Мемлекет Билеушінің лауазымы


Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов



бет17/17
Дата27.12.2022
өлшемі272,6 Kb.
#59829
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов,
Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмiрi мен қоғамдық қызметiне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады.

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС:
Мәлiк Ғабдуллин
Төлеген Тоқтаров
Бақтыораз Бейсекбаев
ЛЕНИНГРАД ТҮБІНДЕГІ
ШАЙҚАС:
Сұлтан Баймағамбетов
Дүйсенбай Шыныбеков
СТАЛИНГРАД ТҮБІНДЕГІ
ШАЙҚАС:
Ғани Сафиуллин
Нұркен Әбдiров
Жәнiбек Елеусiзов
Қарсыбай Сыпатаев
I.Айтықов
Қойгелдi Аухадиев
Толыбай Мырзаев
БЕРЛИН ОПЕРАЦИЯСЫ
Сағадат Нұрмағамбетов
Х.Қайдауов
И.Я.Съянов
Г. Булатов
Рақымжан Қошқарбаев
З.Тұрарбеков
Х. Көбеков
Талғат Бигелдинов,
А.Еремеев
Н.Шелихов
Қ.Мәденов
Р.Қараманов
ХVІІ –ХІХ ғасырларда салынған бекіністер мен округтер

1640 ж. Гурьев (Атырау)

1716 ж. Жәміш (Ямышевск), Омбы

1717 ж. Железинка, Колбасинская

1718 ж. Семей (Семипалатинск)

1720 ж. Павлодар, Өскемен, Черноярковская, Коряковская, Черногорская, Обинск, Осморыжск

1735 ж. Ор (Орск)

1743 ж. Орынбор

1752-55 жж. Петропавл (Қызылжар) Звериноголовская, Пресновская

1761 ж. Бұқтырма

1771-72 жж. Жайық, Кулагин

1824 ж. Көкшетау, Қарқаралы

1826 ж. Баянауыл

1827 ж. Көкпекті

1831 ж. Аягөз (Сергиополь)

1832 ж. Ақмола

1833 ж. Үшбұлақ

1834 ж. Аманқарағай

1845 ж. Ырғыз, Торғай

1846 ж. Атбасар

1847 ж. Қапал , Ақтау , Алатау

1853 ж. Перовск - Ақмешіт (Қызылорда)

1854 ж. Верный (Алматы)

1855 ж. Лепсі
1859 ж. Қастек
1866 ж. Зайсан
1869 ж. Ақтөбе

ХVІІ –ХІХ ғасырлардағы көтерілістер
1773-1775 ж.ж. – Емельян Пугачев 1783-1797 ж.ж. – Сырым Датұлы 1797-1814 ж.ж. – Қаратай сұлтан 1823-1837 ж.ж. – Ж.Тіленішұлы 1824-1836 ж.ж. – Саржан сұлтан 1826-1838 ж.ж. – Қайыпқали 1836-1838 ж.ж. – И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы 1837-1847 ж.ж. – Кенесары Қасымұлы 1843-1860 ж.ж. – Жанқожа батыр 1856-1858 ж.ж. – Есет батыр
ТАРИХТАҒЫ АТТАС ТҰЛҒАЛАР

ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

Әбілқайыр хандығының («Көшпелі өзбектер хандығы») ханы (1428-1468)

Кіші жүздің ханы (1710-1748)

1) Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы
2) Ақ Орданың ыдырауына байланысты басталған феодалдық тартыста жеңіске жетіп, 1428 жылы хан сайланады.
3) ХV ғ. 40-жж. Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады.
4) 1431 жылы Екіретүп деген жерде Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқаста жеңіске жетеді.
5) 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңіп, Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алады.
6) 1456-1457 жж.Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады.
7) 1468 жылы Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарын жазалау мақсатында Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Сол жорықта қайтыс болады

1) 1710 жылы Қарақұм құрылтайында Әбiлқайыр ханға бүкiлхалықтық жауынгерлiк жасаққа жалпы басшылық ету сенiп тапсырылды.
2) 1723 жылы 20 мың жауынгерi бар жасақты бастап, Едiл бойындағы қалмақтарға қарсы бiрнеше жеңiстi жорық жасады
3) 1724 ж көктемде Түркiстандыжоңғарлардан азат еттi.
4) 1726 ж. күзде Ордабасы құрылтайында бүкiлқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды.
5) 1730 жылғы көктемде болған Аңырақай шайқасына тiкелей басшылық еттi.
6) 1723–1724 жылдары Әбiлқайырдың әскерлерi Жайық пен Едiлдiң екi ортасындағы бүкiл аумақты басып алды.
7) 1730 жылғы қыркүйекте Әбiлқайыр жіберген елшiлiгi (батыр Сейiтқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы) Петербургке келіп, Ресейдiң қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтiнiштi табыс еттi.
8) 1731 ж. 10 қазанда Әбiлқайыр хан Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады.
9) 1748 жылы өзiнiң саяси қарсыластарының (Барақ сұлтанның) қолынан қаза тапты.

ТАРИХТАҒЫ АТТАС ТҰЛҒАЛАР

Шығай хан

Қазақ хандығының ханы
(1580-1582)

Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) ханы
  • Әз-Жәнібектің немере інісі
  • Тәуекел (1582-1598)

  • мен Есім (1598-1628) хандарының әкесі
  • Бөкей хан өлгеннен кейiн

  • (1815 ж.) Шығай сегiз жылдай Бөкей ордасында хан болған.
    2) Күйшi, сазгер, домбыра
    өнерiндегi лирикалық бағыттың негiзiн салушы Дәулеткерейдің (1814-1887) әкесi

ТАРИХТАҒЫ АТТАС ТҰЛҒАЛАР

ЕСІМ ХАН

Қазақ хандығының ханы (1598-1628)

Кіші жүздің ханы (1795-1797)

1) Тәуекел ханның інісі және оның тақ мұрагері
2) 1613-1614 жж шамасында Тұрсын Мұхаммед өзін хан деп жариялайды, сөйтіп елде саяси бытыраңғылық орын алып, Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын хан Ташкент қаласында билік жүргізеді.
3) 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқан) алғашқы қазақ-бұхар шайқасы өтіп, Есім хан жеңеді
4) 1611 жылы Есім хан қазақтың қалың қолы Ташкент түбінде Имамқұли хан басқарған бұхар әскерін жеңеді.
5) 1627 жылы Есім ханның Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанғанын пайдаланып, Тұрсын хан Түркістанды шабады. Бұны естіген Есім хан барлық әскерімен Ташкентке қарай бет бұрды. Есім хан Тұрсын ханды және оған ілескен Қатаған руын жазалады.

1) Нұралы ханның ұлы, Әбілқайыр ханның немересі
Есiм сұлтан 1795 жылы хан болды.
2) 1797 жылдың көктемiнде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтiредi.

ТАРИХТАҒЫ АТТАС ТҰЛҒАЛАР

ЖӘНІБЕК ХАН

Алтын Орда ханы
(1342-1357)

Қазақ хандығының ханы
  • Өзбек ханның баласы
  • Алтын Орданың ерекше күшейіп, гүлденген кезі

  • Ақ Орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпағы (Ақ Орда ханы Барақ ханның бел баласы)
  • Қазақ хандығының негізін қалаған екі сұлтанның бірі
  • 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Қозыбасы мен Шуға келіп қоныстанып, Батыс Жетісуды құтты мекен еткен. 1458 жылы көктемде Керей сұлтан хан сайланып, Қазақ хандығы құрылған.
  • ХV ғасырдың 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алды. Қазақ хандарының сыр бойында,ы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30-жылдан астам уақытқа созылды.
  • 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.

ТАРИХТАҒЫ АТТАС ТҰЛҒАЛАР

БАРАҚ

Ақ Орда ханы

Cұлтан
  • Жоңғарларға қарсы күреске қатысады
  • Кіші жүз ханы Әбілқайырдың саяси қарсыласы

ТАРИХТАҒЫ АТТАС ТҰЛҒАЛАР

ЖӘҢГІР ХАН

Қазақ хандығының ханы
( 1628-1652)

Бөкей Ордасының соңғы ханы (1824-1845)
  • Қазақ халқы жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады.
  • Жәңгір ханның билігі кезінде қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643, 1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды.
  • 1643 жылы – Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан 600 жауынгерімен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.
  • Жәңгір хан (1801-1845) - Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор
  • Кәмелетке жеткенше Астрахан губернаторы Андреевскийдiң үйiнде тұрды. Қазақ тiлiмен қатар орыс, араб және парсы тiлдерiн бiлдi.
  • 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды
  • 1827 жылы Хан ордасының негiзiн қалады.
  • Билер сотының өкiлдiгiне едәуiр шек қойды. Аймақ билеушiсi «тархандық» жүйесiн енгiздi.
  • 1832 жылы Бөкей хандығының өз жәрмеңкесiн ұйымдастырды
  • 1835 жылы Жәңгiр ханның тiкелей нұсқауы бойынша мешiт ашылды.
  • 1841 жылы алғашқы зайырлы мектеп ашты.
  • Барлық жерде iс қағаздарын жүргiзу тәртiбiн енгiздi, жеке өзiнiң мұрағат қызметiн құрды.
  • Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi. Iшкi Ордада аурухана және дәрiхананы ашты.
  • Iшкi Орданың топонимикалық және географиялық картасын жасатты.

  • Саясатының теріс тұсы:
    Қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы, салықтың ауыртпалығы әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1836–1838 жылдары Бөкей хандығында аса iрi халық-азаттық көтерілістерiнiң бiрi –Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс болып өттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет