Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту Тәрбиеші : Құдайбергенова Г. Д. Павлодар 2014 «Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту»



бет1/12
Дата07.01.2022
өлшемі32,58 Kb.
#16858
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
0000f96b-2f0d1d7c


Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаладар Білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №7 бала бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны



Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту

Тәрбиеші : Құдайбергенова Г.Д.

Павлодар 2014

«Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту»

Павлодар қаласы №7 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Құдайбергенова Гүлдана Дүйсенбайқызы



«...Айтсаң – ұмытармын, көрсетсең – еске сақтармын, татқызсаң – түсінермін...»қытай халық мақалы

Қазіргі заман талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте өз өмірлерінің, олардың жастық қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары қабілеттеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тәрбиеленуде және де осының арасынан дұрыс бағыт тауып өз кірген ортасында негізгі бейімділік тауып әрқашан өзгерістерге бейімділікпен тәрбиеленуі қажет.

Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, педагогтер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез-келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу әрекеті – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өңдеу қағидаларын анықтаған. Тәрбиешінің ғана қолынан келетін нәрсе – ол балалардың ісініне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай астыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, балаларға берілетін тапсырмалардан ерекше тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, дидактикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын үстемдеу, сұрақтармен мәселерді шешуді, өз бетімен іс істеуге үйрету, зерттеуге баулу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет