  зиялыларының  кӛсемі  Әлихан  Бӛкейхановтан  табамыз.  Ол  ӛзінің  осы 
“Қазақта”  жарияланған  “Петербург  хаты”  атты  мақаласында  былай  деп 
                                                 
17
 Восстания 1916 года вКазахтане (Документі иматериалы).-Алма-Ата,  1947.-С. 21-22.
 

39 
 
жазады:  “Әскерлердің  түрлерінен  қазақ  үшін  қолайлысы  –  казак. 
Солдаттардың жүрісі – жаяу, тұрысы казармада. Кавелеристің жүрісі – атты, 
тұрысы – үйде (тек соғысқа барарда ғана үйін тастайды).  
…Қазақ  жаяуында  қол-аяғы  байлаулы  сияқты,  жүрісі  сӛлекет,  ебі 
жоғалады, қаруынан айырылады. Ал ат мінсе, кӛңілі ӛсіп, қолы ұзарып, күші 
кӛбейіп, ебі молайып, кӛзі де алыстан кӛріп, қару-қайраты екі есе артады…” 
Иә, қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы бӛлігі қазақтан солдат аларына 
анық  кӛзі  жеткен  соң,  жігіттерді  баруға  үгіттеді.  Сондықтан  да  кейінгі 
зерттеулердегі  “Қазақ  буржуазияшыл  ұлтшылдары…  халықты  патшаның 
указын  орындауға,  патша  ағзамның  алдында  құрдай  жорғалап,  қазақтарды 
шақыру  пунктіне  келуге  үндеді”  –  деген  пікірлерді  оқып,  әрі-сәрі  ойға 
қаласың.  Осы  сӛздердің  шындық  болғаны  ма?..  Жоқ!  Ӛйткені  қазақ 
зиялыларының  Ахмет  Байтұрсынов,  Әлихан  Бӛкейханов  бастаған  тобының 
саяси кӛрегендікпен болжаған ойы  тым әрі де жатыр еді. Қазақ жігіттерінің 
соғысқа  алынбай  тұрмасына  кӛздері  жеткен  олар  аптал  азаматтардың 
ӛзгелермен терезесі тең, ерлерше соғысуы үшін ата-бабасынан сан ғасырлық 
тәжірибе болып қалыптасқан ӛздеріне таныс атты әскерге алынып, еркіндікте 
болуын  қалады.  Елдің  ер-азаматтарды  бермейміз  деп  босқа  қырғынға 
ұшырамауын тіледі, шоқпардың зеңбіректің кӛмейіне тығын болмасын сезді 
олар.  Сондықтан  да  ел-жұртты  ақылға  шақырып,  араңдап  қалмауын 
ойластырды.  
Қазақ  зиялыларының  тек  сӛзбен  ғана  емес,  іспен  де  біршама  іс-әрекет 
жасап  жатқандығын,  олардың  біршама  жетістіктерге  қол  жеткізгенін  патша 
әкімдерінің  кеңселеріндегі  құжаттар  мен  іс-қағаздары  дәлелдей  түседі. 
Мәселен,  Торғай  соғыс  губернаторының  жоғарғы  бас  қолбасшы  штабына 
1916  жылғы  25  февралінде  берген  хабарында:  “Врач  Аубакир 
Бекмухаметович  Алдияров  и  сотрудник  газеты  Мир-Якуб  Дулатов 
обратились ко мне с просьбой о выдаче им удостоверении в том, что они по 
приглашению  заведующего  инородческом  отделом  Земского  городского 
союза  отправляются  в  город  Минск  для  поступления  на  службу  названный 
отдел,  причем  представили  мне  телеграмму,  подписанную  начальником 
названного  отдела  Букейхановым  на  имя  Дулатова  с  приглашением  на 
службу инородческий отдел. Выдав 25 февраля с.г. за N291 и 292 просимые 
удостоверение  Дулатову  и  Алдиярову,  считаю  долгом  сообщить  штабу…” 
деп жазады. 
Сырға  сараң  бұл  документ  астарында  үлкен  бір  мән  жатыр.  Алдыңғы 
қатарлы  қазақ  зиялылары  1916  жылдың  басында-ақ  әскерге  алынар  қазақ 
жігіттеріне  кӛмектесу,  жәрдемдесу  жолдарын  қарастырды.  Сӛйтіп  майдан 
шебіне жақын жерлердегі земство бӛлімдерінде қызмет істеуге сұранып, қара 
жұмысқа  алынған  жігіттерге  жан-жақты  кӛмек  кӛрсету  мүмкіндігіне  ие 
болуды кӛздеген. 

40 
 
Қазақ  зиялыларының  кӛш  басшысы  Ә.Бӛкейханов  1916  жылдың  күзінде 
кадеттер  билеп  тұрған  Бүкілроссиялық  Земство  одағынан  Батыс  майданға-
майдан  ставкасы  жанындағы  “Одақ”  бұратана  бӛлімінің  менгерушісі 
қызметіне жіберіледі.  
Қазақ  зиялыларының  ӛз  ұлтының  қамын  ойлаудан  туған  игі  іс-
әрекеттерінің кӛбі аяқсыз қалып отырды. Патша ӛкіметі ешбір ӛтінішті, тіпті 
дұрыс  ниетті  ӛтініш  болса  да  қабылдамады.  Патшаның  “бұратана”  халық 
ӛкілдерін әскери міндет ӛтеуге” алу туралы жарлығы 1916 жылдың 25 июнь 
күні жарияланды. Мемлекеттік Дума тиісті заң жобасын қабылдады. 
Бұл  жарлықтың  қазақ  халқына  қалай  әсер  еткені  туралы  Міржақып 
Дулатов  “Еңбекші  қазақ”  газетінде  жариялаған  естелігінде  былай  деп  еске 
алады.  
“1916  жылғы  маусым  жарлығы  шыққан  кезде  Орынборда  едім…  Ахмет 
Байтұрсынов сол жаз Торғай уезіндегі санақ жұмысына кетіп, “Қазақ” газетін 
мен басқарып тұрдым. Бір күні тӛбеден жайдың оғы түскендей болды. Июнь 
жарлығы сарт ете қалды”. 
Осы  тұста  “Солдат,  соғыс!”  дегеннен  шошып,  сендей  сапырылысқан 
қалың елге септігі тиер деген үмітпен, “Қазақ” газетінде А.Байтұрсыновтың 
бас мақаласы жарияланды. 8 июльде жарық кӛрген бұл мақала отқа ұмтылған 
кӛзсіз  кӛбелектей  елді  тыныштандырып,  сабырға  шақырған  алғашқы  әрекет 
еді.  Ахаң  бұл  мақаласында  Июнь  жарлығының  қазақты  қара  жұмысқа  алу 
жӛнінде  екенін,  ӛздері  жүргізген  кӛп  жұмыстың  нәтижесіз  болғанын, 
еңбектің  ақталмағанын  меңзей  отыра  үрейлі  елді  арандап  қалудан 
сақтандырған  алғашқы  мақала  болатын.  Мақала  соңында  автор  әлі  де  үміт 
үзбеуге  емеурін  білдіреді,  қай  әскерге  баруды  халықтың  ӛзі  шешеді,  ол 
туралы  біздің  пікіріміз  белгілі  деген  ой  тастайды.  Ал,  қазақ  зиялыларының 
үміт  артқаны  алдағы  Торғай,  Орал,  Ақмола,  Семей,  Жетісу  облыстарының 
Орынборда  ӛтетұғын  мәжілісі  еді.  Торғай  облысының  губернаторы  рұқсат 
еткен  бұл  мәжіліс  1916  жылдың  7  авгусінде  ӛткізілді.  Осынау  қасіретті  ел 
ауыртпалығын  сәл  де  болса  жеңілдеткісі  келген  қазақ  зиялыларының  іс-
әрекеттері ӛз нәтижесін бермеді. Ә.Бӛкейхановтың тӛрелік етуімен ӛткен бұл 
мәжіліс  патша  ӛкіметінің  алдына  нақты-нақты  17  талап  қойды.  Кеңестегі 
қаулының  нәтижесінде  қол  жеткізген  жетістіктің  бірі  19  бен  43  жастың 
аралығындағы  ер-азаматтарды  (бұл  –  қазақ  еркек  кіндіктілерінің  
18 
пайызы) 
сыпырып 
әкетуді 
кӛздеген 
әскери 
шақыруды  
19 бен 31 жастың арасына түсіру деп білеміз.  
Мәжілісте қабылданған 18 пункттен тұратын талап-тілектердің негізгілері 
мыналар:  1.  Солтүстік  уезіндегі  қазақ  жігіттерін  келер  жаңа  жыл  –  бірінші 
ғинуарына шейін, оңтүстік уездер халқын 1917 жылғы 15 мартқа дейін алмай 
кешіктірсе екен. 2. Ең әуелі 19 бен 31 арасындағы жастардың үштен бірі ғана 
алынса екен. Алғанда 19 жастан бастап алуға тиіс, – бұл жастағылардың кӛбі 

41 
 
үйленбегендер болады… 4. Бір үйдегі шаруа басқаратын, алынатын бір жігіт 
қалса екен (егер сол үйдің басқа еркектері 17-де, яки 50-ден асқан болса)… 7. 
Әр  ауылда  бір  молдадан  қалдырылсын,  …мұғалім  қалдырылғанда  алдымен 
қолында  шаһадаттанамасы  (куәлігі.  Ӛ.Ә.)  барлар  қалсын…  9.  Шаһар 
медреселерінде  оқып  жүрген  шәкірттер  қалсын…  Алынған  жігіттер  отыз 
кісіден  қостас  болсын.  Әр  қосқа  бір  переводчик  һәм  он  қосқа  бір  молда 
сайлансын.  
14. Ауырған жігіттер жаралылармен тең дәрежеде дәрігерлік кӛмек кӛрсін… 
17.…Орынды себептер бойынша, керектігіне қарай, қазақ жігіттері демалыс 
алатын болсын”. Бірақ бұл талап-тілекке жоғарғы жақ 25 августа “Отказать, 
отсрочка представлена только до 15 сентября”, – деп жауап берді.  
Ел  қамын  терең  ойлаған  арыстардың  бұл  қызметі  –  құрғақ  айқай,  бос 
ұраннан  гӛрі  салқынғандылық  танытқан,  барлығын  елеп-екшеп,  әбден 
толғанып  барып  шешкен  шешімнің  жемісі.  Әмірі  қатты  патша  ағзамның 
ақыры алмай қоймасын білген олар қалайда қазақ жігіттерінің ӛзгелермен тең 
азаматтық  құқын  сақтап  қалуға  тырысып  бақты.  Жоғарыдағы  тілек-
талаптардың  қай-қайсысы  да  “сатқындық”  немесе  “отқа  итермелегендік” 
емес, керісінше, олардың бұл мәселені сауатты да салауатты түрде, заңдылық 
жолымен шешуге ұмтылғанын кӛрсетеді. Зиялылар қалайда халықты жаппай 
қырылудан  сақтап  қалуға  ұмтылды.  Сыныққа  сылтау  іздеп  отырған  патша 
жазалаушы отрядтарының қылышынан аман алып қалуды ойлады. 
Кӛп  ұзамай,  терең  ойламай  “отқа  май  құйғандардың”  кесірінен  ел  ішін 
тынышсыздана бастаған тұста Ахмет, Әлихан, Міржақыптар тағы да халқына 
қайырылып,  екі  бірдей  үндеу  жариялады.  Оның  бірі  “Алаш  азаматына”, 
екіншісі – “Қазақ халқына” деп аталады. Бұл екі үндеудің айтар ойы мынаған 
саяды:  “…ойламаған  жерден  жұрт  басына  мұндай  іс,  мұндай  ауыртпалық 
түсті,  мұны  қалай  қыламыз…  Біздің  жұртқа  айтарымыз  мынау,  бұған 
кӛнбеске  болмайды…  Кӛнбейміз  дегеннің  сүйенгені  жан  тәттілік  болса, 
салыстырып кӛрелік: кӛнгеде жұртқа қандай ауырлық бар, кӛнбегенде қандай 
ауырлық бар. Бірі – барса шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер аз қазаға, 
бейнетке  ұшырағаны,  екіншісі  –  бармаймын  десе,  қарсылық  қылса,  елге 
келетін зор бүліншілік”.  
Шындығында,  бұл  бір  “тоқсан  толғап”,  “жеті  ӛлшеп,  бір  кескен”,  уақыт 
шындығынан  туындаған  пікір  екенін,  қазақ  даласының  кӛп  жерінде  қолдау 
тапқан, жалпы қазақ зиялыларының ортақ тілегі екенін байқаймыз. Мәселен 
Семей  уезінде  жеті  болыстың  ақсақалдары  мен  ел  жақсыларының  кеңесі 
болып,  ол  Тұрағұл  Құнанбаевтың  тӛрағалығымен  ӛтсе,  Жетісу  ӛлкесінде 
М.Тынышбаев елді сабыр сақтауға шақырып, үндеу телеграммалар жӛнелтті. 
Батыста  Бақытжан  Қаратаев  пен  Жанша  Сейдаллин  Гос.  Думаның 
тӛрағасына  хат  жолдап,  әскерге  шақырудың  1917  жылдың  май  айына  дейін 
шегерілуін талап етіп жатты.  

42 
 
Бұл  ой-пікірлерді  қазақ  зиялыларының  екінші  бір  тобының  (түрікшілдік) 
басында тұрған, бұрынғы “Айқап” журналының бас редакторы Мұхаметжан 
Сералин  де  қолдап,  қазақ  жігіттерінің  қара  жұмысқа  баруын  дұрыс  деп 
тапқанын 
“Айқап” 
журналы 
жайлы 
зерттеулерден 
кездестіре- 
міз  (Зиманов  С.,  Идирисов  К.  Общественно-политические  взгляды 
М.Сералина. - Алма-Ата, 1989. - С.130.).   
Дегенмен  елдің  ашу-ызасы  сыртқа  шықпай  тұра  алмады.  Бұқара  халық 
майдан  жұмысына  адам  бермейміз  деп  сӛз  байласты,  жарлыққа,  патша 
ӛкіметіне,  қазақтың  би-болыстары  мен  парақор  атқа  мінерлеріне  қарсы 
кӛтеріліс жасады.  
Бұл  кӛтеріліс  Қазақстанның  барлық  жерлерінде  де  болды.  Әсіресе 
Қостанай-Торғай  жағында,  Орталық  Қазақстанда,  Жетісу  облысында  ӛте 
күшті  қозғалыстарға  ұласты.  Кӛтеріліске  қазақ  халқы  тегіс  қатысты  десе 
болғандай.  Осыдан  ол  жалпы  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  кӛтерілісіне 
айналды. Себеп осы ұлт-азаттық кӛтеріліс барысында қазақ тұтас кӛтеріліп, 
50-ге жуық  хан  сайлады.  Бірақ  кӛтеріліс  стихиялы  түрде, әр жерде,  әр  кезде 
шықты,  тізе  қосқан  бірлік  кӛрініс  таппады.  Әуелі  алдына  тӛңкерісшіл 
тілектер қоймады. Тек майдан жұмысына адам бермейміз, ӛлсек бәріміз бірге 
ӛлеміз, ӛз жерімізде ӛлеміз деген жалпылама ұрандар жетегінде кетті.  
Кӛтерілісшілердің  бар  істегендері  –  тізім,  книгаларды  ӛртеді;  кейбір 
болыстарды ӛлтірді; бірқатар байлардың малын, почтаны талады; бірді-екілі 
телеграф сымдарын үзді; қаланы қоршады; сарбаз құрды; қару-жарақ жасады. 
Жалпы  алғанда,  кӛтерілісшілер  шабуылға  шықпады,  тек  әзірлену, 
қорғанумен ғана болды. Сондықтан да, кӛтеріліс тез жеңілді. Тек Қостанай-
Торғай  жағындағы  Аманкелді  Иманов  басқарған  кӛтеріліс  ғана  жалғасын 
тауып, партизандық күрес әдісіне кӛшті. 
Халық кӛтерілісін басуға жіберілген Ресей жазалаушыларының іс-әрекеті 
тарихи  жан  түршігерлік  жағдайларды  алға  тартады.  Қазақ  зиялыларының 
күткен  қаупі  расқа  айналды,  әр  жерден  бас  кӛтерген  кӛтерілісшілер  аяусыз 
басып  жаншылды.  Ел  басы  ауған  жаққа  босып  кеткендей  күн  туды.  Екінші 
“Ақтабан шұбырынды” қайта оралғандай болды. Патша әкімшілігінің кӛктен 
күткені жерден табылды. Олар халықтың тоз-тозын шығару үшін ештеңеден 
тартынған  жоқ.  Сӛйтіп  ӛздерінің  қанды  жорықтарының  ұлы  дайындығын 
(генеральная  репетиция)  жасай  бастады.  Жетісу  губернаторы  Фольбаум: 
“Бүлікті  тез  басу  үшін  әскерлер  қозғалысқа  қатысқан  бір  облыс  елдің 
әлденеше  жүз  адамын  қырып  тастап,  үлгі  кӛрсеткені  дұрыс  болады”,  –  деп 
жазды, уезд әкімшілігіне берген бұйрығында шімірікпестен.  
Сол күндердің куәгері С.Сейфуллин қазақ басына тӛнген қасірет кӛрінісін 
“Солдат кез болған ел туғалы кӛрмеген жәбірін кӛрді. Атылған адам… қып-

43 
 
қызыл  дүре.  Жәбір-зорлық  кӛрген  қыз-қатын,  жылаған  бала.  Асты-үстіне 
келген ел… қысқасы, қырға қара пәле келгендей болды”
18
 деп суреттеді. 
Ал Тұрар Рысқұлов Аманкелді кӛтерілісі туралы жаза келе мынандай жан 
түршігерлік мәліметтер келтіреді: “Последнее, самое серезьное столкновение 
отряда с главными силами повстанцев разыгралась в 90 км от Тургая. В ауле, 
где  она  произошло,  было  убито  300  женщин,  детей,  стариков.  Во  время 
отступление  основной  массы  повстанцев  вниз  по  реке  Тургай,  русские 
отряды  обстреливая  отступавших  по  льду  с  обеих  берегов,  нанесли  им 
решительное поражения. Убитых казахов насчитывалось до 4000… 
В  общей  сложности  нападению  восставших  казахов  и  киргизов 
Семиреченской  области  подвергалось  94  селения.  Сожжено  и  разрушено 
1373 домов; убито 1905 чел., ранено 684, взяты в плен и без вести пропало 
1105…  Потери  воинских  частей  исчислялись  в  171  чел.  в  том  числе  было 
убито 3 офицера и 53 солдата
19

Осынау қазақ даласын қанға бүктірген зұламатқа шет елдерге ауа кӛшкен 
босқындарды,  кішігірім  кӛтерілістер  кезіндегі  “қантӛгісті”,  жазалаушы 
отрядтың  қазақ  ауылдарына  “еріккеннен  істеген  ермегін”  қоссаң,  қазақ 
зиялылары алдын-ала болжаған нәубеттің сұлбасы кӛрініп-ақ қалады. 
Әрине  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілістің  бостандық  сүйгіш  рухқа  от 
бергенін жоққа шығара алмаймыз. Ол  – ұлы ерлік пен халықтың жан аямас 
күресінің  айғағы.  Қазақ  зиялылары  мол  шығынға  жол  бермеу  мақсатында 
кӛтерілісті қолдамағанмен, қаһарлы 1916 жылы ӛз жұртымен бірге болды, ел 
тілегінің, халық сӛзінің жақтаушысы бола білді. Қазақ жұртының адастырмас 
бір бағдар шамы болуға тырысты. Ұлт-азаттық кӛтерілістің рухы 1917 жылғы 
ақпан, қазан тӛңкерістеріне келіп ұласты.  
Патшаны  құлатқан  ақпан  тӛңкерілісін  қуана  қарсы  алған  ұран  үндес 
сӛздерді  1917  жылдың  9-мартында  кӛреміз:  “Киіз  туырлықты  қазақтың  оң 
жағынан  ай,  сол  жағынан  күн  туды,  жақсылық  қуаныш  тек  қана  орыстікі 
емес,  Отаны  Россия  болған  жұрттың  бәріне  тегіс  жақсылық,  бәріне  тегіс 
қуаныш”, - деп жазып, Бостандық күні туды деп жар салады қазақ зиялылары 
“Қазақ” газетінде (1917, N221). 
Жоғарыда  буржуазиялық-демократиялық  революцияның  жеңісін  бір  топ 
қазақ зиялылары Минскіде қарсы алғанын айтқан едік. Олар ӛз қуаныштарын 
елге жеткізуге, жақсылықтың жыл құсындай болуға асықты. Сӛйтіп, Минскі- 
ден  телеграмма  жолдады.    Онда:  “Россиядағы  барша  халыққа  ағайындық, 
теңдік,  бостандық  күні  туды.  Жаңа  құрылған  ӛкіметті  сүйеу  үшін  қазаққа 
ұйымдасу  керек”,  -  деп  үндеу  тастады.  Телеграмма  соңында  Әлихан, 
Мирякуб,  Мұса,  Мырзағазы,  т.б.  қолы  тұрды.  Бұл  революция  езілген 
халықты  Россияның  ӛзге  озық  халықтарымен  теңгерді,  енді  артта  қалу  әр 
                                                 
18
 Сейфллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.4.-Алматы, 1988. 45-бет.
 
19
 Рыскулов Т. Избранные труды. –Алма-Ата, 1984. –С. 240 -241.
 

44 
 
халықтың  ӛзіне  сын  деп  жазды  олар.  Мұның  ӛзі  жалғыз  қазақ 
интеллигенциясы емес, бүкіл халықтың күткен күні, бостандықтың арай таңы 
деп тануы болатын. Сонау 1905 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан азаттық 
жолындағы күрес саяси бостандыққа бағытталған болса, сол бостандыққа қол 
жетуін басқаша қабылдау мүмкін емес еді. 
Қазақ зиялылары елдегі бүгінгі жағдайды бағдарлауы үшін және жоғарғы 
учредительное  собраниеге  таңдаулы  адамдарды  сайлау  үшін  жер-жерде 
облыстық  съезд  ӛткізуге  үндеді.  Торғай  облысының  съезі  2-8  апрель 
арасында Орынбор қаласында ӛтті. А.Байтұрсыновтың тӛрағалығымен ӛткен 
бұл  съезд  қазақ  ӛміріне  қатысты  мәселелерді  күн  тәртібіндегі  13  пунктке 
бӛліп  қарады.  Оның  негізгілері  –  азаматтық  комитеттер  құру,  жалпы 
қазақтық  съезін  шақыру  үшін  ұйымдастыру  бюросын  құру  (Әлихан 
Бӛкейханов  бастаған  8  адамнан  тұрады).  Бұл  съезде  қазақ  баспасӛзі  туралы 
мәселе 9-шы пунктпен қаралды.  
Сонымен  қатар,  бұл  съезд  жалпықазақ  съезін  ӛткізуге  және  жалпы 
мұсылман  қауымына  ортақ  мәселелерді  шешуге  байланысты  1-8  майда 
Москвада ӛтетін жалпымұсылман съезіне делегаттар сайлады. 
Осы  бір  кезеңде  “Қазақ”  газеті  елеулі  қызмет  атқарғанын  кӛреміз.  Газет 
ӛзінің 1917 жылдың 24 июнь күні жарияланған бас мақаласында:  “Россияда 
осы  күнде  түрлі  саяси  партиялар  бар.  Олардың  кӛздеген  мақсаттары 
программасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұмат: қай партияның 
болса да программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан 
біздің  қазақ  мақсаттарына  түгел  кӛздейтін  ӛз  алдына  партия  жасамайынша 
болмайды” деп, алғаш рет жеке партия туралы сӛз қозғайды. 
Бұл  мәселе  жалпықазақтық  тұңғыш  съезде  күн  тәртібіне  қойылып  сӛз 
болды.  Съезд  21-28  июльде  Орынборда  ӛткізілді.  Съезге  Ақмола,  Семей, 
Торғай,  Орал,  Жетісу,  Сырдария,  Ферғана  облыстарынан  және  Бӛкей 
ордасынан делегаттар келген. 
Съездің  мерзімінен  бұрын  басталу  себебін  қазақ  зиялылары 
“Учредительное  собрание  17  сентябрьде  болады,  депутаттардың  тізімін  бір 
ай  бұрын  –  17  августан  қалдырмай  тапсыру  керек.  Сондықтан  жалпықазақ 
съезінің 20 июльден кейінге қалдыру мүмкін емес”, - деп түсіндірді. 
Съезде 14 мәселе қаралып, Қазақ ӛлкесіне қатысы кӛп мәселелерді тікелей 
ӛз  бетінше  шешуге  ұмтылыс  байқалды.  Мұны  күн  тәртібінде  қаралған 
мәселелер-ақ 
айқындап 
тұр:  
1.  Мемлекет  билеу  туралы…  2.  Қазақ  облыстарына  автономия.  3.  Жер 
мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. 
Дін 
мәселесі. 
9. 
Әйел 
мәселесі.  
10.  Учредительное  собрание  сайлауына  даярлану  һәм  қазақ  облыстарынан 
депутаттар.  11.  Бүкілроссия  мұсылмандарының  кеңесі  (Шура-и-ислам).  12. 
Қазақ  саяси  партиясы.  13.  Жетісу  облыстарының  уақиғасы.  14.  Киев 

45 
 
шаһарында болатын Бүкіл Россия Федералистерінің съезіне һәм Петроградта 
болатын оқу комиссиясына қазақтан ӛкіл жіберу. 
Съезд басты-басты мынандай қаулы қабылдады. “Русия “демократическая 
парламентарная республика” болсын, Қазақ облыстары қонысына, ұлт жігіне 
қарай  облыстық  автономия  алуға  тиіс.  Қазақ  халқы  ӛзінің  еншілі  жеріне 
орнығып болғанша, Қазақ жері ешкімге берілмесін, осы күнгі дайымы ғаскер 
орнына халық милициясы құрылсын“. 
Съезде жоғарыда атап ӛткендей нақты түрде саяси партия құру туралы сӛз 
болды. Күн тәртібінің 12 пункті бойынша қаралған партия туралы мынандай 
шешімге  келді.  “Жеке  қазақ  партиясын  құру  қажет  деп  табылсын,  партия 
жобасын және программасын қорғау Шура-и-исламға сайланған делегаттарға 
тапсырылсын.  Орнықты  партия  программасын  жасағанша,  І-ші  жалпықазақ 
съезінің  қаулысы  учредительное  собраниеге  сайланған  қазақ  депутаттарына 
міндет болып есептелінетін болсын”. 
Қазақ  зиялыларының  ӛзіндік  партия  құруға  бет  бұруы,  табан  астында 
ӛзгере қалу тәсілі емес. Біріншіден, партия құру бұрыннан сӛз болып, кадет 
үлгісіндегі  партия  құруға  талап  қылып,  белгісіз  себептермен  оны  жасырын 
ұстап,  кейін  жіктеліп,  арасы  алшақтанған  қазақ  зиялылары  1916  жылдан 
бастап,  қайта  тұтастыққа,  бірлікке  келе  бастағанды.  Ендеше  бұл  бірлікті 
бекіте  түсу  үшін  бір  партия  қажет  болды.  Екіншіден,  бұл  кезде  февраль 
революциясы  әкелген  бостандық  лебі  әсерінен  кӛп  жерде  ұлттық партиялар 
ӛз істерін жандандыра бастаған еді. 
“Қазақ”  газеті  ӛзінің  бесінше  тамыздағы  санында  1-ші  жалпықазақ 
съезінің  қаулысында  кӛрсетілген  партия  жобасын  жасау  туралы 
міндеттеменің  орындалмай  жатқандығы  туралы  Жанша  Досмұхамбетовтың 
хатын жариялады. Осыған байланысты газет жалпықазақ съезінің қаулысына 
сүйене  отырып:  “Партиямыздың  аты  Алаш  болсын…  Газетамыздың 
баспахана  қызметкерлерінің  ереуіліне  байланысты  кешігіп  шығуынан, 
барлық  облыстарға  телеграмма  жіберілді…”  –  деп  алғаш  партияның  атын 
атады. 
Міне, партияның “Алаш” аталу себебі - ұзақ жылдар жасырын түрде ӛмір 
сүрген партия ӛз атын “Алаш” атты ата-баба ұранымен жарыққа шығаруында 
еді.  Қазақ  газетінің  21  қарашадағы  санында  “Алаш”  партиясы 
программасының  жобасы  жарияланды.  Жоба  жасаушылар  ретінде  қол 
қойғандар:  Ғалихан  Бӛкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов, 
Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмағамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек 
Бермұханов.  Программа  10  пункттен  тұрады.  1.  Мемлекет  қалпы.  2. 
Жергілікті  бостандық.  3.  Негізгі  құқық.  4  Дін  ісі.  5.  Билік  һәм  сот.  6.  Ел 
қорғау. 7. Салық. 8. Жұмысшылар. 9. Ғылым-білім үйрету. 10. Жер мәселесі. 
Программада  “Алаш”  партиясы  мемлекеттің  ендігі  құрылысы  жӛнінде 
жақсы  кӛзқарасын  білдіреді:  “Россия  Демократический  Федеративный 

46 
 
республика  болу.  Демократия  мағынасы  мемлекетті  жұрт билеу;  Федерация 
мағынасы  -  құрдас  мемлекетке  бірлесуі.  Федеративный  республика  һәм 
мемлекеттің іргесі бӛлек, ынтымағы бір болады, һәм қайсысы ӛз тізгінін ӛзі 
алып жүреді. 
Хүкіметті  басында  учредительное  собрание  мен  Гос  Дума  қалауынша 
кесімде жылға сайланатын президент болу… Депутаттар тегіс, тең, тӛте һәм 
құпия  сайлаумен  болады.  Сайлау  хақында:  қан,  дін,  еркек,  әйел,  талғаусыз 
бӛлу. Законды жалғыз Гос Дума шығару”… 
Оқу ағарту ісінде “Алаш” партиясы “Оқу ордаларының есігі кімге болса да 
ашық һәм ақысыз болу, жұртқа жалпы оқу жайлы, бастауыш мектептерде ана 
тілінде  оқу,  қазақ  ӛз  тілінде  орта  мектеп,  университет  ашу;  Оқу  жолын  ӛз 
алды автономия түрінде бӛлу, хүкімет оқу ісіне кіріспеу…” 
Енді  “Алаш”  партиясының  “Жер  мәселесіне”  нақты  ұсыныстары: 
“Учредительное  собрание  негізгі  закон  жасағанша,  жер  мәселесі  алдымен 
жергілікті  жұртқа  берілсін  деу…  Бұрын  алынған  жерлердің  мұжық 
отырмағандары  қазаққа  қайтарылсын.  …жерді  қазаққа  үй  басына  бәленбай, 
ауыл аймақ, туысқан табына меншіктеп алу… жер законында жер сату деген 
болмау…” 
Біздің  “Алаш”  партиясы  программасынан  осы  үш  пунктті  бӛлектеп 
алуымыздың  басты  себебі  –  “Қазақ”  тобындағылардың  ХХ  ғасырдың  бас 
кезінде  ӛз  алдына  қойған  мақсатының  “Алаштың”  да  басты  мақсатына 
айналғанын кӛрсету. Олардың мемлекеттік бірлік - ұлттық бостандық, жердің 
мемлекеттілігі  –  жергілікті  халық  иелігі,  оқу  ағарту  ісі  -  ұлттық  мектеп 
тәрізді  ӛзекті  мәселелерді  бір-бірімен  байланыста  ала  отырып,  шешуге 
ұмтылуы - қазақ елінің ұлттық мақсат-мүддесін кӛздеуден туған тура жолды 
ұсыныстар екені даусыз. Осы үш мәселені алға қоя отырып, олар ең алдымен 
бүкіл  халықтың  бостандыққа  саяси  жолмен  қол  жеткізуге  ұмтылды.  Ӛз 
уақытының үрдісінен кӛз жіберсек, 30-жылдары, кейін де “Алашқа” берілген 
таптық кӛзқарасы айқын болмады немесе үстем тапты қолдады деген жалаң 
пікірлерде негіз жоқтығы айқын болса керек. Бұған дәлелді программадан да 
табамыз:  “Алаш”  партиясы  ғаділдікке  жақ,  нашарларға  жолдас,  жәбірлерге 
жау болады”. 
“Қазақ” тӛңірегіндегі қазақ зиялылары осы бір қазақ тарихындағы ӛліара 
тұста тек партия ісімен болмай, қазақ мәдениетінің кӛтерілуіне де еңбек етті. 
Әсіресе,  оның  баспа-сӛзді  дамытудағы  еңбегін  жоққа  шығаруға  болмайды. 
“Қазақ” бағытын ұстанған бірнеше газет-журналдардың шығуына жол басшы 
болды. 
Семейде  “Сарыарқа”,  Ташкентте  “Алаш”  газеті,  соңынан  “Бірлік  туы”, 
Бӛкейлікте,  Астраханьда  “Ұран”  газеті,  Ақмолада  “Тіршілік”  газеті.  “…Бұл 
газеттер “Тіршіліктен” басқасының бәрі бір бетте болды. Бәрі Орынбордағы 
“Қазақ”  газетінің  ықпалымен  жүрді.  …Бәрінің  орталық  туы  “Қазақ”  газеті 

47 
 
болды”,  -  деп  жазды,  ол  тұстағы  “Қазақтың”  ықпал-беделі  туралы  Сәкен 
Сейфуллин. 
Яғни  1917  жылдың  аласапыранында  қазақ  зиялылары  бүкіл  саяси  ой-
жүйенің  ағымын  жолға  салып,  бар  қазаққа  кӛшелік  кӛрсетіп  отырғанын 
аңғару қиын емес. 
Қазақ халқы, сӛйтіп қазақ зиялыларының бастауымен кӛш түзей бастаған 
тұста,  1917  жылдың  25  октябрі  келіп  жетті.  Дүние  қайта  ӛзгерді.  Ӛзге 
халықтар  Россиядағы  үлкен  екі  толқынның  арасында  қалды.  Осы 
аласапыранда елдігін, жұрттығын сақтау қамымен жер-жерде республикалар 
автономия  жариялай  бастады.  Осы  тұста  халық  еркіндігін  сақтап  қалуды 
кӛздеген,  “Алаш”  ӛкілдері  автономия  жариялау,  осы  мәселені  кеңінен 
ақылдасып шешу үшін, ІІ-ші жалпықазақ съезін шақырды. Съезд Орынборда 
декабрь  айының  5-13  аралығында  ӛтті.  Оның  қаулысында  съезд  тұсындағы 
саяси  ахуал  былайша  бағаланды:  “Октябрь  айында  уақытша  хүкіметтің 
түскенін,  Русия  мемлекетінде  халыққа  сенімді  һәм  беделді  Хүкіметтің 
жоқтығынан  халық  арасы  бұзылып…  бассыздық  күшейіп,  бүкіл  мемлекет 
бүліншілікке  ұшырап,  күннен  күнге  халықтың  күйі  нашарлауын  һәм  сол 
бүлікшілік біздің қырғыз-қазақтың басына келуі ықтимал…”. 
ІІ-бүкілодақтық  съезге  81  адам  қатысты,  10  мәселе  қаралды.  “Алаш” 
автономиясын  және  бүкілқазақстандық  халық  советі  “Алашорда”  үкіметін 
құру  туралы  мәселе  қаралды.  Осыған  орай  Х.Ғаббасұлының  жасаған 
баяндамасы  талқыланды.  Қазақ  халқы  үшін  мықты  үкімет  ұйымдастыру 
жӛнінде 10 пункттен тұратын қаулы қабылданды. Съезде Алаш автономиясы 
Бӛкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарын, 
Ферғана, Самарқан облыстары мен Әмудария аймағын, Закаспий облысының 
қазақтар  мекендеген  уездерін,  Алтай  губерниясының  қазақтар  мекендеген 
облыстарын  біріктіретінін  жария  етті.  Съездің  қарар-шешімдерінде  Алаш 
автономиясындағы  бүкіл  атқарушы  үкіметті  дер  кезінде  қолға  алу  үшін 
“Уақытша  халық  кеңесі”,  яғни  Алаштың  ордасы  “Алаш  орда”  құрылғанын 
мәлімдеді. Алашорданың халық кеңесі 25 адамнан тұрды. Үкіметтегі 10 орын 
қазақ  автономиясын  мекендейтін  орыстар  және  басқа  ұлт  ӛкілдеріне  тиісті 
екендігі съезд шешімдерінде баса атап кӛрсетілді. Алашорда тӛрағасы болып 
Ә.Бӛкейханов,  құрамына  М.Дулатұлы,  Е.Омарұлы,  М.Шоқайұлы,  Х.Ғаббас-
ұлы, М.Тынышбайұлы, т.б. кірді. Оқу комиссиясына: Ахмет Байтұрсынұлы, 
Мағжан  Жұмабайұлы,  Елдес  Омарұлы,  Биахмет  Сәрсенұлы,  Телжан 
Шонанұлы сайланды. Съезде қарауға қойылған мәселелер: 1. Сібір-Түркістан 
автономиясы.  2.  Қырғыз-қазақ  автономиясы.  3.  Милиция  туралы.  4.  Ұлт 
кеңесі. 5. Оқу мәселесі. 6. Ұлт қазынасы. 7. Муфтилік мәселесі. 8. Народный 
суд. 9.Аульное управление. 10. Азық-түлік мәселесі. 
Съезде  Ә.Бӛкейханов  Сібір,  Түркістан  және  Оңтүстік  Шығыс  Одағының 
автономиясы  туралы  баяндама  жасады.  Жалпықазақтық  декабрь  съезінің 

48 
 
қаулысы “Қазақ” газетінің 23 декабріндегі санында жарияланды. Бұл қаулыда 
автономия  туралы:  “Қазақ-қырғыз”  автономиясы  “Алаш”  деп  аталсын. 
…қазақ-қырғыз  арасында  тұрған  аз  халықтардың  хұқықтары  теңгеріледі. 
Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай 
орын  алады.  Алаш  автономиясының  қол  астында  жерсіз  халықтар  болса, 
оларға  ұлт  һәм  мәдени  автономия  беріледі…  Алаш  облыстарын  қазіргі 
бүлікшіліктен  қорғау  мақсатымен  уақытша  ұлт  кеңесін  құру…”  –  деп 
кӛрсетті. 
Автономия  туралы  қаулының  1917  жылдың  аяғындағы  саяси  ахуалдың 
күрт  ӛзгеруіне  байланысты  болғанын  және  оның  уақыттың  талабына  сай 
туындаған шара екенін кӛреміз. Бұл мәселенің ӛте тартысты жағдайда ӛткені 
автономияны  бірден  жариялау  қажет  пе,  әлде  кейінірек  Түркістанды  қосып 
барып  жариялау  керек  пе  деген  мәселеде  делегаттардың  екі  жарылуынан 
байқаймыз.  Онда  автономияны  бірден  жариялауды  Халел,  Жанша,  Ғұмар 
бастаған 33 адам жақтап дауыс берсе, Әлихан, Ахмет бастаған 42 адам қарсы 
дауыс  беріп,  Мұстафа  бастаған  3  адам  қалыс  қалды.  Съездегі  осы  жағдай 
“Алаш”  партиясының  әлі  де  болса  “Жігі  ажырамастай”  бірлігі  жоқ  екенін 
байқатады.  
Алайда  осынау  аласапыран  кезде  “Алаш-Орда”  ӛкіметі  ұзақ  ӛмір  сүре 
алмады.  1918  жылдың  22  октябрь  (4  ноябрь)  күні  Бүкілроссиялық  уақытша 
үкімет “Алаш-Орда үкіметі ӛзінің ӛмір сүруін тоқтатты деп саналсын” деген 
қаулы қабылдады. 
Уақытша  ӛкіметтің,  одан  кейінгі  Сібірлік  ӛкіметтің  ешқай-сысының  да 
қазақ  үшін  бүйрегі  бұрмасын  білген  алаштықтар  неде  болса  “Нар  тәуекел” 
деп,  белең  алған  кеңес  үкіметімен  келісім  жүргізуге  әрекеттене  бастады. 
Соның нәтижесінде А.Байтұрсынов бастаған “шығыс алашордалықтар” тобы 
Совет  ӛкіметі  жағына  шықты.  Мұның  басты  себебі  Ахаң  бастаған  осы 
топтың жетекшілері ӛз жерінде ақтар мен қызылдар арасындағы қан тӛгістен 
жазықсыз  қазақ  ұлтының  жапа  шекпеуін  ойлаған  еді.  А.Байтұрсынов 
бастаған  “алашорда-лықтардың”  бұл  саяси  акциясына  кейінгі  зерттеулерде 
берілген,  солақай  бағалардың  бірінде  былай  делінген:  “Тургайская  группа 
“алашординцев”,  возглавлявшаяся  Байтурсыновым  в  своей  борьбе  против 
социалистической  революции  прибегали  к  вероломству:  “алашординцы” 
заявили  “о  признании”  ими  советской  власти  и  начали  переговоры  в 
советским командованием”
20

Ал  бұл  оқиға  туралы  осы  бір  аумалы-тӛкпелі  кезеңнің  куәгері 
Ә.Жангелдин 
РСФСР 
Орталық 
Атқару 
Комитетінің 
Уақытша 
Комиссиясының  мүшесі  Н.А.Кобзевқа  басқаша  жазады:  “Әлгінде  ғана 
бұрынғы  контреволюционерлер  тобы  уәкілдерімен  тікелей  байланыспен 
                                                 
20
  Победа  Великой  Октябрьской  революции  в  Казахстане  и  образование  Казахской  АССР  (Сб.  Документальных  материалов).  –Алма-
Ата, 1947.-С.33.
 

49 
 
сӛйлестім. Олар - қырғыз-қазақ интеллигенциясының әр облыстан келген 50 
адамы…  Совет  ӛкіметін  мойындау  және  қару-жарақтарды  тапсыру  үшін 
Торғайға  жиналып  отыр.  Олардың  арасында  кӛпшілік  ұйғарымына  мойын 
ұсынбай,  түземдіктерден  құралған  полкты  соңынан  ертіп  кетпекші  болған 
қазақ  офицерлері  де  болды...  Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  облыстарының 
ӛкілдері де бар. Олармен ӛзімнің кездесуім орынды деп білемін. Енді қырғыз 
(қазақ)  ӛлкесі  жұмысшылар  мен  шаруалар  туының  астында  бас  қосты  деп 
анық айтуға болады
21
.   
1919  жылдың  2  апрелінде  Әлихан  Бӛкейханов,  Халел  Ғаббасов,  Әлихан 
Ермековтер  тӛте  сым  арқылы  Ленинмен,  Сталинмен  сӛйлеседі.  Бұдан  соң 
“батыс  алашорда”  тобының  Кеңес  үкіметі  жағына  ӛтуі  қарастырыла 
бастайды.  “Алаш  Орда”  ӛкіметі  мен  Алаш  партиясы,  жалпы  қазақ 
зиялыларының  арасында  Ахмет  Байтұрсыновтың  беделінің  зор  екенін,  ӛте 
сыйлы  қайраткер  екенін  білетін  Әскери-Революциялық  Комитет  Жанша 
Досмұхамбетов 
тобымен 
келіссӛз 
жүргізуді 
А.Байтұрсынов 
пен 
М.Тунғаншинге  тапсырады.  Осы  тұста  қазақ  халқының  совет  ӛкіметі 
қоластына  бірігуіне  А.Байтұрсыновтың  ӛзіндік  кӛзқарастары  болғаны  анық 
байқаймыз. 
Мәселен,  1919  жылдың  27  октябрінде  Түркістан  майданы  әскери 
революциялық  Советі,  Ерекше  Түркістан  комиссиясы  және  Бірінші 
Армияның  әскери  кеңесінің  қатысуымен  ӛткен  Әскери-Революциялық 
комитеттің мәжілісінде Қырғыз (Қазақ) халқының бірігуі мен олардың Совет 
үкіметі  жағынан  шығуы  жайлы  мәселе  қаралады.  Осы  мәжілісте  қазақ 
халқының  Совет  жағына  шығуына  байланысты  А.Байтұрсынов  бірнеше 
талаптар  қояды.  Кӛрнекті  революционерлер  “Элиава,  Куйбышев,  Зиновьев, 
Рудзутак, т.б. қатысқан бұл келіссӛзде Байтұрсынов талаптары тӛмендегідей 
еді.  Бұл  талаптарды  біз  мәжілісхат  бойынша  беріп  отырмыз:  “Тов. 
Байтурсынов предложил 1. Проявить самостоятельное действие Киргизского 
ревкома  так,  чтобы  киргизы  ясно  видели,  что  советская  власть  дала 
киргизскому  народу  действительное  автономное  самоуправление,  а  не 
фиктивное. 2. Объявить всем киргизам, в том числе тургайским и Уральским 
группам  алашординцев,  борощимся  против  Советской  власти  на  стороне 
белых,  амнистию  на  случай  перехода  их  на  сторону  Советской  власти,  и  3. 
Принять  меры  к  тому,  чтобы  Советская  власть  на  местах  проявляла  самое 
благоразумное, обеспечивающее доверие народа тем самым способствовала к 
переходу  на  сторону  Советской  власти  тех  которые  находятся  на  стороне 
белых и относятся к советской власти с недоверием”
22

А.Байтұрсыновтың  осы  орынды  талаптары  мен  табанды  күресінің 
нәтижесі  ВЦИК  қаулысының  қабылдануына  әсер  етті,  ал  1919  жылдың  31 
                                                 
21
 Жангелдин Ә. Документтер мен материалдар. №36 документ.
 
22
 Мартыненко Н. Алаш –Орда (Сб. документов), документ №62.1-С.142.
 

50 
 
октябріндегі  қаулысы  бойынша  Қазақ  даласын  басқару  жӛніндегі  Әскери-
Революциялық  Комитет  оларға  Совет  жағына  шыққаннан  соң  амнистия 
жариялау  туралы  шешім  қабылдады:  “Поручить  президиуму  обратиться  в 
Туркфронт  с  просьбой  объявить  амнистию  всем  киргизам,  в  том  числе 
Уральским и Тургайским группам алашординцев…”. 
Жалпы,  осынау  қиын  заман  кезеңінде  Қазақ  зиялыларының  ұстанған 
бағыты  елдің  демократиялық  жолмен  дамуы  еді.  Сондықтан  да,  олардың 
кӛпшілігінің  кӛзқарасы  кеңес  үкіметінің  кӛзқарасымен  сәйкес  келмеді. 
Әрине,  қазақ  зиялылары  негізін  құрайтын  Алаш  партиясының  кеңестік 
үкіметті мойындамауын біркездегі кінәлау – бір жақтылық танытатын жалаң 
пікір екендігі бүгінде дәлелденді.  
Алаш  партиясы  мен  Кеңес  үкіметі  арасындағы  қатынасқа  екі  жақты 
кӛзқарас тұрғысынан келу керек. Егер, Алаш партиясының негізі тым әріде, 
1905  жылдарда  жатыр  деп  есептейтін  болсақ,  большевиктер  партиясымен 
теориялық  пікірлерінде  алшақтық  бар  екенін  кӛреміз.  Ал  бұл  идеядан 
тәжірибеге 
ауысқан 
сәтте 
большевиктер 
саясаты 
алаштықтарды 
шошындырмай тұра алмады. Себебі, кеңестік ӛкімет Алашқа топтасқан қазақ 
зиялыларының  ең  негізгі  мақсатының  тамырына  балта  шапты.  Саяси  күш 
ретінде  пайда  болған  күннен  бастап,  ел  тұтастығына,  ұлт  азаттығы 
жолындағы  күресте  бірлікке  ұмтылған  қазақ  зиялыларына  большевиктер 
саясаты алаштықтарды шошындырмай тұра алмады. Себебі, кеңестік ӛкімет 
“Алашқа”  топтасқан  қазақ  зиялыларының  ең  негізгі  мақсатының  тамырына 
балта  шапты.  Саяси  күш  ретінде  пайда  болған  күннен  бастап,  ел 
тұтастығына,  ұлт  азаттығы  жолындағы  күресте  бірлікке  ұмтылған  қазақ 
зиялыларына  большевиктік  идеологияның  таптық  жіктеуі  арқылы  бір 
халықты екіге бӛліп, таптық күреске ұластыруы, сӛйтіп, бостандық, азаттық 
күресіне енді бірігіп келе жатқан халыққа үлкен бүліншілік әкелуі, кері әсер 
етті. 
Біздің  бұл  ойымызды  1918  жылы  жазған  А.Байтұрсыновтың  мына  бір 
сӛздері  бекіте  түседі:  “Біз  тізгінімізді  ӛзіміз  алып,  ӛз  ұлтшылдығын  ӛзі 
сақтайтын  жұрт  болу  үміті  үстінде  тұрмыз.  …Келген  дәуірдің  амал-ісін 
танып,  қадірін  біліп  қайталанбай  қалап,  соңынан  ӛкініп  жүрмелік.  Ӛткен 
дәуір,  ӛткен  ӛмір  сияқты  бір  келген  күйінде  қайта  айналып  келмейді.  Осы 
жағын  естен  шығармай  тез  іске  кірісу  керек...”
23
.  “Асығу  керек”  атты  бұл 
мақала  сол  тұстың  шындығын,  “Алаш”  ойын  дәл  береді.  Олар  бұл  ойдан 
ешқашан  да  ажыраған  емес.  Кейін  қолдан  келер  қайран  жоқ  болған  соң, 
лажсыз кӛп нәрсеге қайта қарап, “қателіктерін” мойындады. Оларды бұндай 
қадам жасауға мәжбүр еткен де ел қамы, ел тыныштығы, ел бақыты болатын. 
Бірақ, жұртының кӛрер зобалаңы алда тұрғанын кеш білді. 
                                                 
23
 Абай журналы, 1918. №7.
 

51 
 
Қазақ зиялылары 1916 жылдың қасіреті соққанда ел қамын кӛздеп, 6 млн. 
халықтың  мылтықтың  оғы  мен  зеңбіректің  добынан  қырылып  кетпесі  үшін 
ереуілдеген  ер  азаматты  ақылға,  тыныштыққа  шақырып,  дабыл  қақты.  1917 
жылдың қара бұлт арасынан жалт еткен бостандық сәулесін сезінісімен, олар 
сол  бір  бостандық  әлеміне  ӛз  халқын  бастай  жӛнеліп,  елінің  елдігін,  қазақ 
ұлтының  ұлттығын  сақтап,  ӛзгелермен  терезесі  тең  болуы  жолында 
азаттықты  ту  кӛтеріп,  күреске  шықты.  Сол  тұста  бірлікке  келген  қазақ 
зиялылары қай уақытта, қай кезеңде болмасын туралық жолдан таймауға, әл-
қадірінше  замана  ауанына  қарай,  ұйтқи  соққан  саяси  дауылдың  бағытын 
аңғарып  ғана  қоймай,  оның  зұлматты  жойқын  күшін  де,  оң  ӛзгерістерге 
бастайтын лебін де неғұрлым дәл бағдарлауға тырысты. Сол арқылы халқына 
мүмкіндігінше  аз  қасірет,  кӛп  жақсылық  әкелуге  тырысты.  Ӛздері  халыққа 
пайдасыз, теріс деп түсінген саяси бағытты үнемі шеттетіп отырды. 1917-нің 
октябріндегі  тӛңкерісті  мойындамай,  оған  қарсы  шығуы  да  сондықтан  еді. 
Табиғи  қажеттілігі  жоқтығы  қоғамдық  даму  процесінің  шындығынан 
туындайтын  бұл  тӛңкерісті  тек  қазақ  зиялылары  ғана  емес,  қоғамдық 
қатынастың белгілі бір даму дәрежесіндегі қазақ халқы да қабылдамаған-ды. 
“Ақ пен қызыл” айқасқан аумалы-тӛкпелі заман ӛтіп, артта қалған тарихи 
кезеңге  байыпты  ой  жіберіп,  талдайтын  кез  туған  бір  сәтте  А.Байтұрсынов 
қабылдамаудың  себеп-салдарына  үңіліп,  сырын  ашады.  1919  жылы  “Жизнь 
национальностей”  газетінде  жарияланған  “Қырғыздар  мен  революция”  атты 
мақаласында  тарихи  объективтік  себептерді  де  және  қазақ  зиялыларының 
кӛзқарасына  қатысты  субъективті  себептерді  де  келтіріп,  тарихи  әлеуметтік 
шындықты  ашады.  Сондықтан  да  сол  мақаладан  біз  ұзағырақ  үзінді 
келтіргенді жӛн кӛріп отырмыз. 
“Насколько понятна была киргизам февральская революция, настолько же 
не понятней показалась им октябрьская (социальная) революция. 
С какой радостью встретили они первую революцию, с таким же ужасам 
пришлось  им  встретить  вторую.  Такое  отношение  киргизов  к  той  и  другой 
революции  весьма  естественно  и  понятно  тем,  кто  знаком  с  киргизским 
народом. Первая революция была правильно понята и с радостью встречена 
киргизами,  потому  что  во-первых,  она  освободила  от  гнева  и  насилия 
царьского правительства и, во вторых, подкрепила у них надежду осуществит 
свою заветную мечту управляться самостоятельно. 
Но,  что  вторая  революция  показалась  киргизам  непонятной,  объясняется 
просто:  у  киргиз  нет  ни  капитализма,  ни  классовой  дифференциации 
(подчеркнуто  нами  Ӛ.Ә.);  даже  собственность  у  них  не  так  резко 
разграничено  как  у  других  народов:  Многие  предметы  потребления 
считаются у них общественным достоянием. Наводила  же на киргизов ужас 
октябрьской  революции  своими  внешними  проявлениями.  Как  происходило 
большевитское  движение  в  центральной  части  России,  -  киргизам  было 

52 
 
неизвестно.  На  окраинах  же  оно  сопровождалось  по  всюду  насилиями  и 
грабежом,  зло-употреблениями  и  своеобразной  диктаторской  властью. 
Говоря короче, движение на окраинах представляло (собою не революцию), 
как обычно она понимается, а полнейшую анархию”.
24
 
Қазақ зиялыларының кӛшбасшысы А.Байтұрсынов тарихи кезеңдегі саяси 
жағдайды, оған деген халықтың кӛзқарасын тайға таңба басқандай нақты да 
дәл  кӛрсете  білді.  Осы  тарауда  сӛз  болған  Қазақ  зиялыларының  тарихи 
қызметі  де,  олар  ұстанған  ӛзгеше  жол,  ӛзіндік  бағытта  Ахметтің  жоғарғы 
пікірлерінің дәлеліндей. 
Ұлтының  азаттығы  мен  тәуелсіздігі  жолындағы  қазақ  зиялыларының 
жанқиярлық күресі – ХХ ғасырдың басындағы шынайы ел мүддесін кӛтерген 
еді.  Әрине,  бес  саусақ  бірдей  емесі  секілді  түрлі  кӛзқарас  қайшылықтары 
болды.  Бірақ  ұлт  қамын  ойлаудан  оған  деген  ӛзіндік  ой-түсінік  тұрғысына 
қараудан  туған  мұндай  қарама-қайшылықтар  ұлы  мақсатқа  келгенде  кӛбіне 
бірлікке  жетелеп  отырды.  Оған  1905,  1916,  1917  жылдардың  тарихи 
оқиғалары куә. Иә, замана деген алып диірмен, ол кейде апай-топай етіп езіп-
жаншып  жіберуі  мүмкін.  Тарихи  құбылыстың  сондай  сәттерінде  қазақ 
зиялылары  бірлік  таныта  алмаса,  оған  кінәлі  –  уақыт.  Ал,  ақ-қарасын 
айыратын кейінгі ұрпақ.  
ХХ  ғасырдың  басындағы  осынау  жылдарда  қазақ  халқы  қаншама  тарихи 
оқиғаларды,  ӛзгерістер  мен  толқуларды  басынан  ӛткерді.  Замана  дауылы 
алып  Ресейдің  ӛзін  қаңбақша  дӛңгелеткен  де,  қазақ  халқына,  әрине,  оңай 
болмады. Осынау арпалысты жылдарда, кеңестік дәуірдің алғашқы тұсында 
әдебиет  керемет  дамыды  десек,  ӛтірік  айтқандық  болар  еді.  Осы  бір  үзік 
кезең әлденені күткен,  әліптің артын бағып, іштен тынған кезең еді. Әрине, 
творчество адамы қандай кезең болса да жазбай отыра алмайды, бірақ жеке 
жазу бар да оны ел тану бар, шығармашылық ізденіс бар да бір арнада тоғысу 
бар.  Міне  осыларға  мүмкіндік  болмады.  Ал  бұл  кезеңдегі  жеке 
шығармашылықтар туралы жеке авторларға тоқталған кезде айтамыз. 
Жалпы, жоғарыда сӛз болған үш бағыт тұрғысынан келгенде тоқыраудың 
болғаны  рас.  Әсіресе  1917-18  жылдары.  Ӛйткені  кеңес  ӛкіметі  орнай  сала, 
“дін  апиын”  деген  ұранды  жалау  қылып  кӛтерді.  Мұндай  жағдайда  діни-
ағартушылар шығарма жазбақ түгілі басымен қайғы болып кетті. Ағартушы-
демократтар  ӛзгерістерге  орай  айтыс-тартысқа  еніп  кетіп,  саясаттың 
шырмауына  ілінсе,  ұлт-азатшылдар  17-18  жылдары  ат  үстінде,  күрес 
жолында  жүрді.  “Аттың  жолында,  түйенің  қомында”  туған  шығармалардың 
бір  қайнауы  ішінде  болары  анық.  Кӛбі  кейіннен  қайта  ӛңдеуден  ӛтіп 
ұсынылды. 
Ал,  20-жылдан  бастап  белең  ала  бастаған  әдебиет  екі  идеологияның 
талқысына  түсті.  Айтыс-тартысқа  ұласты.  Ұлт-азатшылдар  кӛбі  қазақ 
                                                 
24
 Жизнь национальностей, 1919. №29,  2 август
 

53 
 
Қазақстанда  қалмай  Түркістан  кетті.  Одан  да  байыз  таппады.  20-30 
жылдардағы  бұрынғы  мен  “жаңа”  кӛзқарастар  айқасы  –  жеке  кезең  ретінде 
алынып қаралатын, ӛзге арнаның әңгімесі. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет