Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің негізгі міндеттері. ҚҰжат оның Қызметі



Дата18.11.2023
өлшемі19,74 Kb.
#124710

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ЖҮРГІЗУ ПӘНІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ. ҚҰЖАТ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы түсінік.


Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының жүргізілуі.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады, олардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор.
Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Іс қағаздарын жүргізу – басқару үдерісінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру үлкен жауапты іс.
«ІС ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ» ПӘНІНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
1) Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін таныту;
2) Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету;
3) Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту;
4) Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттарымен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюінеолардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету;
5) Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ:
1) Республика көлемінде қазақ халқының үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсуі;
2) Республиканың барлық өңірінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы;
3) Көпұлтты ауыл – село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақ халқы болғандықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы;
4) Қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі;
5) Мемлекеттік тілді жете меңгеріп, қажетті құжаттарды қазақ тілде еркін қолдана білуі.
Іс қағаздарының стилі.
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т.б. Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың не ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет