Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет16/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   206
АТМОСФЕРАДАҒЫ АЙНАЛЫМ – Жер шарын қоршап тұрған 
бүкіл 
ауа 
қабатының 
қозғалыс 
жүйесі, 
яғни ауа 
массасының кӛлденең және тік бағытта алмасуына себепкер 
болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы. Жердің тәуліктік 
айналуы, Күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне 
біркелкі 
таралмауы, мұхиттар мен 
құрлықтардың 
ӛзара 
орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды 
тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын 
араластырып, 
ылғал 
тасымалдайды, 
нәтижесінде ауа 


райы ӛзгереді. Тропосфера қабатында 
оған
циклон  
және 
 антициклонмен 
тығыз 
байланысты пассаттар мен муссондар, 
тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны ӛте 
қатты жүретін тӛменгі қабаттары жатады.Атмосферадағы айналым 
бірнеше ірі кӛлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең 
ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар
атмосферада 
кіші 
кӛлемді 
жергілікті 
ауа 
айналымдары 
(бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті  құйындар 
(тромб,  торнадо, қарадауыл) да байқалады.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АКУСТИКА — акустиканың атмосферада 
дыбыстың пайда болуы мен таралуын, сондай-ақ атмосфераның 
қасиеттерін зерттейтін бӛлімі. Дыбыс толқындары бос атмосферада 
таралған кезде, олар ауаның жылу ӛткізгіштігі және тұтқырлығы 
әсерінен жұтылады (яғни ӛшеді); дыбыс жиілігі неғұрлым жоғары, 
ал атмосфера тығыздығы неғұрлым аз болса, дыбыс толқындары 
соғұрлым күштірек жұтылады. Ал құлаққа естілмейтін, жиілігі ӛте 
тӛмен дыбыс (инфрадыбыс) нашар жұтылатындықтан, ол бірнеше 
мыңдаған км-ге дейін еш ӛзгеріссіз тарай алады. Кӛптеген 
атмосфералық және Жер беті мен астында ӛтетін құбылыстар — 
дыбыс толқындарының табиғи кӛзі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет